-->

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ тэг бойынша мұрағат

ЕКПЕДЕН БАС ТАРТУ НЕГЕ КӨБЕЙДІ?

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында иммундау мәселесі өзекті болып отыр. Жуырда ғана Ақтөбеде ата-аналары екпе салдырудан бас тартқан жиырма баланың туберкулезге шалдыққаны тіркелді. «Баланың ағзасына дәрі жіберу шариғатқа қайшы деп ойлап бас тартып едік. Енді өкініп отырмын» деп жылап- сықтаған ақтөбелік келіншектің қайғысын ешкімнің басына бермесін деп тілейік. Екпе егілмеген баланың иммунитеті әлсіз болатынын мамандар күн сайын ескерткенімен, дұрыс түсінбейтін ата-ана жетіп артылады. Ендеше, екпеден бас тарту себептеріне байланысты жүргізілген талдауларға назар аударайық. Мәселен, 2016 жылы елімізде екпеден бас тартқан 9685 адам тіркелген. Бұл 2015 жылмен салыстыр­ғанда 13,4 пайызға өскенін ... Толығырақ оқу →

БАУЫРЫН БАУЫРЫНА БӨЛІП БЕРДІ

Қазақта «жиен жеткізеді» деген қанатты сөз бар. Астанада жасалған күрделі ота барысында жиені нағашысына бауырының жартысын берді. Оңтүстік Кореядан келген мамандар елімізде алғаш рет қан тобы сәйкес келмейтін науқасқа бауыр алмастыру отасын жасады. Елімізде жыл сайын 50 адам донорлық ағзаға қолы жетпегендіктен көз жұмады екен. Донор табылған күннің өзінде науқастардың қан тобының сәйкес келуі аса маңызды. Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли және ағзаларды транспланттау орталығының доценті Куинг Чул Ён күрделі ота барысында біздің дәрігерлерге қан топтары үйлеспейтін кезде тірі туыс донордан бауыр ... Толығырақ оқу →

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ЖАҢА НҰСҚАДА ДИГРАФТАР БОЛМАЙДЫ

Латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы жариялана сала көпшілік сынына ұшырағаны белгілі. Ал күні кеше Мемлекет басшысына екінші рет таныстырылған жоба қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен пікірлерді ескерген сыңайлы. Аталамыш жоба Бұған дейін «Астана ақшамы» газетінде көтерілген ұсыныстармен де сәйкес келеді. Қазақ әліпбиінің тәжі­рибесі мен теориясы Ахмет Байтұрсын­ұлы­нан бастау алғаны белгілі. «Латын әліпбиінде тіл ауыс­пайды, таңба ғана ауысады» деген Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлес­тіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов жобаны дайындау барысында ең алдымен қазақ тілінің дыбыс­тық мүмкіндігі ескерілгенін айт­қан болатын. Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тілдер институтының жұмыс комиссиясына латын графикасын өзгерту жөнінде ... Толығырақ оқу →

ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ

Сәрсенбі күні «Елорда ақпарат» медиа ресурсы мен «Астана» радиосының бірлескен «Қала тынысы» жобасының кезекті бағдарламасына қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров пен басқарма басшысының орынбасары Сәуле Мұқышева келді. Денсаулық саласындағы өзекті мәселелер талқыланған тікелей тілдесу барысында маман тапшылығы, емхана жүктемесі, екпе мәселесі, «смарт емхана» жобасына қатысты сауалдарға жауап берілді. Дәл қазір қаламыз бойынша қордаланып отырған, газетіміздің бетінде жиі көтеріліп жүрген маңызы бар мәселелердің нақты жауаптарын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Емхана жүктемесін азайту көзделуде Денсаулық сақтау бас­қар­масының басшысы Камалжан Надыровтың қызметке келгеніне небәрі бес ай ғана уақыт болды. «Сондықтан іске кіріспес ... Толығырақ оқу →

«ҚҰРСАҚ АНАНЫҢ» ҚҰНЫ ҚАНША?

Тоғыз ай көтеріп тапқан баласын туа сала биологиялық ата-анасына бергісі келетін жастар күн санап көбейіп келеді. Жатырын «жалға» беруді мақсат еткендердің көптігі сонша, бір ғана kazakh.ru форумында жыл басынан бері жүзден астам бойжеткен хабарлан­дыру қалдырған. Осыдан он шақты жыл бұрын суррогат ана туралы ілуде бір хабар кездестірсек, қазір ашық түрде жарияланатын болды. Себебі сол, осы мәселеге қатысты барлық мән-жай заңмен реттеліп қойған. Нақты айтқанда, еліміздің «Неке және отбасы туралы» заңында суррогат ана дегеніміз – суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бiтiру, оны көтеру және тууды айтады. ... Толығырақ оқу →

