-->

Архивы с метками: футбол

“АСТАНА” ФК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

futbol

Елордалық футболшылар павлодарлық «Ертіс» командасымен қарымта матч өткізіп, 5:3 есебімен қонақтардан басым түсті. Сырт алаңда өткен алғашқы ойында «Астана» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жартылай финалға жолдама алған тағы бір команда алматылық «Қайрат» «Атырауды» екі матчта да тізе бүктірді. Енді қос команда Қазақстан Кубогын сарапқа салады. Матч аяқталған соң Станимир Стойлов команданы құттықтап, осы маусым оңай болмағанын атап көрсетті. «Осы маусым менің командам үшін өте қиын болды. Маусым басындағы біздің кішігірім мақсатымыз Қазақстан Кубогы финалына шығу болатын. Финалдық ойында бүгінгі ойынмен салыстырғанда мүлде басқаша, жинақы ойын көрсетеміз. Бүгінгі ойында көптеген ... Читать далее »

“АСТАНА” – ҮШ ДҮРКІН ЧЕМПИОН!

futbol

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында соңғы турдың ойындары өтеді. Осы турдың нәтижесінде қола жүлдегер белгілі болады. Ал алтын медаль иегері чемпионат аяқталмай-ақ анықталып қойды. «Астана» биыл үшінші мәрте қатарынан ел чемпионы атағын жеңіп алды. Дәл өткен жылдағыдай Алматының «Қайрат» командасы күмісті олжалады. «Астана» футбол клубы бүгінде ел спортының мәр­те­белі ұжымына айналып отыр. 2009 жылы құрылған команда биыл сегізінші рет ұлттық біріншілікте бақ сынады. Бес чемпионатта жүлдеге қол созды. Премьер-лигаға қосылған жылы бірден жеңімпаз болатындай ойын көрсеткен де еді. Алайда «Ақтөбе» командасынан оза алмады. Ал ақтөбеліктер болса, сол жылы еліміздің чем­пионатын ... Читать далее »

«Астана» – ЧЕМПИОН

futbol

«Астана» футбол командасы – үш дүркін ел чемпионы. Кеше Қазақстан премьер-лигасының ке­йінге шегерілген турында «Оқжетпес» командасымен кездесіп, тең түсті. Доп додасының бітуіне бір тур қалғанда «Қайраттан» үш ұпаймен ілгері тұрған астаналықтарды тең есеп қанағаттандырады. Сырт алаңдағы ойын елор­далықтардың еркін көсілуіне мүмкіндік бермеді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қар басқан Көк­шетаудың стадионында қос команда аяғына дейін аянып қалмады. Бірінші таймның соңына қарай алаң иелерінде гол со­ғатындай мүмкіндік болды. Бірақ Ненад Эрич өз орнынан табылды. Одан кейін «Астана» есеп ашатын сәттен нәтиже шығара алмады. Пенальтиден тепкен Рохер Каньястың добы Саша Стаменковичтен кейін серпілді. ... Читать далее »

«ҰШПАҚҚА» БІР ҰПАЙ ШЫҒАРАДЫ

5f5213ad7bb2

«Астана» командасының ел біріншілігінде чемпион болуына бір адым қалды. Өткен жексенбіде өз үйінде «Ақтөбе» командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан Премьер-лига­сының 31-туры аясында өт­кен матчта алаң иелері көш басындағы орнын сақтап қалды. Чемпиондыққа жетелеген жалғыз голды Джордже Деспотович соқты. Артынан алматылық клуб­тың өкшелеп келе жат­қа­нын өте жақсы білетін елор­далықтардың алдында же­ңістен басқа мақсат жоқ еді. «Астана» алғашқы минуттан шабуылға шығып, ойын тізгінін қолға алды. Мықтап бекінгендері сонша, бірінші минутта-ақ есеп ашып кете жаздады. Дмитрий Шомконың ширақтығынан қақпаға төнген қауіптің бетін қонақтар қай­тарып үлгерді. Бірақ көп ұзамай Джордже Деспотович есеп ... Читать далее »

«Астана» чемпиондыққа асықпады

01-1

Елордалық «Астана» чемпиондыққа ерте қол жеткізуге асықпады. Ел біріншілігінің 30-турында сырт алаңда алматылық «Қайратпен» кездесіп, 2:0 есебімен жол берді. Ойын алдында астаналықтардың сапында Игорь Шитов, Неманья Максимович және Агим Ибраими жарақаттарына байланысты алаңға шыға алмайтыны белгілі болды. Бұл жағдай команданың ойынына әжептеуір әсерін тигізді. Соған қарамастан, қонақтар алғашқы 15 минутта допқа көбірек иелік етіп, алғашқы қауіпті шабуылды да ұйымдастыра білді. Асхат Тағыбергеннің алыстан бағыттаған добы қақпадан сәл қиыс кетті. Сәлден соң Джуниор Кабананга да бағын сынап көрді, бірақ қақпашы Стас Покатилов өз орнынан табылды. Есеп 29-минутта ашылды. Бұрыш­тамадан көтерілген допты ... Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН – РУМЫНИЯ МАТЧЫ КЕЗІНДЕ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

