Четверг, 17 Август 2017
-->

Архивы с метками: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МАРАФОН

Елордада «Қазақ хандығының 550 жылдығына дейін 550 метр» ұранымен марафон-флешмобы өтті. Аталған шара Астана қалалық әкімдігі мен Қазақстандағы әуесқой триатлон федерациясы ұйымдастыруымен жүзеге асты. Шараның ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев барлық қазақстандықтарды биылғы мерекемен құттықтай отырып: «Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отырмыз. Ал бүгін елордамызда Елбасымыздың бастамасымен аталып өтілетін еліміз үшін үлкен шараның тұсаукесері өтуде десек те болады» деді. «Қазақ Елі» монументінің алдынан басталған 550 метрлік марафонға жүгіруден әлем рекордын жасап, Азия, Африка, Австралия, Америка құрлықтарының ең ірі шөлді аймақтарын жалғыз жүгіріп өткен, Гиннестің рекордтар кітабына ... Читать далее »

«САМҰРЫҚ-2015» САЙЫСЫ

Астанада Қазақстан кубогы жолындағы «Самұрық-2015» қысқы ралли-спринт жарысының екінші кезеңі өтті. «Жағалау» тұрғын-үй кешені мен «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы маңында өткен сайыстың алғашқы кезеңі 16-18 қаңтар күндері Теміртау қаласында ұйымдастырылып, оған еліміздің әр өңірінен 82 спортшыдан құралған «Стандарт» деңгейіндегі 41 және 32 спортшыдан тұратын «ICE PRO» дәрежесіндегі 16 экипаж қатысқан еді. Ал елордадағы алғашқы сайыста 75 экипаж бақ сынасты. Ралли жарысының екінші кезеңіндегі жеңімпазға кубок пен ақшалай сыйлық ұсынылды. 2006 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл сайыстың қысқы маусымы төрт кезеңнен тұрады. Ал маусым аяқталар тұста жеңімпазға «Самұрық» ралли-спринтінің абсолютті ... Читать далее »

ОЛИМПИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАМАСЫ

AIBA Pro Boxing турнирі аясында 60 келіде өнер көрсеткен Берік Әбдірахманов олимпиада жолдамасын ұтып алды. Ол – 2013 жылғы Азия чемпионы, 2014 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Берік осылайша 2016 жылы өзінің алғашқы олимпиадасына барады. Астанада өткен кездесудің финалында біздің Берік  өзбек Хуршид Тожибаевпен кездесіп, сегіз раундта ұпай санымен ұтты. Қазақ боксшысына жеңімпаз белбеуін АИБА-ның вице-президенті, ҚР бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев салтанатты жағдайда табыс етті. Үш төреші де жеңісті қазақ бокс­шысына жазды. Екеуі де бұған дейін үш жекпе-жек өткізіп, барлығында Берік жеңіске жеткен. Ал 52 келідегі кездесулер Ресейдің Новосибирск ... Читать далее »

ОҢТҮСТІК АФРИКАМЕН ОЙНАЙДЫ

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Алғашқы матчта күтпеген жерден Тәжікстаннан жеңілген жастарымыз екінші матчта Литваны 1:0 есебімен ұтты. Матчтың 57-минутында Абат Айымбетов салған гол Қазақстанға жеңіс әкелді. Біздің жігіттер топтық бәсекедегі соңғы ойынды бүгін Оңтүстік Африка Республикасына қарсы өткізеді. Қазақстан құрамасы ширек финалға шығу үшін ОАР құрамасын қалайда ұту керек. Ал егер кездесу тең нәтижемен аяқталса, үшінші орын алған басқа топтағы құрамалармен бірге ширек финалға берілер жалғыз жолдамаға таласады. Дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ Читать далее »

«АСТАНА» «ГАМБУРГПЕН» ТЕҢ ТҮСТІ

Дубай қаласында оқу-жаттығу жиынында жүрген «Астана» футбол командасы Бундеслиганың «Гамбург» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, тең түсті. Бұл ойында екі жақтың қақпасына да доп дарымады. «Гамбург» – неміс футболындағы ірі клубтардың бірі. Алты рет Германия жеңімпазы атанған олар бір кездері УЕФА чемпиондар лигасы кубогын да жеңіп алған. Қазіргі уақытта Германия чемпионатында 17 ұпаймен 14-орында келеді. Дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ Читать далее »

