Воскресенье, 20 Август 2017
-->

Архивы с метками: Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

ЕР ТҰЛҒАЛЫ ЕЛАМАН

Астана төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы – 2017» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды. Биыл жетінші рет ұйымдастырылған күрес додасына еліміздің барлық облыс­тарынан, Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ, Қазақстан әскерінен іріктелген 34 балуан бақ сынады. Күрес десе, ішкен асын жерге қойған қарға тамырлы қазақтың төл өнері, ұлттық спортына баланған қазақ күресінің жанкүйері қашанда көл-көсір болған. «Барыс Арена» мұз сарайында өткен биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде де осындай жағдайға кенелдік. Кең сарайдың ішінде ине шаншар жер қалмады. Дүбірлі жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде елорда әкімі Әсет Исекешев жыл сайын ... Читать далее »

ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА

Елорда әкімі Әсет Исекешев Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған Астана туралы үздік материалдарға жарияланған шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.   Ел жүрегіне баланған елордамыздың тыныс-тіршілігін, бас қаламыздың даму динамикасын шығармашылығына арқау еткен журналистердің еңбегі бағаланған байқау қорытындысында «Баспасөздегі мақала» аталымы бойынша «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Зарина Нокрабекова бас жүлдені қанжығасына байлады. Екінші жүлделі орынды «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбет иеленді. Үздік үштікті «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Ғалым Омарханов түйіндеді. Сондай-ақ, электронды ақпарат құралдарының бірнеше қызметкерлері жүлдегерлер қатарынан көрінді. Барлық жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлық табысталды. Ғалым Қожабеков Читать далее »

ЭНЕРГИЯ КӨЗІ – АДАМДАР

Астана төрінде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған ­көрмесінде  Грузия мемлекетінің Ұлттық күні аталып өтілді. Салтанатты шара­ға елімізге ресми сапармен келген Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили мен ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты. Салтанатты шара басында Қазақстан мен Грузия елдерінің тулары көтеріліп, мемлекеттік гимндер орындалды.  Шараның ашылу рәсімінде «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Грузия комиссары, Энергетика министрінің орынбасары Илья Элошвили сөз сөйлеп, екі елдің арасындағы қарым-қатынас тығыз әрі жемісті болып отыр­ғанын, Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесіне Грузияның қатысып жатқанына қуанышты екенін атап өтті. Қазақстан тарапынан сөйлеген Инвестициялар және даму ми­нистрі Жеңіс Қасым­бек «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың ... Читать далее »

КУБОК ЖЕҢІМПАЗЫ – ҚАЗАҚСТАН

Астанада бокстан Қазақстан Президентінің Кубогы үшін өткен V халықаралық турнир мәресіне жетті. Былғары қолғап шеберлерінің байрақты бәсекесінде Қазақстан боксшылары жеңімпаз атанды. «Дәулет» спорт кешенінде 10 елден келген 113 боксшы жекпе-жекке шықты. Жанкүйер қауым он салмақ дәрежесіндегі ерлер бәсекесін, сондай-ақ, үш салмақ бойынша әйелдер жекпе-жектерін тамашалады. Бес күн бойы бокс сүйер қауымның делебесін қоздырған турнир барысында Олимпиада ойындары жүлдегерлерінің, әлем чемпиондары мен құрлық біріншіліктері жеңімпаздарының өнеріне көз жеткіздік. Атап айтқанда, әйелдер сайысында сынға түскен арулардың қатарында әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай ( 51 кг), Рио олимпиадасының жүлдегері Дариға Шәкімова (75 ... Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫН КІМ ИЕЛЕНЕДІ?

АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН БОКСТАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ. ЖАРЫСТЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНДА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЕЛСИЯР ҚАНАҒАТОВ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ. АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРМЕК АМАНШАЕВ ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫ ҮШІН ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БҮГІНГІ ТАҢДА БҮКІЛ ӘЛЕМ КӨЗ ТІККЕН «ЭКСПО-2017» ҚАРСАҢЫНДА ҰЙЫМДАС­ТЫРЫЛЫП ОТЫРҒАН АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ БІРІ ЕКЕНІН АТАП ӨТІП, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ СПОРТШЫЛАРҒА ТАБЫС ТІЛЕП, СОНЫМЕН ҚАТАР, ШЕТЕЛДІК ҚОНАҚТАРҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ. «Дәулет» спорт кешенінде керілген шаршы алаңда Ресей, Украина, Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан, Филиппин, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Иран және Қазақстан былғары қолғап ... Читать далее »

