-->

Сұхбат тэг бойынша мұрағат

Баянғали ӘЛІМЖАНОВ: БІРСАРЫНДЫЛЫҚТЫ ЖАНЫМ ЖЕК КӨРЕДІ

Ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы, манасшы, кинорежиссер, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы секілді бір басына сан түрлі өнерді тоғыстырған Баянғали Әлімжанов ағамызбен әдебиет әлемі жайында кең отырып әңгімелескен едік. Рингтегі бокс емес – Аға, мен сізді бәйге тілеп тұратын тұлпардай көз алдыма елестетуші едім. Қазір дулы ортадан көп көрінбейсіз… – Рақмет, айналайын! Көп көрінбеймін деп айта алмаймын. Сол қалың елдің ортасында ғұмыр кешіп келемін. Астанада тұрамын. – Биыл он екі томдығыңыз шығып, соны елордадағы Ұлттық академиялық кітап­ханаға тапсырдыңыз. Әңгімені содан өрбітсек… – Менің шығармашылығым сан-салалы жанрды қамтиды. ... Толығырақ оқу →

Ербол ТІЛЕШОВ, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры: ТІЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ ЕМЕС, ҚЫЗМЕТІ МАҢЫЗДЫ

– Жақында ғана Абай.kz ақпараттық порталында жарияланған «Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеу­ге болады» деген пікіріңіз желі қолданушылардың  наразылығын тудырды. Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде орнығуына қарсы адамдардан «Қазақ тілі қолдануға ыңғайсыз, өте қиын тіл» деумен келе жатқаны да бізге мәлім. Миллиондық тіл тобына кіретін бай тілімізді басқаша үйретуді қашан қолға алдыңыздар? Жалпы «137 сөз» деген қайдан шықты? – Қай тілді оқыту әдістемесі болсын, ең алдымен, тілдің мыңдаған, жүз мыңдаған байлығының ішінен күнделікті қолданысқа, тұрмысқа, қарым-қатынастың басқа да түр­леріне қатысты етіп іріктеп алы­нады. Тілдің байлығы бар да, қызметі бар. Біз ... Толығырақ оқу →

Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері: ҮНДЕМЕЙ ҚАЛСАМ, СЕН, КЕШІРМЕ!

Әкемнің мектебі – «Беу, далам, қызыңмын, еркемін, Құлпырам гүлің боп төсіңде. Елжірей саған сыр шертемін, Үндемей қалсам, сен, кешірме» деп өзіңіз жырлаған едіңіз. Сізді көбі тіке айтатын, өткір мінезді адам дейді ғой. Өз пайдасын ойламай, халықтың мүддесін түгендеп жүреді дейді. Шынымен, үндемей қалған кезіңіз жоқ па? – Ғабит Мүсірепов ағамыз: «Халқының қорғаушысы да, қамқоршысы да, жанашыры да – жазушы. Адамзаттың адалдығы үшін күрес, ел билейтін пенденің ойының адаспауы үшін, қара жердің тазалығы үшін күрес» депті. Мен өзімнің жеке басыма қарата айтылған әділетсіз пікірлерді үндемей қабылдауым мүмкін, ал халыққа жасалынып жатқан ... Толығырақ оқу →

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Ақиқатты тану – өзіңді тану

Елордамызда түрлі салаларда еңбек етіп жүрген, қоғамның аяқ алысын жіті бақылап отыратын өрелі азаматтарымыз көп-ақ. Солардың бірі – Еуразия ұлттық университетінің профессоры, белгілі қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел ағамызбен сұхбаттасқан едік. – Ұлт тәрбиесі теледидарға, интернетке көшкен заман болды ғой. Жақында ғана Мырзатай Жолдасбеков көгілдір экрандағы келеңсіздіктерді сынға алды. Біздіңше, оны сынға алып қана қоймай, сол тығырықтан шығатын жолды да көрсету керек. Әлде бізде ондай адамдар жоқ па? – Кезінде «Нұр Астана» деген әп-әдемі газет болды. Сонда «Телесағыз» деген мақалам шыққан. Мына бестомдық кітаптарымды шәкірттерім шығарды, соның 5-томында бар. Сол мақала ... Толығырақ оқу →

Спорт қаласына серпінді қадам

Алдағы жылдары Астананың даму бағыттарын «20 нақты бастама» айқындамақ. Елорданың 20 жылдығына қарай нық қадамдармен бастайтын ілкімді істер осы бастан қолға алынып жатыр. Осының аясында келесі апта салауатты өмір салты және бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын түсіндіруге арналды. Бұл жөнінде бізге Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев кеңінен әңгімелеп берді. Астана – 61-орында – Сөзіміздің басында бүгінгі таңда дене шынықтыруды дағдыға айналдырған астаналықтардың үлесі жөнінен елорда қай деңгейде екеніне тоқталып өтсек. Бір анығы, бұл тұрғыда Алматы және тағы басқа қалалар біздің шаһардан көш ... Толығырақ оқу →

