-->

Архивы с метками: Орынбек ӨТЕМҰРАТ

КИІМ-КЕШЕК «КЕНІ»

erm_9868-asli

Өзіміздің өндірістің өрісі күннен-күнге кеңейіп келеді. Бүгінде сапаның синонимі іспеттес отандық тауарларды көптеп кездестіруге болады. Ел еңсесінің тіктелуіне тірек бола алатын бұл саланың құлашын кеңге сермеуіне Астана қаласы да елеулі үлес қосуда. Шаһардағы өнеркәсіптің қайнаған ортасы – Индустриалды парк. Осы өркенді аймақтың бір мүйісінде «Astana Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы орналасқан. Киім-кешек шығаратын бірегей кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен «Астана ақшамы» газетінің тілшілері барып, танысып қайтты. Жас мамандарды іс тігуге баулиды Біз бетке алған кәсіпорынның іші – қызу тірлік. Жіптің инесіз күні жоқ дегендей, мұндағы тіршілік – тігіншілік. Өндіріс ошағында негізінен тоқыма, тігін ... Читать далее »

БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ

erm_3146-asli

Ұлыстың ұлы күнінде Ұлы дала елінің тұс-тұсында ұлан-асыр той. Осынау мерекені Астана халқы да думандатып қарсы алып жатыр. Қазір қаланың көрікті орындарында көріскен, қауышқан ағайынның қарасы қалың. Сондай ортасы толған мекеннің бірі – елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаң. Айшықты ақшаңқан киіз үйлер Бұрынғы орталық алаңда бұқараға бет бұрғызарлық қызық көп. Бұл жақтан өткен жұрттың көзіне бірден ақшаңқан киіз үйлер түседі. Мұндай қазақы шатырдың алтауы құрылған. Олардың әрқайсысының іші ұлттық бұ­йымдармен бедерленіп, дастарқаны түрлі дәмге толтырылған. Алаңның мерекелік ажарын айшықтап тұрған бұрышсыз үйлердің салтанат құруына елордалық басқармалар мұрындық болды. Атап айтсақ, ... Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК – ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ

erm_4332-asli

Астанада қаланың ең өзекті тақырыптарын талқылайтын «Astana Expert Club» клубы ашылды. Сарапшылардың, билік және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосатын пікірталас алаңының құрылуына «Elorda Aqparat» медиа-ресурсы мен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мұрындық болды. Алқалы топтың алғашқы отырысында шаһардағы көлік инфра­құрылымын дамыту мәселелері көтерілді. Жол көрсеткіштер айқындалады Сарапшылардың бірінші басқосуына қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы басшысының орынбасары Бақыт Сапаров және «Астана LRT» ЖШС-нің өкілдері қатысты. Жиында алдымен сөз бастаған Бақыт Сапаров «Astana Expert Club» алаңы елорда әкімінің тапсырмасымен құрылғанын атап өтті. Оның айтуынша, ... Читать далее »

Мұзды мұнара

c-2-asli

Жылдан-жылға халқы көбейген Астанада бұқаралық спортқа баса көңіл бөлінген. Бұл елорда әкімдігінің «20 нақты бастама» жобасының ең бірінші қадамында да нақтыланды. Жұрттың дене шынықтыруға ден қоюына бастайтын істің басы – спорт инфрақұрылымдарын дамыту. Мысалы, шаһардағы «Алау» мұз айдыны сарайы арқасында конькимен сырғанауды әуес көретін тұрғындардың қатары көбейіп келеді. Алты жасар «Алау» Ашылғанына жақында ғана алты жыл толған «Алау» бұл күнде елордалықтардың қол­дары қалт етсе, жинала қалатын қалаулы орындардың біріне айналды. Әлемдік стан­дарт­тарға сай жабдықталған мұз сарайының бүгінгі тыныс-тір­шілігі туралы бізге аталмыш спорт кешенінің директоры Сауырбай Есжанов егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. – ... Читать далее »

ЧЕМПИОН ҚАШАН ШИРАЙДЫ?

futbol-asli

Өткен аптаның соңында Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры өтті. Алғашқы айналымда ұпай жоғалтқан чем­пиондардың бұл жолы да әлі бабына келмегенін байқа­дық. Дегенмен «Астана» командасы бұл турда бір ұпай еншіледі. «Астана» мен «Ертіс» арасындағы матч кезекті турдың орталық ойынына баланды. Елордалықтар ойын басталысымен алға ұмтылып, Давид Лория күзеткен қақпаның маңайын торуылдады. Мұндай шабуылдар 14-минутта нәтижесін берді. Джуниор Кабанангадан сәтті пас алған Серікжан Мужиков есеп ашты. Бұл гол «Астананың» барлық турнирлер бойынша соғылған 500-інші добы болды. Алаң иелері есепті бірінші таймда-ақ теңестіріп тастады. Бұрыштамадан кө­терілген допты Александр Мокин­нің қақпасына «ертістік» Евгений Тка­чук дәл ... Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫН «АСТАНА» АЛДЫ

