-->

Архивы с метками: Азамат Есенжол

ЖАСТАР БОЛАШАҚТЫ ЖЫРЛАДЫ

34543543

Елордада қалалық Жастар саясаты мәсе­леле­рі басқармасының бастамасымен қазақстан Пре­­зи­дентінің  «Болашақ» халықаралық қауым­дас­тығының  ұйымдастыруымен «Жастар бола­шақты жырлайды» атты ақындар айтысы өтті. Ақындар айтысы екі кезеңге бөлінді. Алғашқысында байқауға бақ сынауға еліміз­дің 14 облысындағы 30 жас ақыннан өтініш түсті. Соңғы сайысқа солардың арасынан үздік деп танылған 10 ақын қатысты. Айтулы шараны белгілі ақын, «Дарын» жастар сый­лы­ғының лауреаты Қалқа­ман Сарин жүргізді. Жас жүйріктердің өнеріне белгілі ғалым Қайрат Сақ бастаған азаматтар қазылық жасады. «Айтыстың беделі өсіп ке­леді. Осыған орай, елі­міз­де жас әрі дарынды айтыс­керлердің көп екендігі көңіл қуантады. Олардың жырлары арқылы біз қоғам­ның өзекті ... Читать далее »

Баянғали ӘЛІМЖАНОВ: БІРСАРЫНДЫЛЫҚТЫ ЖАНЫМ ЖЕК КӨРЕДІ

4354

Ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы, манасшы, кинорежиссер, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы секілді бір басына сан түрлі өнерді тоғыстырған Баянғали Әлімжанов ағамызбен әдебиет әлемі жайында кең отырып әңгімелескен едік. Рингтегі бокс емес – Аға, мен сізді бәйге тілеп тұратын тұлпардай көз алдыма елестетуші едім. Қазір дулы ортадан көп көрінбейсіз… – Рақмет, айналайын! Көп көрінбеймін деп айта алмаймын. Сол қалың елдің ортасында ғұмыр кешіп келемін. Астанада тұрамын. – Биыл он екі томдығыңыз шығып, соны елордадағы Ұлттық академиялық кітап­ханаға тапсырдыңыз. Әңгімені содан өрбітсек… – Менің шығармашылығым сан-салалы жанрды қамтиды. ... Читать далее »

ҚАРАТАУМЕН СЫРЛАСҚАН ҚАЛАМГЕР

676

Таяуда қарымды қаламгер алпыс­тың асқарына көтерілді. Қадірлі Шерхан Мұртаза ағамыз «Алпысты талтүс» деп айтқан екен. Саналы өмірінің талтүсіне ентікпей жеткен прозашының табысы мол, қанжығасы қомақты. Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен қапалы жылдарын «Оянған ұрпақ», «Ұмытылған ұрпақ», «Күлкі мен көз жасы» аталған үш романға сыйғызып, көз алдымызға әкелген суреткердің туындылары туралы түн асырып сөйлеуге болады. Ғылымға да құлаш сермеп, Сұлтанбек Қожанұлы, Нәзір Төреқұлұлы секілді ардақтыларымызды зерттеді. Драматургиясы да – бір төбе. «Сүю серті», «Абақты – ғұмыр», «Ай астындағы алтын шаһар», «Мұңмен алысқан адам» секілді көптеген пьесалары ел театрларында сахналанды. Әдеби кеште ... Читать далее »

ЖАЙЫҚТЫҢ ЖЫР МАРЖАНЫ

768768

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын Маржан Ершудың «Мен тас едім, су түбінен қозғалдым» атты жыр кеші  өтті. «Ақындық – Алланың сыйы» деп айтыпты бір данышпан. Расында, Маржанның бойында теңіздей буыр­қанып жатқан ақындықтың бұла күші бар. Ол бізге әкесінен дарыған секілді көрінді. Өйткені өткен ғасырдың алпысыншы жылдардың соңында Аманқос ағамыз: «Ақ бұлттар, ала бұлттар, қара бұлттар, Қарасаң, аспанда да алалық бар. Біреуде жас та болса, даналық бар, Біреуде қарт та болса, шалалық бар» деп басталатын өлеңімен поэзия есігін еркін аттаған еді. Дарынды ақын ... Читать далее »

ЕКІ КЕНЕН ТУМАЙДЫ…

24324324

Елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Астана әкімдігінің ұйымдас­тыруымен сал-серілердің соңғы сарқыты, халық ақыны, дүлдүл әнші Кенен Әзірбаевтің шығармашылығына арналған «Мен сүйемін xалқымды» атты кеш болды. «Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де» деп қазақтың жазиралы даласын жырға қосқан атамыздың аты мәңгілік ел жадында қалды. Жасынан Жетісудың жүйрігі атанып, Жамбыл бабамызбен қатар жүріп, халқымыздың ғажайып ақындық-жыр­шылық өнерін кейінгі ұрпаққа саф күйінде жеткізген бірегей тұлға болды. Ол кісі өзі өмір сүрген дәуірдің кең панорамасын ақ қағазға мөлдіретіп түсірді. Ғасырға жуық ғұмырында жұртымыз бастан кешкен зобалаңның арасында жүрді. Солардың бәрін дастанға айналдырып, кейінгіге керемет ... Читать далее »

