-->

Қазақстан тэг бойынша мұрағат

БАҚ ЛИГА БАСТАЛДЫ

Астанада футболдан журналистер лигасының жазғы маусымы басталды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан БАҚ лиганың ойындары «Тарлан Арена» спорт кешенінің шағын алаңында өтуде. Алғашқы маусымда 11 команда бақ сынаған БАҚ лига бұл жолы тағы 3 командамен толықты. Сонымен, доп додасының жеңімпаздары мына командалардың арасынан анықталады: «ҚР АКМ», «Егемен Қазақстан», «Қазақстан», «Хабар», «Қазақ радиосы», «Елорда-Ақпарат», «Жеңіс», «Sports 1959», «Хабар-24», «ҚазСпорт», «ҚазМедиа», «Ел арна», «Dixinews.kz», «Астана ТК». Жаңа маусымның бас­ты жаңалығы – жалпы 13 турға созылатын лигаға қоса, БАҚ кубогы да сарапқа салынады. Кубок матчтары сенбі күні өтсе, лиганың турлары жексенбіде ойнатылады. Әзірге ... Толығырақ оқу →

ҚАШАНҒЫ БАСЫНДЫРАМЫЗ?

Қызылорда қаласында Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіш орнатылғанда қуанып қалып едік. Дәл осындай ескерткіш еліміздің орталығы елордада неге жоқ деп те ойлағанымыз жасырын емес. Алайда дүйім жұрт қуанып жатқанда, «Правда» газетінің сайтында Сергей Кожемякиннің «Гитлердің сыбайласына ескерткіш ашылды» деген тақырыпта мақала жарияланды. Автор аталған мақаласында ұлы қайраткерімізді фашистке теңейді . Әрине, кейбір ресейлік шовинистер үшін Кеңес өкіметіне қарсы күрескен Мұстафа Шоқай мен еліміздің тәуелсіздігін көксеген Алаш арыстары фашист болып көрінуі мүмкін. Алайда Алаш ардақтысы Гитлермен ымыраласпай, керісінше, оның нәсілшілдік саясатына қарсы болды ғой. Өкінішке қарай, Мұстафа Шоқайды айыптаушы мәселенің ... Толығырақ оқу →

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ҚОҒАМДЫ ЖАҢҒЫРТАДЫ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Парламент депутат­тары алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылатын саяси реформалардың басты факторлары мен аспектілерін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің негізгі заңына ен­гізу ұсынылған өзгерістер жобасын әзірлеу үдерісіне арнайы тоқталып, оны тал­қылау барысында жа­рия­лылық қамтамасыз етіл­генін айтты. – Менің Жарлығыммен әзірленген конституциялық реформалар жобасы бір ай бойы өткен бүкілхалықтық қызу талқылауға салынды. Әр адам ұсыныс беру құқы­ғына ие болды. Бәріміз заң жобасын жаппай талқылап қана қоймай, оның сапалы болғанын көріп ... Толығырақ оқу →

Төлеутай СҮЛЕЙМЕНОВ: АЛТЫ АЙДА ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ЕЛУ МЕМЛЕКЕТ ТАНЫДЫ

Бүгінде Қазақстан – әлемге танылған, өз сара жолы бар мемлекет. Еліміз азаттықтың ширек ғасыр тойын бір ғасырға жүк болар жетістіктермен қарсы алды. Осы жолда қаншама еселі еңбек пен маңдай тер төгілді. Дербестік алған жылдарда Елбасыға сенімді серік болып, тәуелсіздіктің тұғырын биіктеткен азаматтар болды. Солардың бірі – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, егемендіктің елең-алаң шағында Сыртқы істер министрі болған Төлеутай Сүлейменов. Біз ұлы мереке қарсаңында ардақты азаматпен жүздесіп, сонау бір көк байрағымыз желбіреген алғашқы жылдарға көз жіберіп, әңгіме өрбіткен едік. АЗАТТЫҚ БАСЫМЫЗҒА ҚОНҒАН БАҚЫТ – Аға, әрбір халық үшін тә­уелсіздіктен артық ... Толығырақ оқу →

Бейбітшілік пен келісім – ең қастерлі қазына

Елбасы Қазақстан халқы Ассам­блея­сының республикалық фес­тиваліне қатысты, деп хабар­лады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша рөл атқарып отырғанын атап өтті. – Осы жылдары Ассамблея ұлты мен діні әртүрлі адамдарды өзара жақындастыра түсті, сан алуан мәдениет пен салт-дәстүрдегі жақсы нәрсенің бәрін көрсетіп берді. Бейбітшілік пен келісім – Тәуелсіздіктің 25 жылының ең қастерлі қазынасы, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қазіргі әлемде мемлекеттің этно­мәдени бірлестіктерге қолдау білдіруі ерекше тәжірибе болып отырғанын айтты. – Бұл – Қазақстандағы нақты шындық. Мемлекет барлық ... Толығырақ оқу →

QAZAQSTAN БОЛҒАНЫ ДҰРЫС ПА?

