-->

Архивы с метками: Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Астанада пайдалану мерзімі өтіп кеткен 109 лифт қауіп тудырып тұр

id_6963

Қала тұрғындары жиі пай­даланатын лифт – көп қабатты тұрғын үйдің түйткілді мәселелерінің бірі болып отыр.  Қазіргі таңда Астанада жалпы ауданы 21 млн шаршы метр болатын 2 431 көп қабатты тұрғын үй орналасқан. Міне, осы пәтерлерде тұратын халық үшін 5 516 лифт жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ, жедел сатылардың күндіз-түні тоқтаусыз қызмет көрсетуі үшін 47 мамандандырылған ұйым жұмыс жасап жатыр. Ресми мәліметке сенсек, ТКШ модернизациялау шеңберінде 2011-2015 жылдар аралығында 60-тан аса лифт алмастырылған. Әйтсе де, қазіргі таңда пайдалану мерзімі өтіп кеткен 109 лифт қала тұрғындары үшін қауіпті болып тұр. Мамандар жедел сатының ... Читать далее »

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов БАҚ өкілдерімен бірге қар тазалауға байланысты түнгі рейдке шықты

erm_8959

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов БАҚ өкілдерімен бірге қарға байланысты түнгі рейд өткізді. Рейд барысында елорданың үш ауданын аралап, қардың қалай тазартылып жатқанын байқадық. Қосман Қайыртайұлының айтуынша, ең бірінші кезекте ірі магис­тральдар мен орташа көшелердегі қар шығарылып жатыр. Сондай-ақ, ол тұрғын үй аулаларының қары тазартылып, ретке келтіріліп жатқанын айтып өтті. – Әлеуметтік нысандардың маңын ең бірінші кезекте қардан тазартуға басымдық беріп жатырмыз. Себебі мектеп пен балабақша, аурухана мен емхана сынды әлеуметтік нысандар өз жұмысын тоқтатпауы керек. Негізі, жұмысымызға кедергі келтіретін көліктер болса, қарды барынша жинауға тырысамыз. Жол жұмыскерлері таңғы ... Читать далее »

Пәтерде тұрып жатқан қонақтар мен туыстарға уақытша тіркеу қажет емес

era_5733

Қазіргі уақытта қоғамның бас­ты мәселесі өзі тұрып жатқан мекенжай бойынша міндетті түрде тіркеуге тұру болып отыр. Себебі Астана сияқты үлкен қалаларға жан-жақтан келіп, тіркеусіз жұмыс жасап жатқан азаматтар қаншама. Құзырлы органның мәліме­тінше, міндетті тіркеуге тұру­дың ешқандай қиындығы жоқ. Алайда әлеуметтік желідегі көпшіліктің көңілі әлі де болса күпті болып отыр. Мәселен, Руслан Желдібайдың айтуынша, Үкімет уақытша тіркеуді азаматтардың қауіпсіздігі үшін ұсынған. Алайда ол бұл мә­селеде ескеретін мә­селелер баршылық екенін айтады. – Бірақ оны реттеу ме­ханизмі әбден сарапталмай, ситуацияны бақылауға алуға тырысып, тым асығыс қабылдай салғаны көрініп тұр. Бұл саланың маманы емеспін, ... Читать далее »

СОҒЫМ СОЙЫП АЛДЫҢЫЗ БА?

001

Жұрт арасында «қасқырдан кейін етті көп жейтін – қазақтар» дейтін әзіл-шыны аралас сөз бар. Расында да, Сарыарқаның сарышұнақ аязында қазақтың өмірін қызылсыз елестету қиынның қиыны. Сол себепті болса керек, Жаңа жыл жақындаған кезде, екі қазақтың бірінің әңгімесі соғым жайлы болады. Оның үстіне қазіргі таңда елімізде соғымға арналған қос бірдей сайт жұмыс жасап отыр. Ұзын сөздің қысқасы, астаналықтар қыстық соғымды қайдан және қандай бағада алып жатыр? Қанша жерден өз-өзімізді «қасқырдан кейін етті көп жейтін халықпыз» деп мақтағанымызбен, шын мәнісінде, жағдай басқаша болып отыр. Британ басылымы жазған ақпаратқа сенсек, әлемдегі етті ең ... Читать далее »

