Понедельник, 26 Июнь 2017
-->

Архивы с метками: Асхат РАЙҚҰЛ

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ТАЛАЙ ЕЛ МОЙЫНДАДЫ

maxresdefault

Биыл тәуелсіз қазақ жұртының дербестігін алғанына жиырма бес жыл толды. Осынау ширек ғасырда мемлекетіміздің дамуына көптеген азаматтардың еңбегі сіңді, арыстардың қолтаңбасы қалды. Армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың қорғаныс саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Халық қаһарманы газет тілшісімен әңгімесінде еліміздегі бірегей бастамаларды сөз етті, өзекті уақиғаларды әңгімеледі, өзін екі мәрте Қорғаныс министрі етіп тағайындаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі мен сарабдал саясатын да жоғары бағалады. Мұхтар Қапашұлымен болған сұхбатымыз оқырмандарымызға қызықты, тартымды болады деген ойдамыз. АСТАНАҒА КЕЛГЕН АЛҒАШҚЫ МИНИСТРМІН… – Елімізді екі мәрте түрлі дағдарыстан алып шығып, дамыған елу елдің қатарына қосқан Елбасы ... Читать далее »

Айтыс ақтаңгерлерімен жүздесу

Өткен жұма күні Ұлттық музейде халық ақындары, «Парасат» орденінің иегерлері Қонысбай Әбіл, Әселхан Қалыбекова және «Құрмет» орденінің иегері Әсия Беркенова елордалық оқырмандарымен қауышты. Оңтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының Астанадағы күндерінің аясында ұйымдастырылған басқосуға айтыс пен өлең сүйер қауым көп жиналды. Жиынды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ашып, кеш иелеріне ізгі тілегін жеткізді. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты экономикамызбен қоса, мәдениетіміздің де өрістей дамуына ықпал етіп келеді. Бұл жолда қазір төрімізде отырған халық ақындарының сіңірген еңбектері орасан зор екенін айтуға тиіспіз. Олар, әсіресе, сексенінші жылдары айтыс сахнасына жарқ етіп шығып, ... Читать далее »

Той жасау оңай ма?

158799

«Той дегенде қу бас домалайды». Қазақ бабам тауып-ақ айтқан. Қазір де солай болып тұр. Бізді өзге ұлттардан ерекшелейтін бір қасиетіміз де тойшылдығымыз, думан­шылдығымыз, сауық­шыл­дығымыз. Рас, қуанышқа дүйім жұртты болмаса да, туған-туыс, жекжас-жұрағат, құда-құдағиды шақыру міндет, бірақ дәл қазақтай жарты ауылды жинайтын той бізде ғана бар. Сол үшін де барымызды шашамыз, той-томалаққа бару керек болса да көңіл, шіркін, «құтты болсынды» көп бергісі келеді-ақ. Қасыңыздағыдан қалыспау керек қой. Міне, осы «қалыспау керек» деген қағидат құртады. Кредиттің «қорасына» кіретіні де сондықтан көп қазақтың. Қалтасы қалыңдар қа­лай шашылса да жарасады және өздері біледі. Біз ... Читать далее »

Отан қорғау – әр азаматтың борышы

07b934ab94ed23d6043bc7359cde4359

«Ақшамда» айтылған ақиқаттың» кезекті басқосуына қорғаныс саласында қызмет ететін, әскермен байланысы бар азаматтарды шақырдық. Қазіргі таңда әскерге шақырылушыларды жинақтау, іріктеу науқаны қызу жүруде. Тақырып та осы бағытта, келушілер науқан барысындағы мәселелерді, түйінді дүниелерді барынша қаузады. Өрбіген әңгіменің қысқаша нұсқасын оқырман назарына ұсынсақ… АЛҒАШҚЫ ЛЕК АТТАНДЫ Тілші: Бауыржан аға, ал­ғашқы сауалымызды сізге қойсақ. Әңгіме басында әскерге шақыру науқанының қалай жүріп жатқанын әңгімелеп берсеңіз. Полковник Бауыржан ЛЕКЕРОВ, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы: – Қазіргі таңда 1989-1998 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталып, белсенді жүргізілу үстінде. Науқандық ... Читать далее »

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАДЫ

erm_2540

«Қуан, сәби!» республикалық акция аясында Астана қаласындағы Балалар үйінде «Жүрегімнің жылуы» атты мерекелік кеш өтті. Оған мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілер, Астана қаласы әкімдігінің, құзырлы органның өкілдері және бала асырап алушы отбасылар мен қамқор аналар қатысты. Баланың жанұяда өмір сүру құқығын іске асыру, жетімдік мәселелеріне қоғамның көңілін аудару, баланы отбасыға үйретудің әртүрлі жолдарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға қатысушыларды тәр­биеленушілермен бірге, «Адырна» халық аспаптар оркестрі қарсы алды. Қонақтар Балалар үйінде Ризашылық бағын, сенсорлық, психологиялық қызмет, халық аспаптары оркестрі бөлмелерін аралап, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, «Біз – спорттық жанұя» атты ... Читать далее »

