-->

Архивы с метками: Мәдина ЖАҚЫП

ОТБАСЫҢА ИЕ БОЛ, ОТБАСЫҢА!

akeler

Кеше Астанаға еліміздің әр өңірінен келген ер азаматтар республикалық «Әкелер форумына» қатысты. Бірінші рет өткізіліп отырған форум Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясындағы «25 пайдалы іс» акциясы аясында ұйымдастырылды. Астана қаласы әкімдігі мен Қа­зақстан Республикасы Прези­денті жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демографиялық саясат жө­ніндегі ұлттық комиссия «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін дәріптеуді, отбасы институтын күшейтуді мақсат тұтқан. – Халқымызда «Отан, отбасы, отағасы» деген – бір-бірінен ажырамайтын ұғым­дар. Бұл шара Мемлекеттік хатшы, Әйелдер істері жөнін­дегі комиссияның төрағасы Гүл­шара Әбдіхалықованың тап­сырмасымен өтіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстандағы отбасы саясатының басты бағы­тының бірі ... Читать далее »

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ

????????????????????????????????????

Астанада Үкіметтік емес ұйымдардың VII қалалық форумы өтті. Азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы ашық диалог алаңында Парламент Мәжілісінің депутаттары мен әкімдік өкілдері 250-ден аса қоғамдық бірлестік мүшелерімен кездесті. Алқалы жиында Астанадағы үкіметтік емес ұйымдардың тыныс-тіршілігі баяндалып қана қоймай, ең үздік 10 әлеуметтік жоба марапатталды.  ЕЛОРДАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА БЕЛСЕНДІЛІК ЖЕТІСПЕЙДІ «Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінде Астанада 2300-ден аса үкіметтік емес ұйым тіркелген. Алайда олардың жүз шақтысы ғана белсенді жұмыс істеуде. Өкініштісі, бірлестіктердің көбі мемлекеттік қолдауға ие болған соң жұмыс қарқынын бәсеңдетіп, жоспарлаған нәтижені көрсетпей жатады. Заң бо­йынша бұл үшін жауапқа тартылмаса да, Үкімет шығындарын ... Читать далее »

ЖАСТАР ҚОЛДАУСЫЗ ЕМЕС

zhastar-zhalyn

Статистикалық деректерге сәйкес бүгінде Астанада 14 пен 29 жас аралығындағы 220 мың адам тұрады. Қала халқының 22 пайызын құрайтын жастардың бастамаларына биыл 200 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ербол Рыспаев мәлімдеді. Оның айтуынша, басқарманың ұйымдастыруымен елордада жыл басынан бері 25-тен аса жоба, ұлттық және отбасылық дәстүрлерді насихаттауға, жұмыспен қамту және кәсіби бағдарлауға, салауатты өмір салтына баулып, еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған 100-ге жуық іс-шара өткізілді. 2017 жылға дейін тағы 10 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. – Жасөспірімдердің шығармашылығын жетілдіріп, ... Читать далее »

Лейла МАХАТ, суретші: АСТАНА АСПАНЫНА КӨЗ ТОЙМАЙДЫ

Лейла Махат

Бейбітшілік және келісім сарайында орын тепкен «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығында есімі елге белгілі елордалық суретші Лейла Махаттың көрмесі ашылды. Қылқалам иесі Астана мен Венада салған соңғы бір жылдағы туындыларын паш етті. Картиналардың дені жеті қат көктің түрлі күйін бейнелеген. Суретшінің өзі көрмені «Аспан мен жер» атаған. Сырға толы суреттердің қалай туғанын автор аузынан естуге асықтық… КӨРІНІСТЕН ТУҒАН СЕЗІМДІ БЕЙНЕЛЕЙМІН – Бірден ойға келетін сұрақ: неліктен аспан? – Саяхатшы жаңа мекенде түрлі қызықты байқайды. Көрікті жерлер, халықтың әдет-ғұрпы, сәулет ғимараттары. Адамдармен танысады, эмоция мен сезімдердің жаңа әлемін ашады. Ал менің ... Читать далее »

Қайрат БАЕКЕНОВ: Әнші халыққа жұмбақ болу керек

78

Оның әндері талай жұлдыздың бағын ашты, хит-парадтардың үздігі боп танылды. Өйткені әуендерінің келесі нотасының әуезін болжау қиын. Ешкімнің шығармашылығына жиендік жасамайтын Қайрат Баекенов құрған «Формат» тобы да қазақ эстрадасына жаңа леп әкелгені сөзсіз. Талғамы ерек астаналық әнші, сазгермен әңгімелесудің сәті түсті. Әуеннің гармониясын сеземін – Бүгінде «Қайрат Баекенов ән жазса, міндетті түрде хит болады» деген стереотип қалыптасты. Танымал ән жазудың сырымен бөліссеңіз? – Ән жазғанда үнемі ой үстінде жүремін. Тыңдаушы құлақты жалықтырмайтын, соңына дейін сүй­сініп еститін ән болса деймін. Ха­лыққа таратпас бұрын мың рет тың­даймын. Өзімді зе­ріктіріп жіберсе, жарыққа шығармай ... Читать далее »

