Tag Archives: Нұр Отан

ӘЛЕУМЕТТІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙДЫ

Астана қаласы мәслихатының депутаты, құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, «Алкон+» фирмасының директоры Аман Аюповке қойған алғашқы сұрағымыз қоғамдық қызметімен байланысты болды. «Үстіміздегі жылдың наурыз айынан басталған қоғамдық жұмыс жеке тұрғындардың өтініш-қалауларын тыңдап, нақты мәселелерді шешуге арнадым» деді Аман Аюпов. Мәслихат депутаты алғашқы кезеңде тұрғындармен сайлау алды кездесулерде айтылған өтініштерді, жекелеген аза­маттардың мұқтаждарын ескерген. Соның бірі мүмкін­дігі шектеулі азаматтың өтініші бойынша жасалған тұрғын үй дәлізіндегі құра­малы-автоматты пандус екен. Ескі жобамен салынған үйдің дәлізінің тарлығына байланысты қоларбаны автоматты түрде көтеретін пандус­ты ойлап тапқан фирманың …

Ары қарай оқу

ЕЛОРДАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Елордалық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп №16 сайлау округының тұрғындары үшін көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесудің мақсаты тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтау және заңнама нормаларын түсіндіру болып табылады. Көшпелі қоғамдық қабылдау жұмысына 25 мемлекеттік органның өкілдері қатысты. Шара барысында 40 аса адамға кеңес берілді, олардың ұсыныстары ескерілді. Қала тұрғындарын негізінен әлеуметтік төлемдер, жұмысқа орналасу және медициналық көмек мәселелері бойынша жүгінген. astana.gov.kz

Ары қарай оқу

Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар Ұлттық музейге тегін кіреді

Бүгін ҚР Ұлттық музейі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай әлеуметтік жоба аясында және өткен мүгедектер күніне байланысты (қазан айының екінші жексенбісі) мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ақысыз экскурсия өткізеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайты хабарлады. Аталған акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға  да еліміздің тарихы мен мәдениетін көріп тамашалауға  жағдай жасау. Шара барысында қонақтарға музей залдары бойынша арнайы экскурсия жүргізіледі. Сонымен қатар,  «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы бойынша филиалы мен Цеснабанк АҚ филиалы ҚР Ұлттық музейіне мүгедектерге арналған арбалар табыстайды. Еске сала кетсек, Ұлттық музей Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан …

Ары қарай оқу

Үздік бастауыш ұйымдар марапатталды

Астана қаласында «Үз­дік бастауыш партия ұйы­мы» байқауының жеңім­паздары анықталды. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткізі­ліп отырған бұл байқау «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Конкурсқа соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жетімдерге көмек беру секілді көптеген игі істер жасап отырған баста­уыш партия ұйымдары қатысты. «Бұл байқаудың негізгі мақсаты еліміздегі әлеуметтік проблемаларды шешу және азаматтардың күнделікті өмірін жақсарту жолында партиямызбен иық тірестіре жұмыс істеп жатқан қоғамдық ұйымдарды анықтау болатын. Нәтижесінде партиямыздың Астана қалалық филиалы қатарындағы 350-ге жуық бастауыш партия ұйымы арасынан іріктеліп алға …

Ары қарай оқу

Астаналық полицейлер жол үстінде қабылдау өткізді

Астана қаласында «Жол үстіндегі қабылдау» акциясы болып өтті. Айтулы шараны «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы мен елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бірлесе ұйымдастырды.  Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, акцияның басты  мақсаты халыққа құқықтық білім беріп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы көпшілікті ақпараттандыру, сондай-ақ тұрғындарды ұсақ  құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділікпен» қарауды қалыптастыру. «Полицейлердің жұмысы әрбір қоғам мүшесіне үлгі болуы тиіс. Сонымен қатар біздің тарапымыздан ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың барлығы барынша ашық форматта өткені дұрыс деп ойлаймын. Осы жолы азаматтардың ұсыныстары мен …