1489336133_8-2-asli

Бұрнағы күні баскетболдан Қазақстан Кубогының иегері белгілі болды. Ақтық сында «Астана» мен «Атырау барыс­тары» командалары кездесіп, нәтижесінде елордалықтардың мерейі үстем болды. Алғашқы айналымнан-ақ «Астана­ның» арыны қатты екені аңғарылды. Командасын алдымен алға шығарған Антон Пономарев болды. Бірақ бұл есепті «Барыстар» артынша теңестірді. Әйткенмен, екпінді елордалықтар ойынның бірінші жартысында қарсы­ластарынан 10 ұпай артық болды. Есеп – 8:18. Екінші айналымның 4-інші мину­тында Рүстем Мырзағалиев командасына тағы да 3 ұпай сыйлады. Аты­раулықтар да жауапсыз қалмады. Есеп 24:33 болып еселенді. Аздап тынығып алғаннан кейін паркетке қайта шыққан баскетбол­шылардың жеңіс жолындағы тартыстары қыза түсті. Үшінші айналым ... Читать далее »

БІРЕГЕЙЛЕР АНЫҚТАЛАТЫН БІРІНШІЛІК

erm_9626-asli

Астанада үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Бірегейлерді анықтайтын біріншілікке еліміздің 16 өңірінен 112 спортшы қатысып жатыр. Осы сайыстың нәтижесінен кейін ұлттық құрама жасақталмақ. Елордада өтіп жатқан ел чемпионаты 11 наурыз күні басталды. Тур­нирдің алғашқы күнінде әйелдер ара­сындағы командалық кездесулер өтті. – Бұл чемпионат Астана қа­ла­сын­да алғаш рет ұйымдас­тырылып тұр. Бұқаралық спортқа баса мән бе­ре­тін біздің қаламыз үшін бұл турнир – үлкен мереке. Біріншілікке Астана қаласының 20 теннисшісі қаты­суда. Оның тең жартысы ерлер болса, жартысы – қыздар. Барлығы – біз­дің мектептің түлектері мен тәр­биеленушілері. Астаналықтардың ішінде Кирилл Герасименконы ерекше ... Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ТӘРТІП ҚАДАҒАЛАНАДЫ

6e532819-ee9a-4a98-9a06-786b1e948ffa-3-asli

Татьяна Наношкина есімді қала тұрғыны 7 наурызда №64 бағдардағы автобуста орын алған келеңсіздікке қатысты шағым түсірді. Әлеуметтік желі арқылы қынжылысын білдірген ол дұрыс қызмет көрсетпеген жүргізуші мен кондукторға сөгіс беруді талап етті. Астана әкімдігі жолаушыларға қызмет көрсету сапасына, жүргізушілер мен кондукторлардың тәртібіне баса назар аударады. Жоғарыдағы сауалға жауап берген қала әкімі Әсет Исекешев осындай шағымдардың жиі түсе­тінін айтып, шаһардағы 8 автобус паркінің 7-еуі жеке­меншік екенін, сондықтан алдағы уа­қытта жаңа модельге көшірілетінін мәлімдеді. Қала тұрғыны өтінішінің нәтижесінде «№7 авто­парк» әкімшілігі автобус жылдамдығын асырған, аял­дамаға дер кезінде тоқтамаған жүргізуші М.Мырзахметов пен кондуктор ... Читать далее »

БЮДЖЕТ КІРІСІ КӨБЕЙДІ

finance_221015-asli

Жыл басынан бері мемлекет кірісіне пәтерді жалға берушілерден 18 млн теңгеден астам қаржы түсті. Бүгінде Астанада «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде пәтерлерді тіркеусіз жалға берумен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Осындай шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1000-нан аса жеке кәсіпкер тіркелді және мемле­кеттің кірісі 18 млн теңгеден астам қаржыға көбейді. Қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Ғосман Жакиннің айтуынша, өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары мен Мемлекеттік кірістер департаменті қыз­мет­керлерінің бірлескен іс-қимылының нәти­жесінде қала бюд­же­тіне 85,6 млн теңге кіріс түскен. Орынбек  ӨТЕМҰРАТ Читать далее »

ЖАҢА МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

futbol-3-asli

Сәрсенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы туры өтті. Футболдан 26-ншы ел біріншілігі былтырғы чемпион «Астана» ко­мандасының жеңі­лісімен басталды. Елор­далықтар мұның алдында Супер­кубок үшін таласта ал­матылық «Қайратқа» есе жіберген еді. «Астана» ҚПЛ-дың бірінші турында сырт алаңда шымкенттік «Ордабасымен» кездесті. Алаң иелері қонақтарды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир кестесінің басына шықты. Сонымен қатар, бұл тур аясында «Тобыл», «Ертіс», «Қайрат», «Қайсар» секілді ко­ман­да­лардың айы оңынан туып, 3 ұпайдан еншіледі. «Атырау» қақпасына үш доп тоғытқан «Тобылдың» ша­буылшысы Алексей Щеткин әзірге сұрмергендер көшін бастап тұр.  Орынбек  ӨТЕМҰРАТ Читать далее »