Четверг, 22 Июнь 2017
-->

Архивы с метками: Аманғали ҚАЛЖАНОВ

МӘРТЕБЕЛІ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ

erm_5929-kopirovat

ЕЛОРДАНЫҢ НҰРЖОЛ ЖЕЛЕКЖОЛЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ, СӘУЛЕТ, МҮСІН, ӨНЕРКӘСІПТІК ДИЗАЙН, БИ, ТЕАТР СЫНДЫ ӨНЕРДІҢ САН АЛУАН ТҮРІН БІРІКТІРЕТІН «ASTANA ART FEST-2017» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЛЬТИМӘДЕНИ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР. БИЫЛ АТАЛМЫШ ШАРА ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ ҮШ АЙҒА СОЗЫЛАДЫ. ФЕСТИВАЛЬГЕ СУРЕТШІЛЕР, ДИЗАЙНЕРЛЕР, СӘУЛЕТШІЛЕР, МУЗЫКАНТТАР МЕН РЕЖИССЕРЛЕР ҰСЫНҒАН 162 ЖОБАНЫҢ 50-І ІРІКТЕЛІП, ТАНЫСТЫРЫЛАТЫН БОЛДЫ.       Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен үшінші мәрте ұйымдастырылған фестивальдің аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Осы жолы оған АҚШ, Франция, Испания, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Армения, Украина, Германия елдерінен келген өнерпаздар қатысуда. Атап айтсақ, эко-арттың негізін қалаушы Стивен Сигел, «Burning mаn» фестивалінің ... Читать далее »

Астықты аймақтың тартуы

19399902_732793226925474_3635855307220287467_n

Кеше «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында Ақмола облысының Астана қаласындағы мәдени күндерінің ашылу салтанаты өтті. Қаланың орталық алаңында өткен шара барысында аталмыш облыс басшысы Мәлік Мырзалин сөз сөйлеп, астықты аймақтың үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Облыс күндерінің ашылуына орай өткен концертті астана әкімі әсет исекешев тамашалады.  Астанаға іргелес жатқан өңірдің бас қаладағы мәдени күндері 25 маусымға дейін жалғасады. Бүгіннен бастап жексенбіге дейін «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде Көкшетау қаласы мен Шортанды, Бурабай, Қорғалжын аудандарының қолөнер шеберлері мен «Блэк» ЖШС шеберлері ұлттық нақыштағы бұйымдарын таныстырып, шеберлік сабақтарын өткізеді. Ал облыс өнерпаздары «Дала сыры» ... Читать далее »

ЖАЛҒАН ЖАРНАМА ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

18-1

Сәрсенбі күні  Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен үлестік құрылыс және сәулет пен қала құрылысы қызметіндегі заңнаманы сақтау жөнінде кеңес өтті. Былтырғы 10 қазанда елі­мізде «Үлестік қатысу тура­лы» жаңа Заң қолданысқа ен­гізілді. Соған сәйкес тұрғын үй құрылысына әкімдіктің рұқсатынсыз халықтан ақша тартуға немесе кепілдеме келі­сімшарт­сыз аталмыш жұмысты атқаруға болмайды. Осыны кеңеске қатысушылардың қаперіне салған Сергей Хорошун бұл Заңға бағынбаған құ­рылыс салушыларға қарсы қылмыстық істер қоз­ғалғанын айтып өтті. – Ведомствоаралық комиссия жұмысының барысында соңғы екі аптада 23 нысанда пәтерлерді сату бойынша жарнама заңсыз жүргізілгені анықталды. Бұл заңсыздықтарға қатысты материалдар Ішкі ... Читать далее »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

zhunusov-kopirovat

Қасиетті Рамазан айында «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық шарасының шеңберінде қалалық мәслихат депутаттары қайырымдылық ұйымдары мен меценаттармен бірігіп, әртүрлі ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетті. № 10 қалалық емханада Балаларды қорғаудың халықаралық күні мерекесіне орай өткен шараға 30 мүмкіндігі шектеу­лі бала шақырылды. Оларға түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды. Осы күні сыйлықсыз кеткен бала болған жоқ. Сыйлықтарды қалалық мәслихат депутаты Саят Батпенов пен «МегумиСтройСервис» ЖШС бас директоры Шынар Болсамбекова ұсынып, таратты. Аталмыш емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Бибіжан Мамаева өз тарапынан қайырымды жандарға алғысын жеткізді. Бұл мерекеге қатыса алмаған мүгедек балалар да қалалық мәслихаттың ... Читать далее »