Ары қарай оқу

Астаналық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді

 Алдағы сенбіде, яғни 22 қазан  күні сағат 10.00-ден бас­тап,  «Бәйтерек» монументінің көлік тұрағы алаңында «Жолда қабылдау» атты  дәстүрлі республикалық  акциясы өтеді. Акцияның басты мақсаты – халыққа құқықтық тәрбие беріп, қала жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ, тұрғындардың санасына ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеу» қағидатын қалыптастыру. Аталған акцияға Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақыт­жан Малыбаевтың өзі қатысып, жұртшылықтың сауалдарына жауап береді деп күтілуде. Сонымен қатар, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысады. Бұған қоса, сол күні таңғы сағат 10:00-ден бастап «Бәйтерек» монументінің алдында, …

Ары қарай оқу

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

«Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ла­масын жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық қоры­нан бөлінген қаражат қайда жұмсалуда? Үкімет ақшасын мақсатты пайдалану мәселесін қозғаған Астана қаласы мәсли­хатының депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері рейдке шығып, мемлекеттік несие алған кәсіпорындарды аралады. Комиссия өкілдері әуелі «Нұр-Саба» ЖШС-не табан тіреді. 2008 жылдан бері ағаш және металл бұйымдары өндірісімен айналысатын компания үш жыл бұрын керекті құрылғыларды сатып алып, кәсіпорын ғимаратын жөндеуден өткізу үшін 24 миллион теңге көлемінде несие алған. Аталмыш компания директоры Қайрат Исимбековтың айтуынша, бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы …

Ары қарай оқу

Сәйгүліктер сайысы

Елордада ат тұяғының дүбірі естілетін күн де алыс емес. Дәстүрге айналған аламан бәйге биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылады. Әр аймақтың кіл жүйрігін жинайтын жарыс Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған. Шашасына шаң жұқпайтын сәйгүліктер салтанатын өткі­зуге «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министр­лігі, Астана қаласы әкімдігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауым­дастығы мұрындық болып отыр. «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турнирінде елі­міздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларының әрқай­сысынан 10 сәйгүлік сынға түсе алады. Жарысқа жүй­рік тұқымдардың барлығы қатыс­тырылады. Аламан бәйгенің жарыс жолы 51 шақырымды құрайды. Бәйге өткен жылдағыдай үлкен аумақты …

Ары қарай оқу

Астанадағы Дағдарыс орталығында «Ақ орамал» акциясы өтті

Елордадағы «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» мемлекеттік мекемесінде республикалық «Ақ орамал» акция­сы өтті. Басқосуды Дағдарыс орта­лығының директоры Нұрбол Зұлқарнаев сөз сөйлеп ашты. «Ақ орамалдың қазақ тарихында философиялық мәні өте терең. Бұрынғы заманда жауласқан екі елді достастыру мақсатында әйел басындағы орамалын шешіп, жерге тас­тайтын болған. Акцияның мақсаты – еліміздегі барлық азаматтардың тегіне, ұлтына қарамастан, әлеуметтік, діни және басқа да құндылықтарымен қосып, ауызбіршілікте өмір сүруге шақыру. Ақ орамалды көпбалалы батыр аналар тойларда жас келіндерге табыс етсе, перзентханада жас босанған аналарға берген. Елбасы айтқандай, біз …

Ары қарай оқу

Астанада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр

Игі дәстүрге айналған бұл акция бүгін Сарыарқа аудандық әкімдігінде жалғасты. «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалымен бірлесе өткізілген шарада 220-ға жуық балаға оқу құралдары мен мектепке қажетті заттар табысталды. «Бірнеше жылдан бері 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі түрде өтізіліп келе жатқан бұл шара биыл ерекше өтіп жатыр. Себебі биыл – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бүгінгі қайырымдылық шарасына 220-дан астам бала қамтылып отыр. Олардың барлығына мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отырмыз. Шараға, сондай-ақ белсенді бизнес өкілдері атсалысып отыр. Бұл – уақытша науқан емес. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан …

Ары қарай оқу