«АРЛАНС» ПЕН АР-НАМЫС

«Астана арландары» жаңа маусымды жеңіспен бастады. Венесуэла боксшыларын қабылдаған біздің жігіттер Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған жанкүйерлерді ғана емес, күллі қазақстандықтарды бір желпінтіп тастады. Марат Жакиев баптайтын «арландар» Бүкіләлемдік бокс сериясындағы алғашқы кездесуінде аса қиналмады. Бұл жарысқа тұңғыш рет қатысқан венесуэлалық спортшылардың жеңілісін тәжірибе жоқтығынан деуге болады. Бес жекпе-жектің алғашқы үшеуін соңына дейін соза білген қонақтар қалған екі кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды. Соған қарағанда ауыр салмақтағы боксшыларының дайындығы мүлде мардымсыз секілді. Шаршы алаңға ең бірінші 49 келі салмақтағы боксшылар көтерілді. «Арландардың» атынан шыққан Мардан Берікбаев қарсыласы Йоел ... Читать далее »

ЖЫЛУ ҚУАТЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Астанадағы энергетикалық нысандарда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл – елорда дамуындағы негізгі бағыттардың бірі саналатын энергия өндіру саласына қолдау көрсету мақсатында қолға алынған шара. Биыл 1-ЖЭО-ның қуаттылығын 35 Гкал ұлғайту арқылы №5 қазандығын және қуаттылығы 180 Гкал болатын 2-ЖЭО-ның №7 қазандығын мен қуаттылығы 112 МВт көлеміндегі №5 турбинаны іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2-ЖЭО-ның №8 қазандығы мен №6 турбинаны монтаждау бойынша дайындық жұмыстары басталмақ. Осы жылы «Дания» тұрғын үй кешені орталықтандырылған жылытуға көшіріліп, Сығанақ көшесінің 5/1 мекен-жайындағы 1200 орындық №59 мектеп-лицейі және Комсомольский кентінің Домалақ ана, Ұмай ана көшелерінің ... Читать далее »

ҚОЛДА БАРДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҮНДЕДІ

Жақында Тәуелсіздік сарайында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР Парламенті сенатының депутаты Серік Жақсыбеков, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов және болгар этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Олег Дымовтың қатысуымен Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айқындалған мақсаттар мен міндеттердің маңызын талқылаған жиын өтті. Жолдауда қамтылған жеті ба­ғытты жіліктеп айта келе, Қар­жы министрі Бақыт Сұлтанов: «Отандастарымыз түрлі шығын­дарды қысқартып, қолда барын үнемдеуге көшкені абзал. Өңірде қалыптасқан геосаяси, геоэкономикалық жағдайлар осыған итермелейді» деп мә­лім­деді. Бас қаржыгердің мәлі­метіне сенсек, Ресей эко­номи­касындағы тұрақсыздық бізге де әсер етпей қоймайды. Ал әлемдік нарықтың шатқаяқтауының ... Читать далее »

АЛТЫН ТҰҒЫРДА – АБЗАЛ

Мәнерлеп сырғанаудан жақында ғана аяқталған Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы бәсекесінде Ванкувер және Сочи олимпиадасының қатысушысы Абзал Рақымғалиев 179,72 ұпаймен ел чемпионы атанды. Ол қысқы және негізгі бағдарламада да көш басында болса, қысқа бағдарламада екінші, негізгі бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, күмісті иеленген Данияр Әділовте – 130,26 ұпай. Ал қола жүлдеге 128,78 ұпаймен Артур Панихин қол жеткізді. Панихин қысқа бағдарламада үшінші, негізгі бағдарламада екінші көрсеткішке ие болды. Бұл жарыстан ұлттық құрама көшбасшысы Денис Тен босатылған еді. Қыздар арасында өткен сайыста Қазақстанның үміттілерінің бірі саналатын Элизабет Тұрсынбаеваға тең келер спортшы табылмады. Ол 180,46 ... Читать далее »

ҚИЫРЛАРДЫ ЖАЛҒАҒАН ҚТЖ

Тәуелсіздіктің елең-алаңында елдің қалт-құлт еткен экономикасын қиындықтан алып шыққан негізгі салалардың бірі қазақ даласында қан тамырдай ию-қию болып жатқан темір жол екенін бәрі біледі. Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілер сол бір шақта көршілес мемлекеттермен арадағы экономикалық байланысты сақтап, сондай-ақ, одан әрі дамыта отырып, халықтың оң жамбасына келетін нарықтың бірден-бір себепшісіне айналған да Қазақстан теміржолы болатын.   Жазираға жол салған Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (қазіргі Ресейдің Саратов облысындағы Энгельс қаласы) – Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы ... Читать далее »