АСТАНАДА – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН

Елордамызда ЭКСПО аясында өтетін айшықты шараның бірі Астаналық халықаралық жеңіл атлетика марафоны болмақ. Кеше осы жарысқа арналған баспасөз мәслихаты өтіп, марафонның өтетіні туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Айтулы марафон Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы алдын ала жасалған келісімнің негізінде жүзеге асырылады. Келісім бойынша Халықаралық марафон мен биыл 25 жылдығы аталып өтілетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) өткізетін «Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі мәжіліс» форумы біріктіріліп отыр. Халықаралық марафонның ұйымдастырушылары кеше Астанадағы Hilton «Garden Inn Astana» қонақ үйінде бас ... Читать далее »

КӨШ БАСЫНДА – «АСТАНА»

Жексенбі күні футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында кезекті турдың ойындары өтті. Турдың орталық матчын «Астана Аpена» стадионынан тамашаладық. Еліміздің бес дүркін чемпионы Павлодар қаласының «Ертіс» командасы мен соңғы үш жылда қатарынан ел чемпионы атағын иеленген «Астана» өзара мықтыны анықтады. Матч алдында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Азамат Айтхожин сәуір айындағы үздік бапкер мен ойыншыға дәстүрлі естелік сыйлық тапсыр- ды. «Үздік бапкер» сый- лығына «Астана» ко- мандасының бас бапкері Станимир Стойлов, ал «Үздік ойыншы» сый- лығына «Ертіс» команда- сының жартылай қорғау- шысы Аслан Дарабаев ие болды. Ал үздіктері үкіленген командалардың ойыны- на ... Читать далее »

ЖҰЛДЫЗДАР АСТАНАДА ЖАРҚЫРАЙДЫ

Кеше «Барыс Арена» спорт сарайында Астана қаласының әкімдігі, Құрлықтық хоккей лигасы және «Барыс» хоккей клубы арасында 2018 жылғы «ҚХЛ жұлдыздарының матчы» елордамызда өтетіні жөніндегі меморандумға қол қойылды. – Алдағы жылдың алғашқы айында Астана Еуразия кеңістігінің хоккей қаласына айналайын деп тұр. «Жұлдыздар матчын» өткізуге біздің Астанамен қатар Хельсинки, Қазан және Владивосток қалалары да үміткер болған еді. Осы бәсекеде ҚХЛ-дың арнайы комиссиясы біздің елордамыз барлық талаптарға сай келетінін айқындап, лига басшылығының таңдауы Астана қаласына түскен екен. Бұл – үлкен сенім, әрі жауапкершілік. «Барыс» хоккей командасы біздің қаланың брендіне айналып отыр. Біздің команда ... Читать далее »

УСИН АТА

Ұлы Отан соғысы… 1941-1945 жылдары 1418 күнге созылған сұрапыл соғыс бұрынғы Кеңес одағы аталған алып мемлекетке қараған республика тұрғындары үшін фашизмнен ел мен жерді қорғаған қасиетті майдан болғаны айқын. Бұл алапат айқасқа біздің туған еліміз – Қазақстаннан  1 миллион 366 мың адам қатысқан еді. Сұрапыл соғысты бастан кешкен ержүрек майдангердің бірі – ақмолалық Сейілбек Усин атамыз. Бүгінде 97 жасқа қараған ардақты ардагеріміз елордамыз Астанада ағайын-туысқандары, бала-шағасы­ның ортасында бақытты ғұмырын кешіп отыр. Бүкіл саналы ғұмырында салауатты өмір салтын ұстанып келе жатқан қадірлі қарияның өмірі шынымен де өскелең ұрпаққа өнеге болатыны айқын. ... Читать далее »

ЕГДЕ АДАМДАРҒА ЕРЕКШЕ ҚЫЗМЕТ

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда тұрғындарымен есептік кездесу өткізу барысында қалалық Денсаулық сақтау басқармасына елордадағы №4 емханада  геронтологиялық орталық ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Кеше осы орталық салтанатты жағдайда ашылды. Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының майдангерлері, Ауғанстан соғысының ардагерлері, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар шақырылды. Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов пен Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов жиналған қауымды Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтап, емхана ұжымына алғыс­тарын жеткізді. – Астана қаласы бойынша өмір сүру жасы жылдан-жылға ұлғайып келеді. Бұл – әлеуметтік ... Читать далее »