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің «Twitter» желісіне еліміздің атауы­на қатысты жазған пікірін қазақ­стандықтардың көбісі қолдады. Отандастарымыз жоғарғы палата спикері ұсынғандай, мем­ле­кетіміздің ағылшын тіліндегі транскрипциясы «Qazaqstan» болуын дұрыс санайды. Бізді бұл ұсынысқа шетелдегі қандастарымыз қалай қарайтыны қызықтырды. Соны білу үшін әлеу­меттік желі арқылы Түркияның Ыстанбол қаласындағы Мимар Синан көркем өнер университе­тінің профессоры, тарих ғылымы­ның докторы Әбдіуақап Қараға ха­барластық. – Бұл өте орынды бастама, толық қолдаймын. Бұл біздің еліміздің аты­ның халықаралық қауымдастықта 90 жыл бойы «Kazakhstan» деп ж­азылып келген қателігін жояды. Мұны да тәуелсіздіктің жемісі деп білгеніміз жөн. Өйткені тәуел­сіз­діктің ... Толығырақ оқу →

ҚАЗАҚСТАН – РУМЫНИЯ МАТЧЫ КЕЗІНДЕ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

2016 жылы 11  қазан күні сағат 22.00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Румыния арасындағы ұлттық құрамалар  футбол  матчы өтеді. Осыған орай бүгін 20.00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі жол қозғалысы матч аяқталғанға  дейін тоқтатылады. Жүргізушілерге Орынбор көшесімен айналып жүру ұсынылады. Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуын және бұқаралық шараның өтуіне байланысты жеке көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қаласы Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауды ұсынамыз. Футбол матчы ... Толығырақ оқу →

Серіктестік серпінді дамиды

Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ аймақаралық ынтымақтастығы форумы аясында Астана әкімі Әсет Исекешев РФ Челябі облысы­ның губернаторы Борис Дубровскиймен кездесті. Аймақтар екі арадағы көлік-логисти­ка­лық байланыс әлеуетін кеңейтуге ниетті. Бұл – Челябі облысы басшысының Қазақ­стан елордасына жасаған екінші сапары. Сапар Астана мен Челябі облысының арасында жасалған ынтымақтастық жөніндегі бірінші келісімге 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. «Челябі облысы – бізге жақын аймақ. Бүгінде ынтымақтастығымыз дамудың жаңа деңгейіне шықты деп сеніммен айта аламыз. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстардың әлеуеті мен көкжиегін айтарлықтай кеңейтетін бір­қатар жобалар жүзеге асырылады» деді Әсет Исекешев кездесу барысында. Басқосуда Астана – ... Толығырақ оқу →

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ: БАЙЛАНЫС БЕКИ ТҮСЕДІ

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумы өтті. Алқалы жиын аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Басқосуда екі ел басшылары кең ауқымды мәселелерді, со­ның ішінде ынтымақтастықты дамытудың басты бағыттарын талқылады. Бұдан бөлек, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар да қарастырылды. Қазақстан мен Ресей мемле­кеттік органдарының, квази­мемлекеттік сектор мен іскер­лік ортаның 1300-ден астам өкілі қатысқан Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынты­мақтастығы форумында инвестиция және сауда-экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастық аясын ке­ңейту жолдары қаралды. Қа­зақ­стан Президенті өз сө­зінде Ресей Федерациясы елі­міздің страте­гия­лық одақ­тасы және маңызды ... Толығырақ оқу →

Еуразия кеңістігіндегі ҚАЗАҚСТАН мен РЕСЕЙ

Бүгін Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтетін «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынты­мақ­тастығы XIII форумының пле­нарлық отырысына қатысады. Ақорданың ресми сайтының мәліметінше, іс-шара аясында Мемлекет басшысының Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ олар Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қа­тыспақ. Қос тарап басшылары қатысатын форумның та­қырыбы – «Еуразия кеңіс­тігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту». Форумның пленарлық оты­рысынан кейін бірқатар екі­жақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Толығырақ оқу →