-->

білім тэг бойынша мұрағат

АЛАШТАНУШЫ АКАДЕМИК АРДАҚТАЛДЫ

Астанадағы Ұлттық академиялық кітап­ханада Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына арналған «Кеңес Нұрпейісұлының Алаш тарихына қосқан үлесі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Әділ Ахметов, Болат Көмеков, Ғарифолла Есім, Камал Бұрханов, Бүркітбай Аяған, Шерубай Құрманбайұлы секілді елге танымал ғалымдар қатысты.  Талантты тұлғаның отандық тарих ғылымындағы орны ерекше. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих жөне этнология инс­титутында қызмет істеді. Қатардағы кіші ғылыми қызметкерден академикке дейінгі жолдан өтті. Әсіресе, ғибратты ғалымның Алаш қозғалысы тарихы жөнінде жазған еңбектерін даралап айтуға болады. ХХ ғасырдың басындағы халқымыз бастан кешкен оқиғаларға жаңаша ... Толығырақ оқу →

КӨНЕ ДӘУІРДІҢ КӨЗІ

Елордадағы руханияттың шынайы орталығына айналған аталмыш кітапхананың директоры Үмітхан Дәуренбекқызы бастаған мамандар Арменияның астанасы – Ереванға іссапармен барып, ондағы жауапты қызметкерлермен екі ел арасындағы мәдени, тарихи құнды деректер мен кітапхана саласы бойынша келелі мәселелерді талқылап, екіжақты келісімге қол жеткізді. Соның нәтижесінде ­М.Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар институты мен Арменияның Ұлттық мұрағаты қорында сақталған еліміздің тарихына қатысты тың деректермен таныс болуға мүмкіндік туды.Ал енді елге келген құнды кітап­қа тоқталайық. Оны бізге кітапхананың ғалым-хатшысы Талдыбек Нұрпейіс айтып берді. – Арменияда халқымыздың тарихына қатысты еңбектердің біразы сақталған. Солардың бірі – қыпшақ тілінде жазылған ... Толығырақ оқу →

БАСТЫ НАЗАРДА-ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ

Астана қаласының алтыншы шақырылған мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2016 жылғы наурыздан 2017 жылғы наурызға дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы есепті ұсынып отырмыз. Қарақат Абден, Зұлпықар Гаипов, Сергей  Солодовников, Алтыншаш Табулдина, Рамзия Умербаева сынды депутаттардан тұратын тұрақты комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес білім беру саласы, жастар саясаты, кітапханалардың, мұрағаттар мен мұражайлардың мәдени мұрасын сақтау, саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қамтылған. Астана қаласы мәслихатының басым бағыттарының бірі – қалалық мәслихаттың ашық жиналыстарында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыздықты азайту және халықты жұмысқа тиімді орналастырудың жай-күйі үнемі тал қыланып отырады. ... Толығырақ оқу →

ӘЛІПБИ АУЫСТЫРУДЫ ЖАЗУ РЕФОРМАСЫНА АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық мақаласында «қазақ тіліН біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деді. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деді одан әрі Мемлекет басшысы. Бұл Елбасымыздың ел ертеңін, ұлт болашағын ойлаған көрегендік қадамы деп бағалар едім. Заман тәжірибесі әлем ақпарат кеңістігіне өтудің төте жолы ретінде латын жазуын көрсетіп отыр. Сөз жоқ, әліпби ауыстырудың астарында, біздің пайымдауымызша, саяси-әлеуметтік мән жатыр.Егемендіктің айғақ белгісі салтанат үстінде көрінетін дербес елтаңба, ту мен ... Толығырақ оқу →

ҚАЙ КӘСІП ҚАДІРЛІ?