Балалар шаттанған күн

09

Балаларға арналған жаңа жылдық шырша шарасы жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы балаларға арналған жаңа жылдық шырша өткізді. «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары қатысты. Бір жарым сағаттық «Ертегілер жәрмеңкесі» интерактивті шоуы аясында балаларға қызықты ойындар ұсынылды. Аталған қайырымдылық акция астаналық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазовтың қолдауымен ұйымдастырылды. – Қалалық Ассамблея осындай қайырымдылық акцияларын үнемі өткізіп отырады. Мәселен, біз осы жылдың басынан бері «Қайырымдылық керуеніне» қатысып, бірнеше баланы ... Читать далее »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

dokumenty

Астана қаласының Демокра­тиялық күштердің «Қазақстан – 2050» аймақтық коалициясы қызметінің шеңберінде өзара әрекет ету туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ жиында аталған коалицияның жұмыс регламенті жасалып, 2017 жылдың жұмыс жоспары бекітілді. Жиынға еліміздегі саяси пар­тиялардың қалалық филиалдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкіл­дері қатысты. Олар­дың ішінде «Нұр Отан» партиясынан бас­тап «Ақ жол», «Ауыл» «Бірлік» және Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының қалалық филиалдары бар. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеевтің айтуынша, биылғы жылы коалиция ауқымды жұмыс атқарған. Сондай-ақ ол коалицияны алдағы уақытта бұдан да ауқымды істер күтіп тұрғанын атап өтті. Астана ... Читать далее »

АЯЗ АТА БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

erm_5803

Жаңа жылдық шыршаны әрбір бала жыл сайын асыға күтеді. Себебі дәл осы жаңа жылда Аяз ата мен Ақша қар балалардың көңілін көтеріп, сыйлық береді. Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Есіл ауданы әкімінің атынан жаңа жыл шыршасы өтті. Жаңа жылдық балға аудандағы жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалар қатысты. Жалпы жаңа жылға арналған мерекелік ойын-сауық бағдарламасы балалардың көңілінен шықты. Себебі, «Аяз атаның сиқырлы таяғы» ертегісі желісінде дайындалған қойылымда әртүрлі бағдарламалар ойнатылды. Есіл ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Қасенованың айтуынша, жаңа жылдық шыршаға 200-ге жуық балалар қатысқан. Оларға аудан әкімі ... Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ АШЫЛДЫ

05

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуел­сiздiктiң 25 жылдығы» монументін ашты. ЭКСПО-2017 көрмесi аумағында орнатылған монументтің 25 қыры Тәуелсіздіктің 25 жылын, ел тарихындағы 25 маңызды оқи­ғаны білдіреді. Сондай-ақ Президент «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі нысандарды аралап, кеңес өткізді. – Бүгiн, 16 желтоқсан – Тәуелсiздiк күнi. Осыдан 25 жыл бұрын бiз Қазақстанды тәуелсiз ел деп жа­рияладық. Бүгiнгi кездесуіміздің себебі – Астанамызда тағы бiр монумент ашайын деп отырмыз. Астананы Ақмолаға көшiрген кезде ең алдымен қа­ланың ортасы деп ескi қаладағы алаңды игердiк. Одан кейiн сол жағалауда, тақыр жерде жаңа қала салғанымызда «Бәй­терек» орнаттық. Ол әлi күнге дейiн ... Читать далее »

АСТАНА – ЭКОНОМИКА ЛОКОМОТИВІ

screenshot_2016-12-09-16-05-47

Тәуелсіздіктің төл жемісі – Астана қаласы өзінің тарихында Қазақстан экономи­касының даму локомотивіне айналды. Бұған жуырда ғана қала қазынасына 1 триллионнан астам теңге жиналғаны дәлел бола алады. Бұл Мемлекеттік кірістер департаментінің үш құрылымдық қызметтің үйлесімді жұмыстарының арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, елорда Алматы мен Атырау және де Маңғыстау облысы сияқты еліміздегі донор өлкесі болып саналады. «Қазақстанның Астанасы 2017 жылға қарай халықаралық қаржы орталығына айналуы тиіс». Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бес инс­титуттық реформаны жүзеге асыру­дың «100 нақты қадамы» Ұлт жос­па­рында айтқан болатын. Осыған орай Ұлт­тық банкке 2017 жылдың қаңтарына дейін ... Читать далее »

ЮНЕСКО АРДАҚТАҒАН – ӘЛИХАН

15068530_1066984130090276_8346563226031302480_o-2

1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда ІІ жалпықазақ құрылтайы өтіп, Қазақ-Қырғыздың Алаш автономиясы жарияланған болатын. Алаш автономиясының төрағалығына Бақтыкерей Құлманұлы мен Айдархан Тұрлыбайұлы және Әлихан Бөкей­ханның кандидатурасы ұсынылады. Шынайы демократиялық жағдайда өткен сайлауда 79 депутаттың 40-ы Әлихан Бөкейханды жақтап, дауыс береді. Осылайша ол Алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланған болатын. Шынайы махаббат шырғалаңы Биыл Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толған мерейтойы ЮНЕСКО аясында аталып өтті. Ұлт көсемінің мерейтойы аясында оның саясаткерлігі мен мемлекет басқарған қайраткерлігінен бастап ғылыми публицистігіне дейін сан қыры сипатталып жазылды. Бізді бұл жолы қызықтырған нәрсе ... Читать далее »