Tag Archives: Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ — БАЛАЛАРҒА

Бұл өмірдің базары да, ажары да – біздің бүлдіршіндеріміз. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген тәмсілді ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Перзентін көңілдің гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміттерінің иесі санайды. Сондықтан 1 маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке. Аталмыш мейрам аясында Астанада 20-дан аса іс-шара ұйымдастырылмақ. Думанды бағдарламалар легі таңғы сағат 10.00-де Қаржы министрлігі мен Оқушылар сарайы алдындағы алаңдарда, Астаналық саябақта және Студенттер паркінде басталады. Елордалық саябақта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жеткіншектерге көмек …

Ары қарай оқу

МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕЙТІН МЕКЕН

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай кеше елордада қайырымдылық  шарасы өткізілді. «Көмек» әлеуметтік көмек көрсету орталығы мен Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы бірлесе ұйымдастырған жиынға 100-ден аса бүлдіршін қатысты.  – Біздің ұйым 1999 жылы құрылған. Ал әлеуметтік көмек көрсету орталығы 2008 жылдан бері мемлекеттің қолдауымен қызмет етіп келеді. Жәрдемге мұқтаж ұл-қыздарға қол ұшын беру мақсатында түрлі жұмыстар атқарамыз. Қатарымыздағы еріктілер шаһардағы сауда орындарымен келісіп, орталыққа киім-кешек жеткізіп тұрады. Тұрмысы төмен және көп балалы отбасы мүшелеріне оларды тегін ұсынамыз. Бұдан бөлек, балақайларды саябақта қыдыртып, Бурабайға апарамыз. Иппотерапия­мен, канистерапиямен шұғыл­дандырамыз, – …

Ары қарай оқу

Бала бақылаусыз қалмасын

Сарыарқа ауданының әкімі Павел Кулагиннің төр­ағалығымен кәмелетке тол­мағандардың құқығы мен қылмысына қатысты жиын өтті. Оған жергілікті полиция қызметі мен прокуратура өкілдері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары қатысты.  Іс-шара барысында Сарыарқа ауданы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық сала­­дағы заңдылықты бақылау жөнін­дегі бөлім прокуроры Ғалы Бексұлтанов баяндама жасап, балалар арасындағы суи­цид мәселесіне тоқталды. «Бүгінде Қазақстан осы проблема бойынша әлем елдерінің тізімінде алғашқы орында тұр. Мұның өзі – қынжылтарлық дерек. Әйткенмен, жыл сайын суицид көрсеткіші азайып келеді. Мәселен, 2013 жылы 21 факті тіркелсе, 2014 жылы 6 бала өз-өзіне қол жұмсауға әре­кеттенген. Бірақ 2015 жылы бұл цифр 20-ға …

Ары қарай оқу

ТҮЛЕКТЕРДІҢ «ТРИУМФ» БАЛЫ

Талаптың тұлпарын мініп, тас қияға өрлеген талантты шәкірттердің басын біріктірген «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы биыл 10 жылдығын тойлауда. Мерейтой аясында аталмыш мекеме мен Астана қаласының Білім басқармасы дәстүрлі «Триумф» балын ұйымдастырды. Елорданың ең үлгілі түлектерін үкілейтін салтанатты жиынға біз де қатысып қайттық. Оқушылар сарайының ішінде ерекше атмосфера орнаған. Ақ көйлекті бойжеткендер мен шырттай киінген бозбалаларға қарап көзің сүйсінеді. Бүгін олар қандай марапатқа да лайық. Өйткені ұл-қыздар дүбірлі додаларда дес бермей, бас шаһардың беделін биіктетіп келеді. Мәселен, биылғы оқу жылында АҚШ-та, Бразилияда, Грузияда, Ресейде, Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық олимпиадалар мен …

Ары қарай оқу

АДАМДЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Елордадағы №2 қалалық аурухананың кардио­хирург­тері екі рет клиникалық өлімді бас­тан кешкен кісіге күрделі ота жасады. Алпыс төрт жастағы пациенттің жағ­дайы бүгінде жақсы. Бұл – кардиологиядағы ерекше уақиғалардың бірі. Аталған жайт туралы астаналық дәрігерлер көшпелі отырыс аясында медициналық мекемеде қонақта болған Мәжіліс депутаттарына баяндап берді. Халық қалаулыларын бәрінен бұрын медициналық көмектің қолжетімділігі мен қауіпсіздігі, сондай-ақ, қанай­налым жүйесінің ауруларына қатысты мәселелер қызықтырды. Дәрігерлердің тиімді жұмысы арқа­сында қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші бас шаһарда 41,8 пайызға азайыпты. Жалпы, жүрегі ауыратын азаматтарға арнал­ған стационарлық көмектің 93 пайызы №2 ауруханада көрсе­тіледі екен. Мәжіліс депутаттары …

