-->

Архивы с метками: Астана ақшамы

Астанада Kazakhstan Kids Fashion Show-2016 атты балалар сән көрсетілімі өтті

kazakhstan-kids-fashion-show2016

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Kazakhstan Kids Fashion Show-2016» атты балалар сән көрсетілімі отандық дизайнерлердің туындыларын паш етті.  «Kazakhstan Kids Fashion Show-2016» жобасы осымен төртінші мәрте Махаббат Есен мен Жұлдыз Сейсенбекованың ұйымдастыруымен өтті. 4-16 жас аралығындағы қатысушылар балаларға арнаулы тігілген топтамалармен сән шеруіне шықты. Көрсетілім шымылдығын «Асыл-дизайн» сән үйінің жетекшісі Айдархан Қалиевтің коллекция­сы ашты. Сән әлемінде 25 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан дизайнердің киімдері қазақылыққа тұнып тұр. Көрсетілімнің өзі де қазақы нақышта, халық және эстрада әндерінің сүйемелдеуімен өтті. Екінші болып дизайнер Әнел Райым өзінің «KaroMeli» атты сән топтамасын таныстырды. ... Читать далее »

Елорда әкімдігі мен “Назарбаев Университеті” Астананы бірлесе дамытпақ

c-2

Астана әкімдігі және «Назарбаев Университеті» елорданы дамыту бойынша бірлескен бағдарламалар әзірлеумен айналысатын бірлескен жұмыс тобын құрады. Бұл бағыттағы ықпалдастық мәселелерін бүгін Әсет Исекешев пен ЖОО президенті Шигео Катсу талқылады. Атап айтқанда, тараптар «Назарбаев Университетінің» оқытушылары, ғалымдары мен мамандарын тарта отырып, медициналық кластерді бірлесіп дамыту, мамандар даярлау, СМАРТ-Сити және өзге де маңызды мәселелер бойынша келісімге келді. astana.gov.kz Читать далее »

Астана аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды

20161020142858

Астананың Есіл, Сарыарқа және Алматы аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл туралы ҚР ИДМ туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «2016 жылы 20 қазанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Тұрлыбек Арман Алашұлы тағайындалды. Астана қаласы Есіл ауданының әкімі болып Бөлекпаев Ермағанбет Қабдылұлы тағайындалды. Астана қаласы Алматы ауданының әкімі болып Сәрсембаев Әділбек Зейнолаұлы тағайындалды», – деп жазды ол парақшасына. Еске сала кетейік, осыған дейін Сарыарқа ауданы әкімі қызметін атқарған Павел Кулагин Президент Әкімшілігіне меминспектор қызметіне тағайындалған болатын. inform.kz Читать далее »

Ем-домы бөлек емдеу мекемесі

transpech3

Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін жұртшылықтың денсаулығы алғашқы орында екені анық. Бұл тұрғыда алғысы көп мамандық иелері – ақ халатты абзал жандардың жұмыс барысымен танысу мақсатында елордадағы №1 қалалық ауруханаға ат басын бұрған болатынбыз. АУРУХАНАНЫҢ АЯҚ АЛЫСЫ Марат Әбуов басшылық ететін бас қаладағы №1 қалалық аурухананың 90 жылдық тарихы бар. Мұнда 28 клиникалық бөлім мен 34 бөлімше және 12 ота жасайтын зал бар екен. Айта кету керек, елордадағы №1 қалалық аурухана – еліміз бойынша Алматы қаласындағы 1000 төсекті орыны бар №6 қалалық ауруханадан кейінгі ең ірі медициналық мекеме. Ал мұнда ... Читать далее »

Астаналық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді

zholda-qabyldau

 Алдағы сенбіде, яғни 22 қазан  күні сағат 10.00-ден бас­тап,  «Бәйтерек» монументінің көлік тұрағы алаңында «Жолда қабылдау» атты  дәстүрлі республикалық  акциясы өтеді. Акцияның басты мақсаты – халыққа құқықтық тәрбие беріп, қала жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ, тұрғындардың санасына ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеу» қағидатын қалыптастыру. Аталған акцияға Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақыт­жан Малыбаевтың өзі қатысып, жұртшылықтың сауалдарына жауап береді деп күтілуде. Сонымен қатар, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысады. Бұған қоса, сол күні таңғы сағат 10:00-ден бастап «Бәйтерек» монументінің алдында, ... Читать далее »

