-->

Архивы с метками: Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

ЖҮГЕНСІЗ БОЛМА, ЖҮРГІЗУШІ!

????????????????????????????????????

Көлік жүргізушілерге балалардың да айтары бар. Елордалық жеткіншектер өздерінің жүрекжарды ұсыныс-тілектерін суреттер арқылы бейнелепті. Мұндай айрықша шараны Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі ұйымдастырды. Жаяу жүргіншілердің ішінде ең бейқамы – балалар. Олар апат аяқ астында деп ойламайды. Алды-артына қарамай, жолға да жүгіріп шығуы мүмкін. Психологтардың айтуынша, балалар көзінің алдындағын ғана көреді екен. Сондықтан оларды жол апатынан сақтандыру – ата-ананың ғана емес, жол полициялардың да міндеті. Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларынан жарақат алуды азайту мақсатында «Жүргізуші, жол тәртібін сақта!» атты сурет салудан сайыс өткізді. ... Читать далее »

Сәния АБДРАХМАНОВА: ҚАН ДОНОРЫ БОЛУ – АҒЗАҒА ПАЙДАЛЫ

abdrahmanova-s-a

Жер шарының әр үшінші тұрғыны өмірінде бір рет донор қанға мұқтаж болады екен. Орта есеппен күніне 300 адамға шұғыл түрде қан құйылады. Жалпы, әлемнің көптеген елдері қан донорлығына зәру. Қуаныштысы сол, Қазақстанда ондай тапшылық жоқ. Еліміздің қан қызметі мен оның даму тарихы мен алдағы жоспарлары жөнінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы директорының бірінші орынбасары Сәния Абдрахмановамен әңгімелескен едік.  ҮЗДІК БЕСТІКТІҢ ҚАТАРЫНДА – Сәния Әлішқызы, қазіргі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы алғашында Қан орталығы болып құрылғаны белгілі. Оның атауының қайта өзгеруіне не себеп? – Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық саласына жаңа ... Читать далее »

“КОНГРЕСС-ХОЛЛ” ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

????????????????????????????????????

Кезінде Астананың ең үлкен залы болған Конгресс-холл 2010 жылы Астана Мемлекеттік академиялық филармониясына берілгені белгілі. Енді ғимараттың маңдайшасындағы бұрынғы атауы «Астана» концерт залы» болып өзгермек. Осыған байланысты нысанның қасбетіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Конгресс-холл бұрын Тың игерушілер сарайы болғанын байырғы тұрғындар жақсы білсе керек. Кейін жаңа шаһардың бітім-болмысына байланысты 1998 жылы қайта түрленіп, Астананың айшықты нысандарының біріне айналды. Тіпті «Конгресс-холл» атауымен мемлекеттік мекеме де құрылды. Алайда 2010 жылы осында Астана Мемлекеттік филармониясы көшіп келуіне орай екі мекеме бірігіп, соңында «Конгресс-холл» жеке мекеме ретіндегі қызметін мүлде тоқтатты. Бір сөзбен айтқанда, ... Читать далее »

АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ АУРУҒА СЕБЕП

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде әр тоғызыншы адам ауаның ластануы кесірінен көз жұмады деп дабыл қағып отыр. Атмосфераның ластануы күллі ға­ламшарда үлкен мәселеге айналды. Ауаға зиянды қалдықтар ең көп тарататын автокөліктер екен. Бүгінде елордада машиналардың саны 343 мыңнан асады. Демек, атмосфераның тазалығы Астана үшін де түйткілді мәселе. Жалпы, экологиялық ахуалдың нашарлығы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Әсіресе, инсульт, басқа да жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпенің ісігі, астма секілді ауруларға және олардың асқынуына ауаның ластануы себеп болады. Мысалы, жылуэлектр стансалары жаққан мазут пен көмірдің түтінінен ауаға күкірттің еселенген тотығы таралады. Оның атмосферадағы көлемі ... Читать далее »

СЕУЛ АУРУХАНАСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

9cc26a3f8a9bf75308b458406d6

Астана қаласының №2 ауруханасы мен Оңтүстік Кореяның Сунг Кван Чаум медицина қорымен өзара меморандумға қол қойды. Осы құжаттың аясында елордаға Сеулдегі әйгілі Ча Бунданг ауруханасының білікті гастроэнтеролог-дәрігері, профессор Ко келіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісті. Ча Бунданг ауруханасы 1960 жылы құрылған. Жарты ғасырдан астам тарихы бар медицина орталығында жылына миллионнан астам адам емделіп шығады екен. Кореяда ғана емес, дүниежүзінде алдыңғы қатарлы клиника болып саналатын Ча Бунданг ауруханасында бүгінде 2 мыңнан астам дәрігер мен медбике жұмыс істейді. Онда 1 мыңнан астам стационарлық төсек, 20-дан астам опе­рациялық блок бар. Барлығы 35-тен астам бөлімшесі бар ... Читать далее »