САМАЛА ШАҺАР, САРЫ КҮЗ

erm_3955-kopiya

Міне, Астананың күзі осындай. Сарғайған жапырақтар сананы мұңға бөлегенімен, салқын самал желі шаттық лебін себеді.  Қазанның көркем сүгіретімен айшық­талған Сарыарқаның дархан даласының төсіне қона қалған самала шаһардың тұр­ғын­дарының көңілдері көк жайлау болып жүретіндері де сондықтан-ау, сірə! Сіз де айналаңызға көз салыңызшы! Рас, кешегі жадыраған жаздың қабағынан кішкене де белгі жоқ. Есесіне ескілеу тартқан естелікті сағындыратын өзгеше бір сарын бар, саз бар. Бұл – тек Астанаға тəн сарын мен саз. Рас, сол көктемнің жаймашуақ күні көрінбейді. Бірақ тек астаналықтарға ғана бұйырған тəтті бір үміт бар. Иə, əлгі үміт қой əрқайсымызды күз ... Читать далее »

ОРМАН ТӘЛІМБАҒЫНДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР ЕЛОРДАНЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКПЕН КӨМКЕРУДЕ

erm_0194

Рас, Астананың айшығын келтіріп, әсемдігін жарастырып тұрған зәу биікке ұмтылған зәулім нысандардың сәулеті ғана емес, кең көшелерін бойлай өскен жасыл желек пен тал-дарақ. Олардың қатарында жылдың төрт мезгілінде де түсін бұзбайтын шырша да бар, аққұба өңді бұрымды қыздай бұратылған қайың да бар, өзге ағаштармен үйлесім тапқан үйеңкі де, Сарыарқа самалымен тербеліп өсетін терек те бар. Жарты ғасырдан аса тарихы бар жасыл бақ Ә, айтпақшы, «Мұны қайдан білдің?» дерсіз. Көпшілігіміз осыған бас қатыра бермейміз-ау. «Астана-көгалдандыру құрылысы» деген мекеменің атын арагідік құлағымыз шалып қалады. Ал оның елу жылдан аса уақыт бұрын ірге ... Читать далее »

ҚҰРМЕТ ТҰҒЫРЫНДА – ҚҰТҚАРУШЫЛАР

16

Кеше елордада Құтқарушылар күніне орай «Қауіпсіздік әр үйге» ұранымен марафон ұйымдастырылды. Шараға қатысушылардың жауынды күн райына қарамастан көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Олардың қатарында астаналық ТЖД, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, «Өрт сөндіруші» АҚ қызметкерлері бар. Старттағы жүгірушілер де қара­пайым қызметкерлер емес, тәуел­сіздік құрдастары. Отыздан астам қатысушылардың бәрі жүлделі орындарға лайықты. Сонымен қатар, марафон барысында елордалық құтқарушылар өз қызметтерін атқаруда пайдаланатын күш-құралдары қатарындағы арнайы техникалардың көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында елорда тұр­ғын­­дары мен қонақтарына «Жас құтқарушы» клубының оқушылары мен еріктілер өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынамаларды таратты. Өйткені өрт қауіпсіздігі ережелерін қан­дай жағдайда да қаперден ... Читать далее »

ӘУЛИЕАТА МЕН КЕРЕКУ ЕЛОРДАЛЫҚТАРДЫ ҚУАНТТЫ

жәрмеңке

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Астана қаласында өткен «Тарихы терең Тараздан сәлем» атты Жамбыл облысының күндері 23  қыркүйек күні М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында облыстық Орыс театры сахналаған  С.Маршактың «Кошкин дом» атты балаларға арналған ертегі қойылымымен басталды. Бұл шара Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» қойылымымен жалғасты. Мәдени басқосудан кейін облыс және Астана қаласы әкімдерінің атынан ықылас гүлдері қойылды.  Тараз – тарихтың алтын діңгегі Әулиеаталық делегация сенбі күнгі шараларды жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен Кеңес ода­ғының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне гүл шоқ­тарын қоюмен бастады. Содан кейін Ұлт­тық ... Читать далее »

ЖАСАМПАЗ ШАҺАРДЫҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІ

img_0440

Астананың айшығын жарастырып, келбетін келістіретін – кең көше­леріндегі тал-дарақтар. Ал айнала орын тепкен жасыл белдеу елорданың климатын өзгертіп, ауа­сын әрлегеніне ешкім дау айта қоймас. «Бас шаһардың бұрқасын бораны бұрынғыдай емес, басылған» дейтін қалалықтарды көп көріп жүрміз, өзіміз де куәміз. Сол жасыл белдеудің жайы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да, астаналықтардың да назарынан тыс қалған емес. Өткен сенбіде біздің де серуен сонда жалғасты. Жәңгірдің жасыл бағы Біле білсек, жер бетінде қолдан орман еккен алғашқы адам – қазақ, қазақ болғанда да, атақты Жәңгір хан. 1832 жылы Жәңгірдің ұсынысы бойынша Ресейдің Саратов қаласынан емен, қарағай ... Читать далее »