Понедельник, 26 Июнь 2017
-->

Архивы с метками: Астана қаласы

Астана аумағына маңайдағы ауылдар кіре ме?

genplan-10-02-asli

Астана қаласын аумақтық дамыту бекітілген бас жоспарға сәйкес жүргізіледі. Астана қаласының бас жоспары – бұл негізгі қала құрылысын реттеуші құжат, онда Астана қаласын аумақтық дамытудың тұжырымдамалық бағыттары әзірленген, тіршілік әрекеті ортасын қалыптастырудың кешенді шарттары және Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын аумақтық дамытудың негізгі бағыттары анықталған. Ақмола қаласының астана заңды мәртебесін алу процесін еске алайық (хронология): • 1995 жылғы 15 қыркүйекте Мемлекет басшысы елорданы Ақмолаға көшіру туралы Жарлықты қабылдады; • 1995 жылғы 28 қыркүйекте ел Үкіметі Мемлекеттік мекемелерді Қазақстанның жаңа астанасына көшіру жөніндегі комиссияны құрды; • 1997 жылғы 20 қазанда ... Читать далее »

Астана қаласында медицина саласын дамытудың межелері

19685

Астана қаласының әкімі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, қолайлы жағдай жасау үшін 20 нақты меже белгілегені белгілі. Елорданы дамытудың жоспарында, әсіресе, әлеуметтік салаға айрықша маңыз берілген.  Соның ішінде медициналық қызмет түрін неғұрлым қолжетімді ету, емханадағы кезекті азайту, жедел жәрдемнің жету уақытын қысқарту секілді міндеттер бар. Сала мен сапа Астана қаласының денсаулық саласы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын ешкім жоққа шығара алмас. Осы саланы жетілдіру, сапасын арттыру, өткен тәжірибені ескере отырып, кем-кетікті түзеу шаралары да үздіксіз жүргізіліп келеді. Айталық, 2009 жылы ауруханалар мен емханаларда бас дәрігердің сапаны бақылау жөніндегі орынбасары және сарапшы-дәрігер ... Читать далее »

АСТМА АЛҚЫНДЫРЫП ТҰР

10

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 300 миллионға жуық адам бронх демікпесімен ауырады. Соңғы бес жылда елімізде бұл ауруға шалдыққандардың қатары 18, 6 пайызға артқан. Астана қаласында астмамен ауыратын 3500-дей адам дәрігердің бақылауында тұр. Астана қаласының №1 қала­лық ауруханасында өткен се­минарға жиналған пульмонолог-мамандар экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына, айналаның ластануына байланысты тыныс жолдарының ауруы көбейгенін атап өтті. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ пульмонологы А.Пактің айтуынша, әсіресе, темекі түтінімен улану балалар арасында демікпенің өршуіне әкеліп отыр. Айталық, 700 млн бала, яғни әлемдегі балалардың тең жартысы темекі түтінімен ластанған ауамен демалады. 40 ... Читать далее »

БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

3

Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында елорданың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасы мақұлданды. Елорданың басты қаржы құжатының жобасын әкімнің орынбасары Андрей Лукин таныстырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңге сомасында бекітілді. Соның 219 млрд теңгесі келесі жылға арналған. Қала қазынасының негізгі бабы әлеуметтік сала болып табылады. Жиын барысында Андрей Лукин алдағы жылы Астананың республикалық бюджетті қалыптас­тыруға қандай көлемде үлес қоса­тынын хабарлады. – Қаланың бюджеті әлеуметтік бағдарланған болып қалды. Алдағы жылы әлеуметтік саланың өзіне ғана 90 млрд теңге шығын немесе ... Читать далее »

Сапалы білім – саналы ұрпақ

????????????????????????????????????

Елордадағы  №70 мектеп-лицейде өткен алғашқы қоңырау мерекесіне   Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. – Бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір ата-ана өз балаларының дұрыс білім алып, елдің елеулі азаматы болса деп армандайды. Сіздер де сол мақсатқа лайық болыңыздар. Жеткіншектердің сапалы білім алуына мемлекет барлық жағдайды жасады. Сондықтан оқуда – озат, еңбекте табысты болыңыздар, – деді Ерлан Кенжеғалиұлы. Одан кейін қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев та ұстаздар мен оқушыларға өз ізгі лебізін білдірді. Айта кетейік, еліміз бойынша бірінші қыркүйекте 2,8 ... Читать далее »

