Tag Archives: Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

ХИМИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР АСТАНАДА ЖАСАЛАДЫ

Астана қаласының әкімдігі мен Францияның Гюстав Русси атындағы онкология институты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында елордада химиялық препараттарды жасау орталығы ашылды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осы орталықтың жұмысымен танысып, бөлімшелерін аралады.Орталықтың ерекшелігі – онкологиялық ауруларды емдеудің халықаралық хаттамаларына сай химиялық препараттардың мөлшерлемесін дәл белгілеу және қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауыр жағдайларда Франциядағы әріптестермен онлайн режимде телеконсультация өткізу мүмкіндігі де бар. Қазір ондағы дәрігерлермен бірге аурудың диагнозы мен кезеңіне сәйкес емдеу шараларын тағайындаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Мекеме мамандары министрді «True Beam» заманауи …

Ары қарай оқу

НӘРЕСТЕНІҢ НӘСІБІ

Бас қаланың полицейлері толғатып жатқан ананың өміріне араша түсіп, аман алып қалды.    Уақиғаның мән-жайы былай болған. Түнгі сағат үштің шамасында полицияның кіші сержанты Бекзат Айдаров пен қатардағы қызметкер Асхат Қасымовтан Бөгенбай даңғылының бойында тұрған жеңіл көліктің жүргізушісі көмек сұрайды. Ол жолда әпкесінің толғағы басталғанын айтып, тезірек перзентханаға жеткізуді өтінген. Ер адам медициналық мекемеге барар жолды білмейді екен, өйткені елордаға Ақмола облысындағы Астраханка ауданының Первомайка ауылынан  таяуда ғана көшіп келіпті. Инспекторлар дереу дабыл жүйесін іске қосып, сол арқылы әлгі мәшинені №2 перинаталдық орталыққа жылдам апарады. Сөйтіп, жүкті әйелді дәрігерлерге уақытылы …

Ары қарай оқу

МЫСЫҚТАР «ПАТШАЛЫҒЫ»

Өткен демалыстардың бірінде Бурабайға бармақшы болғанбыз. Кетуін кетеміз-ау. Бірақ біздің бұл ойымыздан мүлде бейхабар Бауырсаққа қарап, кәдімгідей күмілжідік. Бауырсақ деп отырғаным – үйдегі сары марғау. Оны қайда қалдырамыз?! Күніне екі рет келіп, уақытылы тамағын беріп тұруға келісетін таныстар жоқ. Бәрі жұмысбасты. Көмек іздеп, ғаламторды ақтардық. Сөйтсек, Астананың бірнеше бұрышында мысықтарға арналған мейманхана жұмыс істейді екен. Былайғы кісілерге күлкілі көрінгенмен, мұндай мекеннің шынымен қажеттігін мысық асырайтындардың түгелі түсінер. Сенбесеңіздер, қазір сіздің де көзіңізді жеткізейік. Сырдария көшесінің бойында орналасқан әлгі орталықты тез таптық. Есік-терезелері ескілеу, айналасы қоршалған аласа үй екен. Үй иесі …

Ары қарай оқу

ТОЛАҒАЙ ИДЕЯЛАР ТОҒЫСЫ

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордадағы ең көрнекті нысандардың бірі – Елбасы кітапханасында қонақта болдық. Көз жанарының пішіні секілді салынған ерекше ғимарат архитектурасы кім-кімді де қызықтыратыны рас. Жоба авторы – британиялық сәулетші Норман Фостер екен. Бүгінде мұндай мекемелер АҚШ, Ресей, Әзербайжан секілді елдерде жұмыс істейді. Атақты көшбас­шылардың сая­си мұрасын сақтау және дамытуға бағытталған өзара ұқ­сас ұйымдар Франция мен Түркияда да бар. Президенттік кітапхана­да жинақталған зияткерлік капитал мемлекетті басқару ісі жөнінен елдің келешек басшылары мен саяси қайраткерлері үшін бағдарламалық өсиетке айналады. Нақ осы оң тәжірибе – Елбасы кітапханасын жасақтаудың басты себебі.   …

Ары қарай оқу