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

turgyn_ui

Елорданың құрылыс қарқыны ешқашан бәсеңдеген емес. Қала халқының саны көбейген сайын тұрғын үй нысандары да көптеп бой көтеріп келеді. Астана қаласы Статистика департаментінің ресми мәліметтері әкімдік қолға алған құрылыс жобаларының үздіксіз жалғасып, пайдалануға берілетін баспана саны ұлғая беретінін айғақтайды. Мәселен, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Астана қаласы бойынша тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 99 081,4 млн теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 18,3 пайызға жеткен. Биыл барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 14 903 пәтерге арналған тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы ... Читать далее »

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

img_0590

«Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ла­масын жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық қоры­нан бөлінген қаражат қайда жұмсалуда? Үкімет ақшасын мақсатты пайдалану мәселесін қозғаған Астана қаласы мәсли­хатының депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері рейдке шығып, мемлекеттік несие алған кәсіпорындарды аралады. Комиссия өкілдері әуелі «Нұр-Саба» ЖШС-не табан тіреді. 2008 жылдан бері ағаш және металл бұйымдары өндірісімен айналысатын компания үш жыл бұрын керекті құрылғыларды сатып алып, кәсіпорын ғимаратын жөндеуден өткізу үшін 24 миллион теңге көлемінде несие алған. Аталмыш компания директоры Қайрат Исимбековтың айтуынша, бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы ... Читать далее »

Бір дәуір көшкендей

Хабиба Елебекова

Бірегей тұлғалар болады. Өмірі бір елдің тарихындай. Бір өзі бір дәуірдің жаршысындай. Жүзге жетіп, кеше ғана дүниеден озған Қазақстан­ның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова сондай ерекше жан еді. 1916 жылдың 16 шілдесінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Томар ауылында шыр етіп дүние келгенінде, сәбидің маңдайында бір ғасырлық ғұмыр жазылыпты. Балалық шағын ұлт-азаттық көтерілістер бұрқ-сарқ еткен қазақ жерінің орталығында, қарапайым отбасында өткізу нәсіп болған. Алайда, оның бойына Жаратушы иеден ерекше илхам өнер дарыған еді. Сол өнер 1934-1935 жылдары бой түзеп, толысқан аруды Қарқаралы жергілікті театрын төңіректетіпті. 1935 жылы Қазақ драма театрының сахнасына ... Читать далее »

Астана өмірінің айнасы жас тілшінің жүрекжарды сөзі

banner-aksham

Осыдан 26 жыл бұрын «Астана ақшамы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 1990 жылдың 13 қазан күні оқырман қолына тиген шап-шағын басылым бүгінгі таңда республикалық қоғамдық-саяси газетке айналып отыр. Газет тарихтың алғашқы қолжазбасы дейді. Иә, астаналық мәртебесі бар газетіміздің атқарар жүгі ауыр. Әрбір нөмірді абыроймен алып шығу басшылардың біліктілігі мен ұжымның ұйымшылдығына сын десе болады. Ал енді бүгін туған күні аталып отырған газетіміздің шығу тарихына үңілсек, сол кездегі Целиноград қаласында қазақ тілінде газет шығару күн тәртібіне қойылғанда, ақмолалық жұрт­шылықтың қуанышында шек болмағаны айқын. Өйткені дәл осы тұста бұрынғы Кеңес одағына қараған ... Читать далее »

Жол беріңіз! Жедел жәрдем!

erm_0489

Елордалық «103» жедел жәрдем қызметіне күн сайын 2000-ға жуық шақырту түседі. Бас ауырса да, қызуы көтерілсе де, тіпті, түшкіріп мазасы қашса да, дереу телефон тұтқасына жүгіретіндер көп. Яғни, олардың 60%-ға жуығы «жедел» шақыртуға жатпайды. Мекеме қызметкерлері «Астана ақшамы» газетіне халық тек шұғыл көмек керек болған кезде ғана медициналық көмекке жүгінсе екен деген тілегін жеткізді. Бір минутта – екі шақырту Әуезов көшесіндегі іргесі ертеректе қаланған «103» ғимаратына қала тұрғындары сәт сайын хабарласады. Жедел көмектен бөлек, телефон арқылы тиісті мамандардан дәрігерлік кеңес алу үшін де жүгінетіндер көп. Ал, тәулік бойы жедел көмек ... Читать далее »