2a115a0bdbfd4dfe0bcd0c1b63581f6b_xl

2016 жылы 11  қазан күні сағат 22.00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Румыния арасындағы ұлттық құрамалар  футбол  матчы өтеді. Осыған орай бүгін 20.00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі жол қозғалысы матч аяқталғанға  дейін тоқтатылады. Жүргізушілерге Орынбор көшесімен айналып жүру ұсынылады. Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуын және бұқаралық шараның өтуіне байланысты жеке көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қаласы Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауды ұсынамыз. Футбол матчы ... Читать далее »

«ОҚЖЕТПЕСТЕН» ОҚ БОЙЫ ОЗДЫ

54fa8b25be52c

Ел біріншілігінің кезекті турында «Астана» өз ала­ңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады. Жан­күйерлер облыстық дербиге балайтын кездесуде елор­далықтар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап жатқан «Астана» өткен аптада швейцариялық «Янг Бойз» командасымен кездескен еді. Осындай қиын матчтан соң Қазақстан премьер-лигасында алдыңғы қатарда келе жатқан «Оқжетпесті» жеңу оңай болмастай көрінген. Бір саусағы бүгулі білікті бапкер Станимир Стойлов өткен матчта соңғы минутта ғана шыққан немесе мүлдем ойнамаған салмақты ойын­шыларды негізгі құрамда алаңға шығарды. Дәл осы ойын­шылар – Азат Нұрғалиев, Таңат Нөсербаев және Пат­рик Твумаси ойынның нағыз қаһармандары болды. Матч басталысымен ... Читать далее »

«АСТАНА» АЛҒАШҚЫ ҰПАЙЫН АЛДЫ

48339-astana-yang-bojz

 УЕФА аясындағы Еуропа лигасында екінші турдың ойындары өтті.  Швейцарияның «Янг Бойз» командасын қабылдаған «Астана» қарсыластарымен ұпай бөлісті. «Астана Арена» стадионына жиналған 20 мыңнан астам жанкүйер қаншалықты қызу қолдағанымен астаналықтар бұл ойында қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмады. Швейцариялық футболшылар да гол соға алмады. Осылайша, таблодағы есеп өзгеріссіз 0:0 болып қалды. Бұл «Астана» командасының Еуропа лигасындағы алғашқы ұпайы. Келесі ойынды Станимир Стойлов шәкірттері  20 қазанда Грекияда «Олимпиакос» командасымен ойнайды.                                                                                          Ғалым ҚОЖАБЕКОВ Читать далее »

«АСТАНА» — «ЯНГ БОЙЗ» МАТЧЫ КЕЗІНДЕ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

yang-bojz-kopiya

Бүгін, 29 қыркүйек күні «Ас­тана Арена» стадионында Еуропа лигасы аясында өтетін «Астана» – «Янг Бойз» матчы кезінде Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойындағы Керей-Жәнібек хандары кө­ше­сінен Хусейн бен Талал көшелеріне дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл жолмен жүрушілерге Орынбор көшесімен айналып жүруге кеңес беріледі. Бұл жол учаскесінде көлік қоз­ғалысы такси және қоғамдық кө­лік­терден басқа автомобильдер үшін сағат 19.00-ден бас­тап матч аяқталғанға дейін шек­теледі. Жанкүйерлер үшін матчқа апа­ратын арнаулы автобустар сағат 19.00-де мына жерлерде күтетін болады: «Қазақ­стан» СК, Аста­налық цирк, Қ.Мұ­ңайтпасов атын­дағы стадион, «Хазірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіті. Жол жүру бағасы ... Читать далее »

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНҒАН САРЫБҰЛАҚ

almaty

Жалпықалалық сенбілікте қала әкімі Әсет Исекешев «Таза өзендер» шарасына атсалысып, Сарыбұлақ арнасының бойында ағаштар отырғызды.  – Елорданы көгалдандыру, барлық аудандарда және шағын аудандарда гүлбақтар мен саябақтар санын арттыру – басты міндеттеріміздің бірі. Астанада дәстүр бойынша жыл сайын 20 мыңнан артық көшет отырғызылады. Биыл ботаникалық бақтың салынатынын ескерсек, бұл көрсеткіш екі есеге ұлғаяды. Осының барлығы халықтың кү­шімен және қолдауымен жаса­­лып жатыр. Сенбіліктер та­залыққа тәрбиелейді. Осылайша біз қаламызға деген сүйіс­пеншілігімізді жеткізіп, пат­риоттық танытамыз, – деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев. Сарыбұлақ жағасы аз уақытта адам танымастай өзгерген. Айналдырған екі айдың ішінде футбол ... Читать далее »