Мирас ШЕКЕНОВ: ҮЙМЕН БІРГЕ ЖОЛ ДА САЛЫНУЫ КЕРЕК

kbb_9664-kopirovat

Астана қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов сайланған  №11 сайлау округында 40-45 мың халық тұрады. Елорданың Есіл ауданына қарасты аумақтағы құрылыс нысандары, негізінен, жаңадан тұрғызылған. Сондықтан депутаттың айтуынша, тұрғындардың мұң-мұқтажы көбінесе коммуналдық шаруашылық мәселелер мен инженерлік-техникалық инфрақұрылымға барып тіреледі. Бұл абаттандыру жайы, ПИК жұмысы, үлескерлердің жағдайы, т.б. болып жалғасып кете береді. Мирас Ерғалиұлымен бірге біз осы аумақтағы «Жағалау» тұрғын үй кешені, «Үркер» және «Ильинка» тұрғын алаптарына барып, сондағы жұрттың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық. ЖАҢА ҮЙГЕ САЙ КЕЛЕТІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚАЖЕТ «№11 сайлау округы қамтитын мекен – Астанадағы қарқынды дамып жатқан аумақтардың бірі. Мәселен, ... Читать далее »

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТАРТУ

nur_2996-kopirovat

Кеше Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық Ішкі істер департаменті қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Қазақстандық полицияның құрылғанына ширек ғасыр толатын мереке қарсаңында елордалық тәртіп сақшыларының автопаркі арнаулы көліктердің техникалық талаптарына сай келетін 94 көлікпен толықты. Дабылды дауыс зорайтқыш құрылғылармен, радиостанциялармен, бейнетіркегіштермен және заманға лайық өзге де қондырғылармен жабдықталған бұл көліктердің барлығы дерлік Қазақстанда құрастырылған. Жаңа автокөліктерге жол-патрульдік полиция полкі, учаскелік полиция инспекторлары, Жергілікті полиция қызметінің кинологиялық взводы, аудандық басқармалар мен әкімшілік полицияның кезекші бөлімдері ие болды. Бұл жағдай елордадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде жедел әрекет етуге мүмкіндік туғызады.Қазіргі ... Читать далее »

«ШЫҢЫРАУ» АТАҚҚҰМАРЛЫҚТАН АРЫЛТА МА?

bal_4250-kopirovat

ТЕАТРСҮЙЕР ҚАУЫМ АҒЫМДАҒЫ АПТА БАСЫНАН САХНА САҢЛАҒЫ Ә.МӘМБЕТОВТІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «САХНАДАН СӘЛЕМ!» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДАҒЫ ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ КҮНДЕ ТАМАШАЛАП, ҚЫЗЫҚҚА КЕНЕЛУДЕ. АЛДЫНДА ХАБАРЛАҒАНЫМЫЗДАЙ, БҰЛ ЖОЛҒЫ ФЕС­ТИВАЛЬГЕ 10 ТЕАТР ҚАТЫСУДА. ОЛАРДЫҢ ТӨРТЕУІ РЕСЕЙ, ҚЫРҒЫЗСТАН ЖӘНЕ ӘЗЕРБАЙЖАН ЕЛДЕРІНЕН БОЛСА, АЛТАУЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕАТРЛАР. Алғашқы күндердің бірінде Астанадағы ­М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Мәңгүрт. Мәңгі құл» мистерия­сын көпшілік назарына ұсынды. Биылғы ақпан айында премьерасы өткен бұл қойылымды тәжік режиссері жазушы, драматург Барзу Абдураззақов сахналады. Ал Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театры көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырау» повесінің ... Читать далее »