Қалай айтсақ та, кәсіптік білімге деген көз­қарас өзгерді. Жастардың кәсіптік маман­дықтарға қызығушылығы артты. Бұған не се­беп? Техникалық мамандықтарға деген па­расатты көзқарас қашан қалыптасып үл­герді? Бұл сауалдарымыздың жауабын кү­ні кеше «Мектептер мен колледждердегі кә­сіптік-бағдарлық жұмыс» тақырыбында өткізілген баспасөз турында тапқандай бол­дық. Көргеніміздей, Көлік және коммуникация колледжі мен «Қам­қор-локомотив» ЖШС арасындағы байланыс қарқынды түр­де жүзеге асып отыр. Колледж студенттері теміржол са­ла­сының төрт мамандығы бойынша дуальді оқыту жүйесі бо­йынша білім алады. Оқу жоспары ұлттық компаниямен бі­рігіп жасалады. Бүгінде студенттер «Қамқор-локомотив» де­посында дуальді жүйемен практикадан өтеді. Электровозды жасақтаудың жұмыстарын көзбен көріп, қолмен ұстап, бі­лікті ... Толығырақ оқу →

Мемлекеттік тілді тегін оқытады

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы қазақ тілін тегін оқуға шақырады. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары мемлекеттік тілді  үйренуге арналған тегін сабақ­тарға қатыса алады.  Тыңдаушыларды қабылдау  әлі де жалғасуда. Өтініштер  сәуір айының жиырмасына  дейін қабылданады. Курсқа  8 (7172) 55-67-26, 8 (7172) 55-67-21 және 8747-146-5371 телефон нөмірлері арқылы да жазыла аласыздар. Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы қазақ тілін тегін оқуға шақырады. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары мемлекеттік тілді  үйренуге арналған тегін сабақ­тарға қатыса алады.  Тыңдаушыларды қабылдау  әлі де жалғасуда. Өтініштер  сәуір айының жиырмасына  дейін қабылданады. Курсқа  8 (7172) 55-67-26, 8 (7172) 55-67-21 ... Толығырақ оқу →

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. ... Толығырақ оқу →

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Ақиқатты тану – өзіңді тану

Елордамызда түрлі салаларда еңбек етіп жүрген, қоғамның аяқ алысын жіті бақылап отыратын өрелі азаматтарымыз көп-ақ. Солардың бірі – Еуразия ұлттық университетінің профессоры, белгілі қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел ағамызбен сұхбаттасқан едік. – Ұлт тәрбиесі теледидарға, интернетке көшкен заман болды ғой. Жақында ғана Мырзатай Жолдасбеков көгілдір экрандағы келеңсіздіктерді сынға алды. Біздіңше, оны сынға алып қана қоймай, сол тығырықтан шығатын жолды да көрсету керек. Әлде бізде ондай адамдар жоқ па? – Кезінде «Нұр Астана» деген әп-әдемі газет болды. Сонда «Телесағыз» деген мақалам шыққан. Мына бестомдық кітаптарымды шәкірттерім шығарды, соның 5-томында бар. Сол мақала ... Толығырақ оқу →

«О адамдар, біргемін мен сендермен…»

Жуырда  қаламыздың Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде осыдан 80 жыл бұрын дүниеге келген белгілі ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің туған күніне орай «О адамдар, біргемін мен сендермен…» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға ақынның артында қалған ұрпақтары – Айнар, Қосней және Салтанат Айбергеновалар, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, ақын Маржан Ершу, композитор Оспан Сүлейменов және ұстаздар қатысты. Айта кетейік Төлеген Айбергеновтың құрметіне жыл сайын оқушылар арасында сайыстар өткізіледі. Бүгінде салтанатты іс-шараға келген қонақтар үшін сол сайыстардан үздік деп танылған оқушылар ән айтып, би билеп, мәнерлеп ... Толығырақ оқу →

Тележурналистика тарланы

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде отандық тележурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, әрі осы саланың терең теоретигі, ғибратты ғалым Марат Барманқұлов­тың 80 жылдығына арналған «Профессор М.Барманқұловтың  ғылыми  мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ол халық жауының баласы атанып, тағдырдың түрлі теперішін көрсе де тектілігінен жазбай еліміздегі тележурналистикасына тыңнан түрен салып, кішкене жолды көшелі даңғылға айналдырған көрнекті қайраткердің бірегейі болды. Қазақ телевизиясында алғашқы телерепортажды тікелей эфирге шығарған журналист. Кейін ғылым жолын қуып, Мәскеу университетіндегі журналистика факультетінің аспирантурасын тәмамдайды. Аз мерзімде кандидаттық, докторлық диссертациясын қорғайды. Сол кеңестік дәуірде көрнекті ғалымның ғылыми еңбектері одақта оқытылды. Әл-Фараби ... Толығырақ оқу →