Арнайы орындық – қауіпсіздік кепілі

автокресло3

Астана қаласы Жергілікті полиция қыз­меткерлері жаңа оқу жылы­ның алғашқы күндері­нен бастап жүргізушілерге балаларды алып жүрудің қауіпсіз жолдары туралы түсіндіре бастады. «Байқаңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасы аясында өтіп жатқан ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кезінде жол инспекторлары мектептің маңайындағы жүргізушілерге арнайы буклеттер таратып, автокресло мен арнайы ұстау құрылғыларын қалай дұрыс таңдау керектігін түсіндірді. Сондай-ақ, көлік иелері бала­ларға арналған орын­дықтардың қай түрі қауіпсіз екенін, оны қалай орнату керектігі жөнінде жан-жақты мағлұмат алды. Әлбетте, мұндай қауіп­сіздік шараларын әрбір жүргізуші білгені дұрыс. Себебі, көлік апатынан жолда демі үзіліп, ауыр жарақат алып жатқан жет­кіншектер баршылық. Айталық, жыл ... Читать далее »

Астана қаласындағы 02-қыркүйек күнгі азық-түлік бағасының мониторингі

KBB_0383-1

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының қаладағы азық-түлік бағасына жүргізген күнделікті мониторингі. № Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері 01.01.2016 ж.*  бағасы 2.09.2016 ж. бағасы Динамикадағы  %-дық өзгерістер 02.09 ден 01.01.2016 ж. 1 Күріш өңделген түрі, кг 240 305 27,1 2 Бірінші сұрыпты бидай ұны, кг 123 144 17,1 3 Ұнтақ жармасы, кг 145 200 37,9 4 Қарақұмық жармасы, кг 290 400 37,9 5 Сұлы жармасы, кг 150 218 45,3 6 Арпа жармасы, кг 140 140 0,0 7 Тары, кг 250 250 0,0 8 Бидай наны, бірінші сорт, кг 109 133 22,0 ... Читать далее »

Биыл Астана қаласына еліміздің өзге өңірлерінен келетін жәрмеңкені Қызылорда бастайды

1408540481_kauyn-karbyz-1

Сыр өңірі 3-4 қыркүйек күні Оқушылар сарайы маңында елордалықтарға 45 түрлі өнім ұсынбақшы. Қызылордалықтардың биылғы жәрмеңкесі мереке рәуішінде өтпекші. Себебі Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен қоса, облыстың атақты күрішшісі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай концерттік бағдарлама көрсетіліп, Қызылорда облысының жеті ауданынан 45 түрлі өнімнің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ағымдағы жылы облыс күрішшілері жоғары өнім алуды жоспарлап отыр. Ал олар астаналықтарға 70 тонна күріш жармасын алып келмекші. Сонымен қатар, жәрмеңкеде 20 тонна балық, 90 тоннаға жуық көкөніс, 6 тонна алма және жеміс-жидектер, 33 тонна картоп, ... Читать далее »

Тұрғын үй тұрақты бақылауда

4fbaed7bb8ee7b2581d42158fe72424a

Қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «ИСК АСИ» ЖШС басшысы С. В. Котляровтың «Шы­ғыс», «Жағалау-3» және «Жаға­лау-4» тұрғын үй кешендерінің құры­лы­сын аяқтау бойынша жүргізіліп жатқан жұ­мыстары туралы өтініші назарға алын­­ды. «Жағалау-3» ТК 30-секция №3 блогында әрлеу жұмыстары аяқталды. Енді 15 қыркүйекке дейін бөлмеаралық есіктер монтаждалып, есептегіш құралдары, санфаянс пен жылу торабы орнатылады. Нысан 2016 жылдың 25 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Ал секцияның №5 блогында қасбетті және төбені жөндеу жұмыстары бітіп, витраждарға шыны қойылып жатыр. Таза әрлеу жұмыстарын 15 ... Читать далее »

Жазғы спорт орталығы жабылды

021

Астаналықтардың ала жаздай «Алауға» ағылуына жазғы спорт орталығы айтарлықтай үлес қосты. Жаз бойы мұз айдын сарайында салтанат құрған орталыққа 12 710 адам ат басын бұрған. Олардың арасында сүйікті спортымен шұғылдануға мүмкіндік алған Астана қаласының оқушылар лагерьлерінен 1500-ге жуық оқушы мен көпбалалы от­­басылардан шыққан 250 бала бар. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 17 пайызға өсті. Осы мерзім аралығында көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, 1, 2-санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандар және 5 жасқа дейінгі балалар үшін орталыққа кіру тегін болды. Ал зейнеткерлер мен 12 жасқа дейінгі балаларға және 3-санаттағы мүмкін­дігі шектеулі жандарға 50 пайыздық ... Читать далее »