Среда, 28 Июнь 2017
-->

Архивы с метками: Айгүл УАЙСОВА

ВЕЛОСИПЕД МІНГЕННІҢ МАШАҚАТЫ КӨП

Осыдан үш жыл бұрын жаппай велосипедке мінген астаналықтарды көргенде тосырқай қарағанымыз рас. Аз уақыттың ішінде бұған да көз үйренді. Үлкені де, кішісі де, шалбарының қыры сынбаған қызметкерлер де, көйлегінің етегі желбіреген бойжеткендер де велосипедке қонды. Кермеге тартылғандай қос дөңгелекті тұлпарлар тізілген велобекеттер қаланың үйреншікті көрінісіне айналды. Осылайша, күзі, қысы қытымыр, жаз айы қысқа болса да, қалалық көлік жүйе­сінде айтарлықтай өзгеріс болып, велосипедшілер жолға шықты. Елордадағы арнайы веложолдар тапшылығы велосипедшілердің қозғалысына кедергі болмады. Қолданыстағы жол қозғалысы ережелерін белінен басып, велосипедшілердің дені жаяу жүргіншілердің сүрлеуінде зуылдап жол қысқартып жүр. Алайда тәртіп сақтау ... Читать далее »

Жол жүктемесі жеңілдейді

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі күндері қаланың шалғай аймақтарын көрме орталығымен байланыстыратын 7 жаңа Shuttle Bus бағдары енгізілді. Мұны көше-жол желісінің жүктемесін төмендету үшін «ALAY-ASTRA» және «КеңМарт-ASTRA» көліктік орталықтары ұйымдастырып отыр.  Енді №500 Халықаралық әуежай – «Нұрлы Жол» темір жол вокзалы, №501«Рахмет» ОСО – Клиникалық-оңалту орталығы, №502-«Астана» М – «Арнау» ТК, №503- «Алай» – «Арнау» ТК көліктік хабы №504 – «Достар-1» ТК – Клиникалық-оңалту орталығы №505 – «Нұрлы Жол» темір жол вокзалы – «Арнау» ТК, №506 – «Кенмарт» ОСО – «Қазанат» ипподромы арасында қатынайтын болады. Сонымен қатар, №№ 10, 12, 15, ... Читать далее »

Этножурналистика: тағылым мен тәжірибе

Қазақстан халқы ассамблеясы Журналистер клубының «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында елбасы ұсынған рухани жаңғыру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағдарламаларын, ұстанымдарын ақпараттық қолдаудағы баспасөз өкілдерінің міндеттері талқыланды.  Журналистер клубы ҚХА ХV сессиясында айтылған Елбасының тап­сырмасымен құрылған еді. Клубта жиырмадан астам республикалық аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Клубтың мақсаты –  этносаралық мәселелер туралы айтылған жерлерде жауапкершілік пен этиканы сақтап, толеранттықты нығайтуға атсалысу болып табылады. Этножурналистика саласындағы ахуалға талдау жасаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай «Этностық масс-медиа журналистерін өз басылымдары және аудиториясымен ... Читать далее »

ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ҚУАТ КӨЗДЕРІ

«Болашақ энергиясы, жасыл Жібек жолы» деген тақырыппен Қытай Халық Республикасының павильоны көпшілік қауымға есігін ашты. Ашылу салтанатына қатысқан Ахметжан Есімов көрменің ең ірі әрі тартымды павильондарының бірі болып табылатынын айтып, қытайлық әріптестеріне сәттілік тіледі. «Осыдан бір күн бұрын ҚХР төрағасы мен ҚР Президенті павильонды аралап көрген болатын. Екі ел басшылары атап өткендей, Қытай мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Жаңғыртпалы энергетика саласындағы жаңа технологиялар әлемдегі осы қуат көзінің дамуын ынталандыратын болады» деді Ахметжан Есімов. Расында да, 1 мың шаршы метрге орналасқан павильонда Қытай энергетикасының өткені мен бүгінгісі, оның болашағының ... Читать далее »

САЗБАЛШЫҚТАН СОМДАЛҒАН СҰЛБАЛАР

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында император Цинь Шихуандидің «Терракота әскері» көрмесі ашылды. 1974 жылы қазба жұмыс­тары кезінде табылған «Терракота әскері» деп аталатын сазбалшықтан сомдалған әскерилер сұлбалары ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралары тізіміне енген. Мәдени ескерткіш Сиань қаласындағы Цинь Шихуанди императоры кесенесі жанындағы 8099 қытай жауынгерінің және аттарының өлшемі сақталған мүсіндерінің жиынтығы өнер туындысы болып табылады. Қытайдың бірінші императоры Цинь Шихуанди – қытай тарихындағы біртұтас көпұлтты орталықтандырылған династия Цинь династиясын, одан кейінгі Хань династиясының негізін қалаған император. Дәл осы Хань династиясы кезінде Ұлы Жібек жолы пайда болды. Сол жолдың ... Читать далее »