БАС ЖОСПАР: ҚАЛА КЕЛБЕТІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

2020 жылға қарай елорда халқының саны – 1070 мың адам, тұрғын үй қоры 23,7 млн шаршы метр болады. Елорданы дамытудың 2030 жылға дейінгі бас жоспарында Астана Еуразияның іскерлік, мәдени, ғылыми орталығы ретінде танылмақ. Күні кеше өткен ЭКСПО халықаралық көрмесі елорданың дамуына жаңа серпін әкелді. Қызмет көрсету саласы артып, инфрақұрылым жаңа деңгейге көтерілді. ЭКСПО айналасының өзінде қаншама нысандар салынды. Жаңа теміржол вокзалы, әуежайдың заманауи терминалы, алпысқа жуық мейрамхана мен дәмхана, 36 қонақүй мен басқа да нысандар пайдалануға берілді. Екі жыл бұрын түзетілген бас жоспарға сәйкес қаланың дамуы мұнымен тоқтамайды. Аспанмен таласқан ... Толығырақ оқу →

Бар қонақтың басын қосқан – «Бәйтерек»

Елорда символы «Бәйтерек» монументіне келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Күрделі жөндеуден кейін келбетін өзгерткен нысанды бүгінге дейін 263500 адам  тамашалады. Шамамен 90 миллионға жуық табыс түскен. ЭКСПО көрмесі кезінде «Бәйтеректің» түбі кезектен арылмады. Кішкентай баладан еңкейген кәріге дейін елорда символын қызықтау үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Мекеме қызметкерлері күннен қорғайтын арнайы шатырлар тігіп, орындықтар орнатып, халықты ауыз сумен қамтамасыз етті. «Бір күнде 3000-ға жуық адам кірді. Қауіпсіздік шараларына мән бердік. Арнаулы терминалдар орнатып, кассаның жұмысын жеңілдеттік. Арнайы мамандандырылған күзет қызметі мен полиция өкілдері күні бойы кезекшілік жасады. Таңғы 09.00-ден түнгі 11.00-ге ... Толығырақ оқу →

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Адал еңбек етіп, өкінішке қарай, ақысын ала алмай жүрген елордалық бір топ құрылысшының бармаған жері, қақпаған есігі қалмады. Редакцияға шағымданған олар бір жарым жылдан бері құрғақ уәдеге тойғандарын айтады. Ал жалақысын бермей кеткен «Дорожник» құрылыс компаниясы бір күнде ізім-қайым жоғалған. Елордада екі бірдей мектеп құрылысын жүргізген жұмысшылардың басым бөлігі ауылда қалған бала-шағасын асырау үшін еліміздің әр өңірінен келген екен. «Дорожник» құрылыс компаниясында жұмыс істеген олардың саны 50-ден асады. Тек жұмысшыларды ғана емес, шағын-шағын құрылыс мекемелерін де тартқан компания бас-аяғы 150 азаматқа қыруар қаржы берешек. Өткен жылдың соңында аталмыш кәсіпорын директоры ... Толығырақ оқу →

Сәрсембек ЖҮНІСОВ, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» директоры: Астана – болашақтың қаласы

Елорданың тыныс-тіршілігіне қолайлы орта туғызып, орнықты дамытуды көздейтін басты құжатта бас қала іскерлік, мәдени, ғылыми орталық ретінде айқындалады. Келешекте Астана қаласының қайталанбас сәулеттік құрылысы қалай өзгереді? Тарихи-мәдени мұралар мен табиғи аймақтарды құру қалай жүзеге аспақ? Осы және өзге де сауалдар туралы «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» директоры Сәрсембек Жүнісовпен әңгімелескен едік. ҚАЛАНЫҢ ӘРБІР АУДАНЫНДА ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСАДЫ – Сәрсембек Ендібайұлы, күн сайын кеңейіп келе жатқан қаланың бас жоспарында қандай өзгерістер бар? – Астананың көркемдік бейнесі осы заманның сәулеттік стиліне сай болу керек. Қала өзінің көркемдік құрылымы бойынша полифонды болуға және Еуразия ... Толығырақ оқу →

ИОРДАНИЯ ҰЛТТЫҚ КҮНІН ҰЛЫҚТАДЫ

ЭКСПО қалашығында Иорданияның ұлттық күні тойланды. Салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инаб аталмыш елдің баламалы энергия көздерін әртараптандыруды қолға алғанын мәлімдеді. «Иорданияның энергетика саласындағы басты саясаты – мұнай импортына деген тәуелділікті шектеу. Табиғи отынның үлесін арттырып, қолданыс аясын қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан, энергия көздерін әртараптандыру – Иордания үкіметінің алға қойған бағытының бірі. Ал ЭКСПО-2017 көрмесі – үздік инновациялық жетістіктермен танысудың мүмкіндігі» дейді Ахмед Идрис Инаб. Ал еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев екі ел арасындағы достық қарым-қатынас барлық салаларда ... Толығырақ оқу →