-->

Архивы с метками: Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Жеткіншектердің көңілді старты

Елордадағы SOS балалар ауылында көңілді старт жарысы өтті. Байқау эстафеталық ойын мен қызықты конкурс түрінде ұйымдастырылды. Балаларды қолдау үшін Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, Атлантадағы Олимпиада чемпионы, Қазақстанның спорт шебері Юрий Мельниченко, Афиныдағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері, Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның спорт шебері Гүзел Манюрова, кикбокстан екі дүркін әлем чемпионы Нұрболат Рысмағанбетов және елордалық бапкерлер арнайы келді. – Бүгінгі мерекеге көк байрағымызды дүние жүзіне танытқан саңлақ спортшыларымыз қатысуда. Олар сендерге тамаша рух пен жеңіске деген үлкен сенім сыйлайтынына сенемін. Әрқашан ... Читать далее »

ТІЛ МҮКІСТІГІ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

1

Үйдегі үш жасар сіңлімнің тілі «р»-ға келмейді. Тілін жаттықтыру үшін ракета, робот, трактор деген сөздерді қайта-қайта айтқызамыз. Нәтиже шамалы. «Лакета», «лобот», «тлактол» күйі қалады онымыз. Бастапқыда еркелік шығар дейтінбіз. Бара-бара сақаулығы үдей түскен соң, дәрігерге апардық. Сөйтсек, мұндай мүкістік көп балада бар екен. Оның пайда болу себебі мен емдеу жолдарын арнайы мамандардан сұрағанымызда, біраз жайттарды айтып берді. Республикалық Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының невропатолог-дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрбибі Жақауованың айтуынша, баланың тіліндегі ақауға бірнеше фактор әсер етеді. Әсіресе, анасының жүктілік кезіндегі жағдайы, тұқымқуалаушылық аурулар, отбасының әлеуметтік ахуалы, ата-ана мен ... Читать далее »

БӨЛЕКШЕ БЕСІК АРБАЛАР

erm_4673

Киіз үй, Самұрықтың ұясы, Карлсон, Тікұшақ, Ханзада күймесі… Жоқ-жоқ, сіз ертегілер әлеміне түсіп кеткен жоқсыз. Бұқара бұлардың бәрін елордадағы Оқушылар сарайында өткен бесік арбалар шеруі барысында тамашалады. Президентіміздің Жарлығымен 2013 жылдан бері елімізде Отбасы күні тойланып келеді. Қыркүйектің 8 жұлдызына тұспа-тұс келетін бұл мереке биыл да ескерусіз қалмады. Соның аясында Астана қалалық Білім басқармасы тікелей мұрындық болып, жас отбасылар арасында бесік арбалар шеруін ұйымдастырды. Оған шаһардағы 40 балабақшаның атынан 51 отбасы қатысты. – Отбасы күні – ең жылы әрі әдемі атмосфераны қалыптастыратын елеулі мейрам. Сондықтан оны жұртшылыққа насихаттап, жанұя мүшелерін ... Читать далее »

«ТҰТҚЫН» CӘБИ

бала

Қазір жұртты таңғалдыру қиын. Оғаш нәрсенің өзіне «е-е-е» деседі де қояды. Өндірушілерге де керегі сол, небір сұмдық дүниелерді үсті-үстіне үйіп-төгуде. Жақында ғана тосын жаңалықты естідім. Бразилиялықтар баланы матап тастайтын көйлек ойлап тауыпты. «Ойлап тауыпты» дегенім өтірік шығар, бұл жейде бұрыннан бар негізі. Тек оны… жындыханадағылар ғана киетін. Екі қолды шандып тастайтын арнайы киім ертеректе психологиялық ауытқуы бар жандар үшін тігілген. Ал соны сәбилерге сәйкестендіріп жасаған санасыздардың мақсаты не болды екен?! «Control Toys» корпорациясы мұндай өнімдерді тұтас серия қылып шығарған. Жиынтық үш заттан тұрады. Біріншісі – жаңағы көйлек. Қоңыр қон­жықтардың суреті ... Читать далее »

АЙФОННЫҢ ӘУРЕСІ

айфон

– Маған айфон керек! Тоқтар үйге томсарып кірді. – Айфоны несі, құлыным-ау? Теле­фоның бар емес пе? Анасы әп-сәтте абдырап қалды. – Нокиа ма? Ұстағым келмейді оны. Сыныптағылардың бәрі айфон мен гэлэкси алған! – Сенікінің қай жері кем? Қажет қызметтердің бәрі онда да бар ғой, – деп әкесі әңгімеге араласты. – Білмеймін… Тоқтар аз-кем тұрды да, мұрнының астынан міңгір етті: – Айфон деген аты күшті… Ал керек болса! «Күшті атына» бола әке-шешесінен смартфон сұрайтын талай оқушыны көз көріп жүр. Заты қызықтырмайды, тек аты ғана. Apple-дің өнімін кім ұстаса, сол – «крутой»! ... Читать далее »

ҚАЙ ЖОЛДАР ЖАБЫЛАДЫ?