Астана – достық мекені

erm_5034

Елорданың білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған этномәдени бірлестіктер күні акциясы басталды Еліміздің мерейлі мерекесіне арналған шаралар 16 желтоқ­санға дейін жалғасатын болады. Қазақстанның ең басты құндылығы әрі жетістігі болып саналатын ынтымақ пен бірлікті ұлықтайтын айтулы акцияның алғашқы шарасы Астанадағы Көлік және коммуникациялар колледжінде өтті. Салтанатты шара барысында «Возрождение» немістер қоғамы, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігі және «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының өнерпаздары өз өнерлері арқылы еліміздегі бірлік пен берекені бейнелеп көрсетті. Елімізде мекендейтін барлық ұлттардың бір шаңырақ астында берекелі өмір сүріп келе жатқанын әспеттеген әндер шырқалып, ел тәуелсіздігін ұлықтаған өлеңдер ... Читать далее »

Панасыздар көбейді

img_6421

Күн суытқалы Астанадағы Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына келушілердің саны артты. Бүгінде мұнда 126 адам тіркелген. «Тоғызын ауруханаларға жібердік, ал қалған 116-сын тамақтандырып отырмыз. Бәрінің де үй-күйі жоқ» дейді Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Динара Шапина. «Сырқаттарды ауруханаға жатқы­за­мыз. Бізде түрлі адамдар келеді. Құжатсыз болса бір жыл, басқа жақтан келсе бір ай бойы бізде қалады» дейді Динара Шапина. Оның айтуынша, белгілі тұрағы жоқ адамдардың кейбірі мекемеге өздері келсе, қалғанын құқық қорғау органдарының немесе жедел медициналық көмек қызметінің қызметкерлері алып ... Читать далее »

Саңлақтар сабақ берді

kbb_9092

Астанадағы №35 мектеп-лицейде денешынықтырудың ерекше үлгісі өтті. «Физкульт-Ура!» әлеуметтік жобасы аясында оқушыларға сабақты Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова мен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко жүргізді. Балалар кәсіпқой спортшылардың жетекшілігімен жаттығу жасап, эстафеталық ойындарға қатысты. Олимпиада чемпиондары дененің барлық бұлшық етін дамытуға арналған жаңа фитнес-технологиялардың үздік қимылдарын көрсетті. Гюзель Манюрова спорттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіріп, оқушыларға бүкіреймей, арқаны тік ұстап жүруге бағытталған жаттығу топтамасын жасатты. – Мұндай шаралардың арқасында балалар үлкен жетістіктер мектептегі шынығудан басталатындығын ұғады. Теледидардан көріп жүрген ел мақ­таныштарын мұғалім ретінде танып, денешынықтыруға деген қызы­ғушылығы артады. Бұл жобаға ... Читать далее »

Кім болғың келеді?

2hmna7dr7js4wa4qqbje7ksbb7bp3u

Көрермен залында бір мыңға жуық оқушы отыр. 9, 10, 11-сынып шәкірттері. Психолог ортаға «Болашақтағы мамандығын кім таңдап үлгерді?» деген сауал тастады. Көпшіліктің жартысынан азы қол көтерді. Қалғаны әлі шешпеген. Бұл қалалық Білім басқармасы мен «Астана жастары» ресурстық орталығы ұйымдастырған кездесу барысында қойылған сұрақ болатын. КӘСІБИ МАМАНДАР ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІ Ертеңгі кәсібін анықтау – жалғыз оқушыны емес, жаппай қоғамды алаңдатарлық мәселе. Себебі, бүгінгі оқушы – келешектегі маман иесі. Ал бала таңдауы еңбек нарығындағы сұранысты қанағаттандыра ма? Тағы да маңызды. Елімізде сондықтан жас өркенге кәсіби бағыт-бағдар беру ісіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ... Читать далее »

Жүректен жүрекке жеткізді

Риодағы ХV паралимпиадалық ойындарда ел намысын қорғаған спортшылар кеше Астанадағы №65 мектеп-гимназия оқушыларын Бүкіләлемдік күлкі күнімен құттықтап, «Жүректен жүрекке» атты мерекелік концертте қатардан қалмаған қамкөңіл балалардың өнерін тамашалап қайтты. Қаламыздағы коррекциалық-түзету сыныптары 2010 жылы №65 мектеп-гимназиясына көшірілген болатын. Ал келесі жылы мектепке инклюзивті оқу сатысы енгізілді. Яғни, балалар жынысына, жас ерекшелігіне, қимыл-қозғалысы мен ақыл-есіндегі ауытқушылыққа, әлеуметтік жағдайына қарамастан, сапалы білім алуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда аталмыш мектеп гимназияда ерекше қажеттіліктері бар 81 бала мен құлағы нашар еститін 203 оқушы оқиды екен. Мүмкіндігі шектеулі балалар сабақтан бөлек, ән, би, сурет салу ... Читать далее »