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА – «АИДА»

erm_4585-kopirovat

БҰДАН БҰРЫН ЭСТРАДАЛЫҚ КОНЦЕРТТЕРДІ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ТАМАШАЛАУҒА ҮЙРЕНСЕК, ЕНДІ ОПЕРАНЫ ДА ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ КӨРЕТІН БОЛДЫҚ. БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ АЛАҢДА «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ «АИДА» – ОPEN AIR ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ. Аталмыш жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-пен бірігіп өткізді. Ал қойылымға «Астана Опера» театрының әртістері қатысты. Аиданың рөліне еніп, басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина орындады. Бұған қоса операда Дина Хамзина, Талғат Мұсабаев, Барсег Туманян, Болат Есімханов, болгарлық тенор Камен Чанев кейіпкерлердің бейнелерін сомдады. Операны бастан-аяқ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов жетекшілік ... Читать далее »

КІТАПСҮЙЕР ҚАУЫМНЫҢ МЕРЕКЕСІ

erm_3733-kopirovat

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «ФОЛИАНТ» БАСПАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «КӨРМЕ» ОРТАЛЫҒЫНДА «EURASIAN BOOK FAIR-2017» АТТЫ ІІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ­ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ АШЫЛДЫ. АЙТУЛЫ ШАРАҒА РЕСЕЙ, ҚЫТАЙ, АҚШ, ГЕРМАНИЯ, ТҮРКИЯ, ИРАН, ҮНДІСТАН СЫНДЫ ӘЛЕМНІҢ 25 ЕЛІНЕН 90 БАСПА ӨКІЛІ ЖИНАЛДЫ. ОЛАР ОҚЫРМАНДАРҒА 3 МЫҢНАН АСТАМ КІТАП ҰСЫНЫП ОТЫР. КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ҚАТЫСТЫ. – Әлемдік айтулы шара «ЭКСПО-2017» көрмесімен тұспа-тұс келген халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – ерекше оқиға. Бас қаламыз­да халықаралық кітап форумын өткізу бүгінгі таңда мәдениеттің, әдебиеттің, кітап шығару ісінің жаңалықтарын таныстырудың салтанаты ғана емес, ол – барша кітапсүйер қауымның ... Читать далее »

«ШАРЫНДА» БАҒА ШАРЫҚТАМАСЫН

cab08cd6a23d5ccf3a22cb6b7a89db8a

СОҢҒЫ АПТАЛАРДА ШАРЫҚТАП КЕТКЕН КЕЙБІР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТҮРЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ БІРТЕ-БІРТЕ ӨЗІНІҢ БҰРЫНҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛГЕЛІ ЖАТҚАН СИЯҚТЫ. ӘСІРЕСЕ, КӨКӨНІСТІҢ, СОНЫҢ ІШІНДЕ КАРТОПТЫҢ БІРНЕШЕ ЕСЕ ҚЫМБАТТАҒАНЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫНА ҚАТТЫ СЕЗІЛДІ. МҰНДАЙ ЖАҒДАЙ АСТАНАДА ҒАНА ЕМЕС, ЕЛІМІЗДІҢ БІРНЕШЕ АЙМАҒЫНДА ҚАТАР БАЙҚАЛДЫ.  Әлеуметтік желідегі жұрттың әңгімесі де картоп болып кетті. Мәселен, Қарағандыдағы Марғұлан Уәли досымыз «Күзге дейін «жаркое» жемейтін сияқтымыз» деп әзілдеді. Алматыдағы Ерік Рахым әріптесіміз «Нарынқолға келіңіздер, жақсы, арзан картошка бар» деп жар салды. Астанада отырып, Алатаудың баурайына картоп үшін сапар шегетін жайымыз жоқ, бізге елордада арзандау алатын жер керек. Өзіміз тұратын үй жақта ... Читать далее »