ШОЛУ ШЕҢБЕРІ АШЫЛАДЫ

АСТАНАЛЫҚТАР МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ  ҚҰС ҚАНАТЫНДАЙ БИІКТЕ САМҒАП, ЗЕҢГІР КӨКТЕН  ҚАЛА КӨРІНІСІН ТАМАШАЛАЙ АЛАТЫН БОЛАДЫ. АСТАНА КҮНІНДЕ АШЫЛАТЫН ЖАҢА НЫСАН – АЙНАЛМАЛЫ АТТРАКЦИОН «ШОЛУ ШЕҢБЕРІ» 22 ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ БИІКТІГІМЕН БІРДЕЙ 65 МЕТР БОЛАДЫ. АЛЫП АТТРАКЦИОН – ЕЛІМІЗДЕГІ ЕКІНШІ ШОЛУ АТТРАКЦИОНЫ. АЛМАТЫДАҒЫ ОСЫ ТЕКТЕС НЫСАННЫҢ  БИІКТІГІ 60 МЕТРДІ ҚҰРАЙДЫ. Дүниежүзіндегі ең алғашқы шолу шығырын жасау идеясы Джордж Фэрриске тән. Ғажап шешім 1893 жылы жүзеге асырылып, Чикаго қаласында өтіп жатқан халықаралық көрмеге тарту етілген болатын. Содан бері ірі мегаполистер қала көрінісін алып аттракционда тамашалауды дәстүрге айналдырып келеді. Астаналық жаңа «дөңгелектің» ауа баптағыш ... Читать далее »

ДЖЕКИ ЧАН КЕЛЕ ЖАТЫР

ӘЛЕМДІК КИНЕМАТОГРАФИЯНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ АСТАНАДА ӨТЕТІН ҚЫТАЙ КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСЫП, КӨРЕРМЕНДЕРГЕ «КУНГ-ФУ ЙОГА» АТТЫ ФИЛЬМІН ТАРТУ ЕТПЕК. Джеки Чан 1954 жылы Гонконг қаласында кедей отбасында дүние­ге келген екен. 1971 жылы Қытай жабық драма академиясын бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар әртіс актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80-жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Өткен жылы Джеки Чан кинематографқа қосқан зор үлесі үшін «Оскар» сыйлығын алған. «Қазақстан» республикалық ... Читать далее »

ӘЖЕЛЕРДІҢ АС МӘЗІРІ

Сан мың жылдардан бері қалыптасқан салт-дәстүріміз,әдет-ғұрпымыз, ұлтымыздың өмір сүру тәжірибесі – бүгінгебейімдейтін, өткенге аманаттайтын құндылықтарымыз. Сол себепті де оны қастерлеп, өзіндік болмыстың бірбелгісі ретінде басқаға паш ете аламыз. сондай ұлттық ерекшелігіміздің бір сипаты – ұлттық тағамдарымыз. Кейбір елдер өздерінің ұлттық тағамдарына қызғанышпен қарап, көзінің қарашығындай сақтап жүреді екен. Ал оның жасалуы – жатқан жұмбақ. Мысалы, италиялықтар пастасының жасалу әдісімен ешкіммен бөліспесе, қытайлар жылан мен акуланың еті қалай жасалатынын бөтенге білдірмейді. Құпиясын қойнына бүккен халықтар осымен шектелмейді. Егер өз ұлтының тағамдарының қалай жасалып, оның қаншалықты берекелі екенін білмейтіндер болса, соның бірі ... Читать далее »

ШЫБЫН-ШІРКЕЙГЕ ШАБУЫЛ

Елордамызға алғаш рет көшіп келгендердің әлі де есінде болар. Бұл жердің масалары жаудай болатын. Қазіргі күні ызың еткен шыбын да, беймезгіл ұшқан шіркей де онша көп емес. Қара бұлттай қаптаған маса да көрінбейді. Дегенмен олар мүлдем жойылып кеткен жоқ. Бұл – қансорғыштардың ызыңдап мазамызды алмауын қадағалап отырған арнайы қызмет жұмысының нәтижесі. МАСАНЫҢ ТҰМСЫҒЫ ӨТПЕЙДІ Көктемнің алғашқы шуағымен маса біткен сулы жерлерде жұмыртқалай бастайды. Одан қалды ылғалды, жел қақпаған жертөлелердің қуыстарында да ұялайды. Осында өніп-өсіп, кейде қыстың күні де тіршілігін үзбей, пәтерлерді басып қалып жатады. Сондықтан да масалармен күрес жаз бойына ... Читать далее »

САЯБАҚТАР НЕГЕ СҮРЕҢСІЗ?

Елордада тоғыз бірдей ірі саябақ, тоқсанға тарта гүлзар, желекжайлар бар. Алайда осы бақтардың қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарына айналғандары саусақпен санарлықтай. Оның себебі неде? Бұрындары саябақтардың белгілі бір міндеті болатын. Олар алдымен мәдени ағартушылық көпшілікті жұмылдыратын орын еді. Аға буынның естерінде болар, ондай орындарда жазғы кинотеатр, аттракциондар, би залдары, тир, балалар алаңдары мен спорт алаңдары болатын. Қысты күндері осында шаңғы теуіп, сырғанақ ойнайтын. Үлкен саябақтарға көрмелер қойылып, қала мерекелері де осында өтетін. Сонымен бірге түрлі үйір­мелер, саламатты өмір салтын қолдаушыларға арналған спорт алаңдары ала жаздай жұмысын тоқтатпайтын. Содан ... Читать далее »