АҚ ПЕН ҚАРА ТАЙТАЛАСЫ

1231321

«Қазақстан» орталық концерт залында «Astana Musical» театрының  әртістері «Ертөстік» ертегісінің желісімен жасалған мюзиклді көрермендерге ұсынды. Бала күнімізде «Ер Төстік» ертегісін құмартып оқыдық. Сол секілді батыр болып, бауырларымызды зұлымдық иесінен қорғағымыз келді. Сол қиялмен ержетіп, арман сапарына аттандық. Тамаша мюзиклді көріп отырып, соның бәрі көз алдыма келді. Ертегідегі кейіпкерлерді бейнелеген әртіс­тердің шеберлігі шынайы өрілді. Бәрі де қойылымды заманауи бимен әрлеп, табиғи дауыста ән шырқады. Жаңа шығарманың астарынан адам бойындағы асыл қасиеттерді насихаттаған терең ойды түсіндік. Сол арқылы режиссер соны ізденіске барып, ізгілік пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың тайталасын табаққа қойған астай ... Читать далее »

ДИМАШТЫ ҚОЛДАДЫ

34

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елордадағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Мен әншімін» конкурсының шешуші бәсекесіне қатысып жатқан Димаш Құдайбергенді қолдап, флешмоб өткізді. Оған аталған оқу ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты. иылғы қаңтарда басталған Қытай еліндегі «Мен әншімін» байқауының соңғы мәресі де жақындады. Сол конкурстың жұлдызына айналған Димаш Құдайберген бауырымыз барлық кезеңнен сәтті өтіп, енді финалда бақ сынамақ. «Баласы бәйгеге шапса, атасы үйде отырып тақымын қысатын» халықтың ұрпағымыз. Барлық қазақ Димашқа жанкүйер болып отыр. Жас дарынға қолдау білдіруге көптеген жастар жиналды. Олар қолдарына «Димаш, алға!» деген жазуы бар плакаттар ұстап, ... Читать далее »

КӨНЕ ДӘУІРДІҢ КӨЗІ

2322

Елордадағы руханияттың шынайы орталығына айналған аталмыш кітапхананың директоры Үмітхан Дәуренбекқызы бастаған мамандар Арменияның астанасы – Ереванға іссапармен барып, ондағы жауапты қызметкерлермен екі ел арасындағы мәдени, тарихи құнды деректер мен кітапхана саласы бойынша келелі мәселелерді талқылап, екіжақты келісімге қол жеткізді. Соның нәтижесінде ­М.Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар институты мен Арменияның Ұлттық мұрағаты қорында сақталған еліміздің тарихына қатысты тың деректермен таныс болуға мүмкіндік туды.Ал енді елге келген құнды кітап­қа тоқталайық. Оны бізге кітапхананың ғалым-хатшысы Талдыбек Нұрпейіс айтып берді. – Арменияда халқымыздың тарихына қатысты еңбектердің біразы сақталған. Солардың бірі – қыпшақ тілінде жазылған ... Читать далее »

ҰЙЫМДАСА БІЛГЕН ҰТАДЫ

43543

Елордадағы Алматы ауданы алдағы 15 сәуір мен 15 мамыр аралығындағы экологиялық айлыққа дайындықты пысықтаған жиын өткізді. Аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев жылдағы дәстүрге айналған экологиялық айлыққа айрықша назар аударып, соның аясында әкімдікке қарасты барлық территорияда абаттандыру, көгалдандыру, кедір-бұдыр жолдарды қалпына келтіру, әрбір ғимарат пен тұрғын үйлер және саябақтар мен аулалар талапқа сай жаңғырып, жаңартылып тұру керектігін салмақтап өтті. Одан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Талғат Тілеуов слайд арқылы аудан аумағындағы жөндеу мен тазалықты күтіп отырған көшелер мен жолдарды көрсетіп, атқарылмақ жұмыстарды тізбеледі. – Біз айлық аясында аудан аумағын 8 учаскіге ... Читать далее »

ҰЛЫ ОПЕРАЛЫҚ АРИЯЛАР

897090

Бүгін елордадағы «Астана Опера» сахнасында әлемдік опера жауһарлары тыңдармандарға ұсынылады. Концерт бағдарламасында ­П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», Дж.Вердидің «Риголетто», Дж.Пуччинидің «Богема», К.Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Ш.Гуноның «Фауст», Ж.Бизенің «Кармен», Р.Леонкаваллоның «Сайқымазақтар», Дж.Вердидің «Бал-мас­карад» және басқа опералардан әйгілі ариялар мен көрініс көрсетеді.«Бағдарламаға енгізілген ария­­ларды, негізінен, оркестр­дің сүйемелдеуімен тыңдауға болады. Менің алдымда күрделі әрі жауапты міндет осы туындыларды оркестрмен орындау тұр» дейді концерт авторы Жанар Ахметова. Режиссер Наталья Кагадий әсерге толы кешті театрландырылған қойылымдармен көркемдеп, тосын ойлар қосқан. – Маған тенорға арнап жазылған әйгілі шығармаларды орындау бақыты бұйырды. Біз Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», «Богема» операларынан ... Читать далее »