2841

Кеше елорда әкімді­гінің ғимаратында кей көшелердің уақытша жабылатынына байланысты брифинг өтті.  – Бүгінде Астана қала­лық Автомобиль жолдары басқармасы «Найза-Құрылыс» концернімен бірлесіп, Қабанбай батыр көшесінің №26 көшеден әуежай айналма жолына дейінгі бөлігін қайта қалпына келтіру жұмысымен айналысуда. Соның шеңберінде Қабанбай батыр көшесінің Хусейн бен Талал көшесінен №31 көшеге дейінгі бөлігін уақытша жабу қажеттілігі туындады. Бұл жерде жылу беретін және су тартатын инженерлік желілерді төсеуге арналған жұмыстар жүргізіледі. Олар 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, – деді аталмыш басқарманың басшысы Сымбат Мырзағұлов. Бұдан соң Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының ... Читать далее »

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өз мектебінде қонақта болды

плажка kz16 9

Астанадағы №54 мектеп-лицейдің оқушылары мен ұстаздары Білім күнін арқа-жарқа қуанышпен қарсы алды. Бір жағынан жаңа оқу жылының басталуы көңілге көл-көсір шаттық сыйласа, екінші жағынан оларға осы мектептің түлегі, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бүгінгі мерекемен құттықтауға арнайы келген еді. – Біздің шаңырақтан талай талант түлеп ұшқан. Солардың бірі – осы Данияр баламыздың жарқын болашағына, қол жеткізер белестеріне бұрыннан сенетінбіз. Кешегі дүбірлі дода кезінде рингке шығарында бәріміз де тақымымызды қысып, тілеуін тілеп отырдық. Үкілі үмітімізді тағы да ақтап, алтын медальді қанжығасына байлады. Ұстаз үшін бұдан асқан қандай бақыт бар?! – деп ... Читать далее »

Кәмила СӘЛІБАЕВА: Адам миы – ең жұмбақ жаратылыс

kamila1

Кәмиланың жасы небәрі 23-те және дәл қазір ол еліміздегі жалғыз нейробиолог. Жас ғалым бүгінде Назарбаев университетінің медицина мектебінде оқиды. Білім күні қарсаңында өзімен бетпе-бет жолығып, сүйікті саласы туралы жан-жақты әңгіме­лескен едік. Кейіпкеріміз адам миының құпияға толы қалтарыстарын тәптіштеп тұрып түсіндіріп берді. Нейроғылым нәзік саланы зерттейді – Кәмила, әуелі өзіңнің ней­роғылымға деген махабба­тың­ның қашан оянғанын айтшы. – Мен бала күнімнен жаңа, таңсық нәрсеге құштар болып өстім. Сол қасиетімнен шығар, 9-сыныпта мектеп кітапханасына әкелген Шепердтің «Нейробиология» оқулығына қатты қызығып, бас алмай оқыдым. Бұл кітапханашының тапсырысы болатын, ол бірінші томын өзі оқып жатқандықтан, ... Читать далее »

Түйткілдің бәрі – «БІЗДІҢ НАЗАРДА»

Снимок

Жуырда «Хабар» арнасында жаңа жобаның тұсауы кесіледі. «Біздің назарда» деп аталатын сараптамалық телебағдарламаның көтерер жүгі жеңіл емес. Өйткені онда көпшілікті алаңдататын көкейтесті мәселелер талқыланып, күрмеулі проблемалардың түйіні тарқатылмақ. Халыққа тағы нендей пайдасы тиерін білмек мақсатпен аталмыш бағдарламаның жүргізушісі Жансая Қожахметованы әңгімеге тартқан едік. – Жаңа жобаның қандай ерек­шеліктері бар? Атауы да бізге ерекше ұнап тұр. – 5 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасында көрсетілетін бұл бағдарлама барысында әлеуметтік мәселелер терең қозғалып, таразыланады. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан сауалдардың жауабы эфир кезінде жұртшылыққа жеткізілетін болады. Шынар Сағындықова, Мырзабек Түсіпов, Нұршапағат ... Читать далее »

ҚАЙЫРЫМДЫ БОЛУ – ҚАСИЕТТІ ІС

016

Елорданың Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия­сында «Мектепке жол» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Білім ошағындағы сауапты шараның ұйымдастырылуына Астана қаласы мәслихатының депутаты Есенжол Бекішов тікелей мұрындық болды. – Жаңа оқу жылының қарсаңында көп балалы және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыдан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді қуантып, сабақ­қа қа­жетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді мақсат тұттық. Бал­дырғандарымыздың әрқашан бал-бұл жайнап жүргенін көргіміз келеді. Ұл-қыздардың бар міндеті – мына сөм­келердің ішін бестік бағаға толтыру, – деп, халық қалаулысы жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, жиын барысында Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та сөз сөйлеп, осынау игі іске ... Читать далее »