Tag Archives: Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

АУЛАЛЫҚ КЛУБТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ – ТЕГІН

Соңғы жылдары Астанада аула клубтарының қатары көбейді. Бұл күнде қалалық әкімдіктің қолдауымен ашылған 12 аулалық клуб елордалық­тарға қызмет көрсетіп отыр. Бұлар, әсіресе, балалар мен жастар жиі баратын пайдалы орынға айналды. Жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты бұл мекемелер – шы­нында да көпшіліктің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға таптырмас мекен. Әсіресе, жазғы демалыс шағында аталмыш ұйымдардың көмегі көп екені белгілі. Сондай орталықтардың бірі – шаһардағы Абылай хан көшесінде орналасқан «Жас қанат» аула клубы жақында «Ашық есік күнін» өткізді. Көңілді шара барысында бүлдіршіндер мен жасөспірімдер ән мен биден жарысып, қызу додаға түсті. Сонымен бірге, …

Ары қарай оқу

ҚОҚЫС ТА ҚОРДАЛЫ МӘСЕЛЕ

Елордада күн сайын 1 мың тоннадан астам қалдық жиналады. «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйым­дастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары» талаптарына сәйкес, шаһардағы қоқыстың бәрі Алаш тас жолында орналасқан полигонға шығарылуы керек. Бүгінде бұл ережені ескермей, бас қаланың кейпіне кері әсер ететін заңды және жеке тұлғалар бар. Мәселен, 18 сәуір мен 18 мамыр аралығында жүргізілген экологиялық айлық аясында Астанадағы рұқсат етілмеген орындарға төгілген 10 мың тоннадай қалдық анықталып, жойылды. Осындай құқық бұзушылықтарды реттеу мақсатында шаһар әкімінің тапсырмасымен 3 ауданда жұмыс топтары құрылып, рейдтер өтті. Аудан әкімдіктері, Экология …

Ары қарай оқу

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ӨРБІДІ

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында Демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының Жер реформасына байланысты отырысы өтті. Шараға аталмыш ұйыммен бірге ҚКХП, «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік» партиялары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Азаматтық альянс, Кәсіподақтық орталық, Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы, Республикалық әйелдер одағы, Ауғанстан ардагерлері мен мү­гедектерінің ұйымы өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары қатысты. Кездесуге шаруа қожалықтарының басшылары да шақырылды. Жиын барысында аумақтағы жер мәселесіне қатысты қо­йыл­ған сұрақтарға Астана қа­­ласы Жер қатынастары жә­не жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бас­қар­масының Жер кадастры бө­лімі басшысы Шыңғыс Бек­те­мір, Астана қаласы Қо­ғам­дық ке­ңесінің төрағасы Сан­сызбай Есілов жауап …

Ары қарай оқу

ЕКІ ҚОЛҒА БІР ЖҰМЫС

Астана қалалық Жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің 74,3 пайызы жұмыспен қамтылды. Биылғы жылдың басынан бері Жұмыспен қамту орта­лығына 5748 адам жұмыс із­деп келген. Олардың 2858-і – жұ­мысқа орналастырылды. Соның ішінде 100 адам – қо­ғамдық жұмыс орындарына, 254-і жастар практикасына жіберілді. Қоғамдық жұ­мыс­тарға барлығы 1 мыңдай азамат тартылды. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және білік­ті­лі­гін арттыру курстарында 414 адам оқып жүр. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары – еліміздегі әлеуметтік саясаттың бір бөлігі. Осы бағдарламаның негізгі тірегі – жұртшылықты жұ­мыспен қамту және қайта мамандандыру. Оны іске асыруға мемлекет және жеке кәсіпкер­лер қатысады. Айта кететін жайт, …

Ары қарай оқу

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына 25 жыл толуына орай Ұлттық экономика министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің арасында бейнеконференция ұйымдастырылды. Шараға тұтынушылардың өтініштерін қарау, ақпараттандыру, кеңес беру және сауаттандыру құзіретіне ие министрлік пен ведомство басшылары, Парламент депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Олар аталмыш заңға енгізілген соңғы өзгерістер туралы талқылады. Атап айтсақ, сатуға арналған талаптарды жақсарту, тауарды қайтару және ауыстыру мерзімдерін ұзарту, сапасыз тауарды анықтау сияқты мәселелерге тоқталды. Мәселен, ендігі уақытта тауарды дүкенге қайтару мерзімі 14 күннен 30 күнге дейін көбейді. Сондай-ақ, саудадағы бәсекелестікті арттыру мақсатында тұтынушының тауарды сатып алмай …