Астанада мемлекеттік тілді үйрену қажет деп санайтындардың үлесі – 95 пайыз

Өткен жылы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстарды жүргізді. Бұл жұмыстар бірнеше бағытқа бөлінді. Былтыр атқарылған жұмыстар жөнінде аталмыш басқарма басшысы Тілеуғали ҚЫШҚАШБАЕВПЕН сұхбаттастық.  ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ – Тілеуғали Әшірбекұлы, өткен жылы өзіңіз басқаратын басқарма біраз шара өткізген сияқты. Олардың барысы туралы газетімізде жазылды. Десек те, сол шаралардың қоры­тын­дысын шығаратын уақыт келген секілді. – Жалпы алғанда былтыр елор­дада барлығы 23 іс-шара ұйымдастырдық. Олардың қата­рында 1 дөңгелек үстел мәжілісі, мем­­лекеттік тілді дамытуға ар­нал­ған 13 ... Толығырақ оқу →

Гүлжан Әспетова, Қазақстанның халық әртісі: АКТРИСАНЫҢ ӨЗІ ҚАЛАҒАН РӨЛДІ ОЙНАҒАНЫ – БАҚЫТ

Қазақ сахнасында Қарагөз, Құртқа, Фатима ханым, Найман-Ана, Толғанай секілді ғажап бейнелердің галереясын жасаған Гүлжан Әспетованың өнер әлемі өзгеше өрімімен ерекшеленеді. Бір қарағанда табиғаты суықтау, қаталдау көрінетін актрисаның ішкі әлеміне үңілсеңіз, қаншама құнды қазынаға кенелесіз. Биылғы жылы дарынды өнер шебері өмірінің тағы бір белесіне шығып, мерейтойлық жасқа толды. Осы орайда талантты тұлғамен жүздесіп, өткен күндерге бір сапарлап қайтқан едік. БАСҚА ДӘУІРДІҢ БАЛАСЫ БОЛДЫҚ – Cіз екі ғасыр тоғысында қазандай қайнаған Алма­тыдағы әкемтеатрдың белді актрисасы бола жүріп, енді ғана астаналық деген атақ алып, керегесі кеңейіп жатқан театрға келдіңіз. Кейбір өнер адамдары елорда ... Толығырақ оқу →

Төлеутай СҮЛЕЙМЕНОВ: АЛТЫ АЙДА ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ЕЛУ МЕМЛЕКЕТ ТАНЫДЫ

Бүгінде Қазақстан – әлемге танылған, өз сара жолы бар мемлекет. Еліміз азаттықтың ширек ғасыр тойын бір ғасырға жүк болар жетістіктермен қарсы алды. Осы жолда қаншама еселі еңбек пен маңдай тер төгілді. Дербестік алған жылдарда Елбасыға сенімді серік болып, тәуелсіздіктің тұғырын биіктеткен азаматтар болды. Солардың бірі – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, егемендіктің елең-алаң шағында Сыртқы істер министрі болған Төлеутай Сүлейменов. Біз ұлы мереке қарсаңында ардақты азаматпен жүздесіп, сонау бір көк байрағымыз желбіреген алғашқы жылдарға көз жіберіп, әңгіме өрбіткен едік. АЗАТТЫҚ БАСЫМЫЗҒА ҚОНҒАН БАҚЫТ – Аға, әрбір халық үшін тә­уелсіздіктен артық ... Толығырақ оқу →

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» ӘР ЭЛЕМЕНТІНДЕ ТЕРЕҢ МАҒЫНА ЖАТЫР

Қазақстанның Құрметті сәулетшісі Сағындық Жанболатовтың сәулет өнеріндегі теңіздей телегей табысы еңселі елордамыз – арайлы Астана тарихымен тікелей байланысты. Ерке Есіл бойына жаңа астана орнап жатқан кезде осы жерден табылып, елорда мәртебесіне сәулетінің сай болуына сүбелі үлес қосқан адамдардың алдыңғы легінде осы кісінің есімі аталады. Тәуелсіз ел тарихына Астананың көшіп келген күні ретінде 1997 жылдың 10 желтоқсаны таңбаланса, сәулетшінің елорданы көркейту жолындағы еселі еңбегінің алғашқы парағы да сол күндері ашылды. Астанадағы тарихи және саяси мәні терең «Мәңгілік ел» Триумф аркасы жобасы үшін бір топ әріптестерімен бірге таяуда Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған ... Толығырақ оқу →

Бақытжан Малыбаев: Полицияның бастапқы міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу

Елордалық тәртіп сақшыларының қатарын 200 штаттық учаскелік инспектор мен офицерлік құрамнан 150 адам толықтырады. Бұл туралы бүгін Астана қ. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев қала тұрғындарымен алғашқы есептік кездесуде мәлім етті. Шараға Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, елордалық ІІД, қалалық мәслихаттың, қоғамдық кеңес активтерінің өкілдері, ПИК басшылары және елорда тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Бақытжан Малыбаев Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі жұмысының қорытындысын шығарды, сондай-ақ, қала өміріне қатысты бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. «Бүгінгі күні Жергілікті полиция қызметінің штаттық саны 1,5 мыңнан аса қызметкерді құрайды. Қызмет құрамында полицияның учаскелік инспекторлары, ... Толығырақ оқу →