Ары қарай оқу

№6 ПАЛАТА

Елордада №25 бағыт бойынша қатынайтын автобустың ең соңғы аялдамасын жұртшылық сырттай жақсы біледі. Жақсы білгенмен, мақсатты түрде сонда баратындар көп емес. Өйткені, ол жер – күйкі тірлік тұралатып тастағандардың, анасынан ақыл-есі ауытқып туғандардың, қоғам қабылдамайтын мінез-құлқы бар кісілердің емделетін мекені. Ресми түрде Психикалық денсаулық  медициналық орталығы деп аталатын бұл ғимараттың тыныс-тіршілігі мен қызметі бұқараға беймәлім. Сондықтан жақында ат басын арнайы бұрып, ондағы өмірді бақылап қайтқан едік.  Дәуіріне қарай дерті Бізді мекеменің психиатр дәрігері Төлеуғазы Букашов қарсы алды. Бурыл шашты, бидай өңді дәрігердің соңынан еріп, бөлмесіне кірдік. – Ал, құлағым сіздерде, …

Ары қарай оқу

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАЙЫППЕН ШЕШІЛЕДІ

Бүгінде баспана мәселесі баршаны алаңдатады. Үйсіз-күйсіз жүргендердің көбі қалтаның жұқалығынан пәтер жалдап, туысын сағалайды. Үй салуға, сатып алуға қара жердің көк тіреген құны кедергі. Әйткенмен, жұртшылықтың жоғын түгендеуге келгенде мемлекет те қарап отырған жоқ. Оған жыл сайын халық игілігіне берілетін көп пәтерлі үйлер дәлел.  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-68-баптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан Ұлы Отан соғысының ардагер­леріне, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, халықтың әлеу­меттік әлсіз топтарына (атап айтсақ, Ұлы Отан соғы­сының қатысу­шыларына теңес­тірілген адамдарға, Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға қатысушыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, …

Ары қарай оқу

РЕЙТИНГ ҚУҒАН САЙТТАРДАН ШАРШАДЫМ

Дәстүрлі айдарымыздың бүгінгі қонағы – эстрада әншісі, «Муз ТВ» телеарнасының арнайы сыйлығы – «Қазақстанның үздік жыл әртісі» аталымының жеңімпазы Қайрат Нұртас. – КВН-де «Қайрат республиканың картасында жоқ ауылдардың өзіне барған» деген әзіл жиі айтылады. Айтыңызшы, осыған дейін шамамен қанша жерде концерт бердіңіз? Және арасында ең есіңізде қалған концерт қайсы? Жәния СҮГІРБЕК, оқушы – Шынымды айтсам, нақты санамаппын. Он жыл ішінде қанша аймақты араладық. Сахна таңдамадық. Мәдениет үйі жоқ ауылдардағы мектептің спорт залында ән айттық. Ол кездегі аппаратуралар да қазіргідей дамымаған. Микрофондар тек сыммен жұмыс істейді. Бір ауылға концерт бердік, микрофон …

Ары қарай оқу

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ СУРЕТШІЛЕР КӨЗІМЕН

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында отандық және шетелдік су­ретшілер то­бы­ның «Art Balaban» көрмесі ұйымдастырылды. – Тақырыбының ерек естілетінін білеміз. Балабан дегеніміз – өте сирек кездесетін, жылдам ұшатын, сұңқар тәріздес құс. Біз де өнер әлеміне соны серпін, жаңа леп әкелгіміз келеді. Ойласа келе Қазақстандағы және көршілес мемлекеттердегі қылқалам шеберлерінің басын қосып, осындай топ құруды шештік, – деді Астана қаласының Жас суретшілер бірлестігі төрағасы Өмірәлі Исмаилов. Өзі көрмеге бірнеше жұмыстарын ұсыныпты. Арасындағы «Ұлы дала елі» және «Байқоңыр» атты триптихтерін бір деммен жазылған дүние екенін айтты. Көрмеге негізінен абстракция, реализм жанрындағы картиналар қойылыпты. Қонақтар, әсіресе, …

Ары қарай оқу

МУЗАРТ LIVE ДӘСТҮРДІҢ ЖАРҚЫН ЖАЛҒАСЫ

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сенің көзің» әнімен сахнаға әу баста-ақ жарқырап шыққан «МузАрт» тобына биыл 15 жыл толып отыр. Бүгінде өзге музыкалық ұжымдарға қарағанда «МузАртты» кәрі де, жас та ерекше құрмет тұтады. Топтың мерейтойына орай жақында «МузАрт Live» мега-жобасы тұсауын кесті. Анықтап айтсақ, ұжым ел арасынан өз ізбасарларын іздеуге кірісіп кетті. Жарыстың іріктеу кезеңі Астанада басталды. ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН ЖОБА «Байқауды реалити-шоу түрінде өткіземіз. Біз тек во­калдық дарыны бар жастарды емес, барлық жағынан талантты азаматтарды таңдаймыз. Қазіргі шақтағы мәдениеттің, өнердің парқын түсінетін, көшбасшылық қасиетті қалыптастырған адам­дарды іріктейміз» дейді …

Ары қарай оқу