Tag Archives: Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Назым ҚЫЗАЙБАЙ, бокстан екі дүркін әлем чемпионы: СПОРТҚА КЕЛГЕЛІ БІР РЕТ ҚАНА МҰРНЫМ ҚАНАПТЫ

Елордада өткен әлем чемпионатында тамаша нәтиже көрсетіп, тарихқа енген боксшымыз Назым Қызайбайдың орны бір төбе. Жұмыр жердің бұрыш-бұрышынан жиналған білекті қыздар бәсекесінде аруымыз екінші мәрте жеңімпаз атанды. Ақтық сында қытайлық спортшы Ван Юяньді тұқырта сабаған Назым қазақ еліне жаһандық жарыстың кезекті алтын медалін жұлып алып берді. Сайыс аяқталған соң Назыммен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Өзі өте әңгімешіл екен, ә дегеннен ақтарыла кетті. – Жеңісің құтты болсын! Қазақ қыздарының арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз бойжеткен өзіңсің. Бұл жолғы жеңістің дәмі бөлек пе? – Әрине. Қанша дегенмен Отаны­мызда, Қазақстанның төрінде …

Ары қарай оқу

ЖАНКҮЙЕРЛІК ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ

Елордада өзге­лерге ұқса­майтын ерекше әже тұрады. Бұл кісі басқа зейнеткерлер секілді күні-түні шәлі тоқымайды, топырлатып мысық та асырамайды. Жетпіс бес жастағы Людмила Куфонинаның хоббиі – спорт. Қария елу үш жылдан бері «Астана» футбол клубының тұрақты жанкүйері атанған.  Омбы қаласында дүниеге келген кейіпкеріміз 1957 жылы 10-сыныпқа өткен кезде-ақ жергілікті футбол және хоккей ойындарына бара бас­тапты. «Дәрігерлер маған спортпен шұғылдануға тыйым салған. Соғыстағы ашаршылықтан соң денсаулығым жарамайды. Тым құрығанда, спортшыларға рухани қолдау білдіру үшін ойынға қатысқым келетін. Команда мүшелері де мені әбден танып алған. Бір күні хоккей тамашалап отырғанмын. Қырық градустық аяз …

Ары қарай оқу

ҚОМСЫНБАСАҢ, ҚОҚЫС ТА КӘДЕЛІ

Астанада қалдықты қайта өңдеу процесін арттыруға қатысты Мем­лекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда әкімдігі арнайы бағдарлама әзірлеген. Соның аясында шаһардағы қоқыс кон­тейнерлерін жаңарту және осы мақсатта инновациялық технологияларды енгізу жоспарлануда. Аталмыш құжат кеше бірқатар ведомс­т­­во басшыларымен өткен дөңгелек үстел жиынында талқыланды. Шараға Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаты әрі экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті мүшесі Серік Сейдуманов, Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті директоры Жан Нұрбеков, «Қазақстандық МЖС орталығы» ұйымының вице-президенті Айдос Көбетов қатысып, қоқыстың қоршаған ортаға әсері жайлы әңгіме өрбітті. Олардың айтуынша, …

Ары қарай оқу

Astana bike: елордалықтар еуропалықтардан қалыспайды

Күн жылынғалы бері қос доңғалаққа қонжиған аста­на­лықтарды жиі көретін болдық. Әсіресе, кептелістен көз ашпайтын көшелерде бұл велосипедің – таптырмас тұлпар. Әрі-беріден соң, автотұрақтан орын іздеп, әуреге түспейсің. Ауаны да ластамайсың. Уақытың мен жолыңа өзің – би, өзің – қожа!  Осы орайда елордада бұрнағы жылы іске қосылған «Astana Bike» жүйесінің пайдасы ұшан-теңіз. Сол жобаның арқасында бас шаһардың біраз тұрғыны салауатты өмір салтына көңіл бөліп, велосипедке көшті. Ал енді мына қызықты қараңыз. Велосипедпен жүрудің орташа көрсеткіші жағынан Астана жұртшылығы Мәскеу, Париж және Сан-Франциско тұрғындарынан озып кетіпті. Статистикалық деректерге сүйенсек, мәскеуліктер – тәулігіне …

Ары қарай оқу

АЗАМАТТАР СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТ

Кеше Астанада ҚР Әділет министрі Берік Имашев халыққа есеп беру кездесуін өткізді.  Министр реестрге сәйкес Әділет министрлігінің құзырына мемлекеттік қызметтің 53 түрі бекітіліп, оның ішінде министрлікпен тікелей 40 қыз­мет түрі көрсетілетінін, 9 жер­­гілікті атқару органдарымен және төрт қызмет «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясымен атқарылатынын атап өтті. Осы ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Халық үшін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылдың және меморгандар қызметіне азаматтардың сенім арттырудың маңызды аспектісі болып табылады, деп атап өтті Б. Имашев. Халықаралық келісімдер …