Ары қарай оқу

СУДАН ДА ҚАУІП БАР

Жаз басталысымен суға шомылу маусымы да ашылды. Алайда, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері суға түсуге әлі ертерек екенін ескертеді.  Есіл өзеніндегі судың температурасы – әзірге небәрі +14 градус. Бұл көрсеткіш +20 градусқа теңескенде ғана шомылуға рұқсат етіледі. Өкінішке қарай, оны қаперіне ілмейтін елордалықтар да бар. «Суға кету фактілерінің ең көбі ағымдағы айға тиесілі. Өйткені, бұл уақытта күн ыстық болғанмен, судың асты онша жыли қоймайды. Сондықтан шомылған адамның сіңірі тартылып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалуы мүмкін» дейді аталмыш департаменттің Төтенше жағдайларды жою бөлімі басшысы Эльдор Райымбеков. Осындай ережеге …

Ары қарай оқу

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ

«Нұр Отан» партиясының елордалық филиалы мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациямен бірлесіп «Astana Open-2016» республикалық байқауын ұйымдастырды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әрі партияның «Ұлы дала елі» атты бағдарламасына сәйкес өткізіліп отырған бәсекеде 200-ге жуық оқушы ұлттық ойын түрлері – тоғызқұмалақ пен бестемшеден бақ сынайды. Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрайымының орынбасары Ахмет Сейітов: «Аталмыш ойын түрлері ежелгі хандар мен билер дәуірінен бері танымал. Бұл игі дәстүр бүгін де жоғалған жоқ. Қазіргі таңда Қазақстанның 100 мыңнан аса тұрғыны тоғызқұмалақпен …

Ары қарай оқу

ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елорданың түрлі мекемелері қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, бүлдіршіндерді қуантуға тырысты. Сондай жиынның бірі Балаларды оңалту ұлттық орталығында өтті. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының мұрындық болуымен қойылған мерекелік концерт барысында балдырғандар көл-көсір шаттыққа кенеліп, керемет әсерге бөленді. – Бүгінде ерекше қажеттілікті талап ететін балаларды әлеуметтендіру мақсатында мемлекет тарапынан тындырымды шаруалар атқарылуда. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы да қалыс қалған жоқ. Біз іске асырып жатқан 8 партиялық жобаның бірі «Кедергісіз келешек» деп аталады. Сол арқылы медициналық көмекке мұқтаж сәбилерге қол ұшын беріп, оларды қоғамға …

Ары қарай оқу

СУҒА ШОМЫЛҒАНДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

Ертең суға шомылу маусымы басталады. Алайда Есіл өзеніндегі судың температурасы – әзірге небәрі +14 градус. Бұл көрсеткіш +20 градусқа теңескенде ғана шомылуға рұқсат етіледі. Өкінішке қарай, оны ескермейтін елордалықтар да бар. Судың беті жылы болғанымен, асты салқын. Сондықтан адамның сіңірі тартылып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалуы мүмкін. Осының кесірінен биылдың өзінде Астана қаласының 2 тұрғыны суға кетіп, қаза тапқан. Жалпы, суға кету фактілерінің 70 пайызы – мас күйде, 98 пайызы – тыйым салынған жерлерде шомылу себебінен болады екен. Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Ары қарай оқу

ҚАҢҒЫБАС БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Бейресми  деректерге сенсек, жыл сайын елімізде 100 мыңға жуық бала ата-анасы бола тұра көше кезіп, қаңғыбастыққа салынады. Әсіресе, далабезер жеткіншектердің көбі Астана мен Алматы секілді мегаполистерді төңіректейді екен. Келім-кетім кісі үзілмейтін мұндай қалаларда жан бағу да оңайырақ. Пысықайлары кішігірім кафелерде ыдыс жуушы, аула сыпырушы болып нәпақасын табады. Түнде теміржол бекеті, базар маңы, жертөлелерде қонады. Біразының өзімен бірге еш құжаты жоқ. Жөн сұраған полиция қызметкерлеріне шын аты-жөнін айтудан бас тартатындар да жетерлік. Ондай ұл-қыздар дереу арнайы мекемеге жіберіледі.  Жауапсыз ата-ананы комиссия тергейді Солардың бірі елордадағы Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан. Кәмелетке толма­ғандарды …

Ары қарай оқу