ЖҮРЕК АУРУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ ҚАНДАЙ? ОНЫҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ ҚАЛАЙ БІЛІНЕДІ?

erm_2394

Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлім көрсеткіші бірінші орында. Тек Астана қаласында осы сырқаттың ауыр түрі бойынша есепке алынғандардың қатары 47 606 адамды құрайды. Жүрек-қан тамырлары ауруларының жиілеп кетуіне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 29 қыркүйекті – Жүрек күні деп белгілеген еді. Ондағы мақсат – жұртшылықты кеудесіндегі жалғыз жүрегін аялауға, қандай да бір өзгерістер болса, дер кезінде дәрігерге қаралуға шақыру. Осы күнге орай Астана қаласы да «Жүректі сақта» атты акция өткізді. Қалалық әкімдіктің қолдауымен Денсаулық сақтау басқармасы және «Салауатты өмір салтын сақтау орталығы» ЖШС ұйымдастырған шарада елордалықтар білікті кардиологтар мен эндокринолог маманның ... Читать далее »

Қанат ИМАНАЛИЕВ: Әр істің артында адам тағдыры тұрады

017

Қылмыспен табысты күресетін елдердің тәжірибесін зерделесек, олар үлкен қылмыс ұсақ әдепсіздіктен, біреудің құқын бұзып, дөрекілік көрсетуден басталатынын түсінген және ондай адамдарға берілетін жаза да қатаң. Мысалы, Германияда біреуге тіл тигізсең, айыппұлды былай қойғанда, бас бостандығыңнан айрылып қалуың да ғажап емес. Біздің елдің санасына да әдепсіздікке мүлдем төзбеу қағидаты біртіндеп сіңіп келеді. Елордада жиі тіркелетін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы міндетін атқарушы Қанат Иманалиев әңгімелейді. – Қанат Серікұлы, қаланың әкімшілік соты неге «мамандандырылған ауданаралық» деп аталған? – Елімізде бұрын жалпы соттар болды. Яғни, соттың бәрі ... Читать далее »

Денсаулықтың кілті – салауатты өмір салтында

3

Астана қаласы мәслихатының  әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы елордадағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты атқарылып жатқан шараларды талқылады. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Нұрашева баяндама жасады. – Биылғы жылға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай, жұмыстар 29 бағыт бойынша жүргізіліп келеді. Олардың ішінде онкологиялық аурулардың, туберкулездің, астманың, қан қысымының, басқа да адам өміріне қауіпті сырқаттардың алдын алуға бағытталған шаралар жеткілікті, – дейді Сәуле Қуанышқалиқызы. Бірақ мемлекет тарапынан жұртшылықтың денсау­лығын қорғауға байланысты қолға алынған мұндай шаруаларға қарамастан, тұрғындар тегін медициналық ... Читать далее »

ИНЕМЕН ЕМДЕУ – ТАБЫС ТАБУДЫҢ КӨЗІ ЕМЕС

Жарқын3

Бүгінде елімізде қытай медицинасы дамып келеді. Дәстүрлі ем-домнан бөлек, әртүрлі сырқат түрлерін инемен емдеу – көптеген дертке дауа. Жарқын Есберұлы – емдеудің осы әдісі арқылы талай жанның тәнін емдеп жазған азамат. Ол Астана қаласы №6 емхананың бір бөлмесінде сырқаттарды қабылдайды. Қытай медицинасын терең меңгерген дәрігермен инемен емдеудің қыр-сыры туралы әңгімелескен едік. ӘЛЕМНІҢ 56 ЕЛІНДЕ ЕМ ЖАСАУҒА РҰҚСАТЫ БАР – Жарқын Есберұлы, сіз атамекенге қоныс аударған қандас бауырлардың бірісіз, туған топыраққа не жетелеп әкелді сізді? – Өзге қандастарымыз секілді мен де туған жұртыма оралып, елге пайдамды тигізгім келді. Менің дүниежүзінің 56 ... Читать далее »

АҒАСЫНА БАУЫРЫН БӨЛІП БЕРДІ

бауыр3

Трансплантация өте күрделі операция болғандықтан, оны кез келген мемлекет жасай бермейді. Белгілі бір елдің медицинасы қандай деңгейде екені ағза ауыстыра алатынымен бағаланатыны  да сондықтан. Қазақстанда бүгінге дейін осындай 900 ота жасалса, Астанада қалалық деңгейдегі алғашқы операция 2013 жылдың 15 ақпанында №1 қалалық ауруханада  жасалды. Осы уақыттан бері елордада 33 трансплантация жасалыпты. Соның 20-сы – бауыр ауыстыру отасы екен. №1 қалалық аурухана мамандары тағы бір трансплантацияны сәтті жасап, отаның қалай өткені жөнінде журналистерге айтып берді. Ерлан Баймағамбетов атты астаналық тұрғын гепатит вирусы салдарынан бауыр циррозына душар болған. Аурудың асқынуы себепті оның өңешінен ... Читать далее »