Ары қарай оқу

«Astаna Bike»: елордалықтар еуропалықтардан қалыспайды

Бүгінгі таңда  елорда көшелерінде «Аstana Bike» жобасы аясында 150 велобекет орнатылған. Астана тұрғындары мен қонақтары биылғы маусым басталғалы 250 мың шақырымнан аса жол жүріп тастапты. Осы жүйені құптаған әрі қолдаған, яғни велосипед қызметін тұрақты пайдаланушылар саны бүгінде 3500-ден асып жығылады. Демек, Астана да экологиялық тазалықты сақтайтын, салауатты өмір салтын құптайтын қалаға айналатынын айғақтай түскендей… Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Ары қарай оқу

ҚОМСЫНБАСАҢ, ҚОҚЫС ТА КӘДЕЛІ

Астанада қалдықты қайта өңдеу процесін арттыруға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда әкімдігі арнайы бағдарлама әзірлеген. Соның аясында шаһардағы қоқыс контейнерлерін жаңарту және осы мақсатта инновациялық технологияларды енгізу жоспарлануда. Аталмыш құжат бүгін бірқатар ведомство басшыларымен өткен дөңгелек үстел жиынында талқыланды. Шараға Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаты әрі экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті мүшесі Серік Сейдуманов, Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті директоры Жан Нұрбеков, «Қазақстандық МЖС орталығы» ұйымының вице-президенті Айдос Көбетов қатысып, қоқыстың қоршаған ортаға әсері жайлы әңгіме өрбітті. Олардың айтуынша, бүгінде …

Ары қарай оқу

ТАЗАЛЫҚҚА ҚОЙЫЛАР ТАЛАП ОРТАҚ

Тыйым салынған жерлерге қоқыс төгу елорданың экологиялық ахуалына кері әсер ететіні сөзсіз. Осындай заңсыздықтарды реттеу және алдын алу үшін шаһар басшысы Әділбек Жақсыбеков арнайы жұмыс топтарын құрып, рейдтер жүргізуді тапсырған-ды. Аталмыш шараға біз де қатысып, тазалық мәселесіне қатысты тәртіп бұзушылық фактілерін тексердік. Аудан әкімдіктері, Экология департаменті, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Табиғатты қорғау полициясы, «Астана Эко-Полигон НС» және «Астана Тазарту» кәсіпорындары өкілдерімен бірге әуелі «Royal Park City» қалашығына бардық. Ат шаптырымдай үлкен аумақта тау-тау қалдық үюлі жатыр екен.  Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу …

Ары қарай оқу

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Сәтті қадам» жобасының жаңа бағытын қолға алатынын мәлімдеді. Аталмыш ұйым енді колледж бен университетті тәмамдаған жетім балаларды жұмысқа орналастырады. «Жас Отан» төрағасы Шахмардан Баймановтың айтуынша, биылғы оқу  жылын  бітірушілердің  арасында  3600 өрен – жетім балалар. Олардың 2441-і техникалық білім алып шықса, 1192-сі – жоғары оқу орнының түлектері. «Сәтті қадам» жобасының жаңа бағыты бойынша 172-ден астам кәсіпорын, олардың ішінде «Қазақстан темір жолы», «Баян сұлу», «Ореол», «Өскемен қағаз зауыты», «ҚазПласт», «Мутлу-гипс», «Павлодар мұнай химия зауыты» сынды компаниялар бірлесіп жұмыс істеуге келісіп отыр. «Осы санаттағы барлық …

Ары қарай оқу

АСТАНА АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Бүгінде Астанада балаларға арналған алаңқайлар мен спорт алаңдарын кешенді абаттандыру, демалатын күркелер, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Жыл соңына дейін Алматы ауданында – 10, Сарыарқа ауданында – 19, Есіл ауданында 6 аула абаттандырылады.  Қазіргі кезде Алматы ауданында 581 аула бар. Биыл 16 көп қабатты үйді қамтитын 10 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Балаларға арналған 11 ойын және 3 спорт алаңы жасалады. Азаматтардың таза ауада жаттығуына да баса назар аударылады. Осы мақсатта 5 гимнастикалық алаңда 56 тренажер орнатылады. Абаттандыру жұмыстары барысында 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық, 8 күрке …

Ары қарай оқу