-->

1 тэг бойынша мұрағат

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – АСТАНА

Елорда әкімі И.Тасмағамбетовтің қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде сөйлеген сөзі  Ардақты астаналықтар! Қадірменді қауым! Бұрынғылар «Адамның өскені әрбір өткен жылымен, шаһардың өскені әз-халықтың сынымен бағаланады» деген екен. Бұл қаласына қарап қоғамның ырысын, баласына қарап әлеуметтің тынысын анықтайтын осы заманның ақиқаты. Өйткені, бүгінде шаһар өмірі – ең алдымен тынымсыз тіршілік пен ауызбіршіліктің көзі, береке мен баяндылықтың өзі. Сондықтан да жыл сайын халық болып мәжіліс құру – біз үшін Елбасы белгілеген тәртіптің қалпына да, ел дәстүрінің салтына сай айнымас дағдыға айналды. Сөз жоқ, 2013 жыл Елорда үшін табысы мол толайым жыл болды. ... Толығырақ оқу →

Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА, Астана қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы: ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА ЗӘРУ МАМАНДЫҚТАРДЫ ИГЕРУ КЕРЕК

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында өскелең ұрпаққа білім мен патриоттық тәрбие берудің жаңа әдіс-тәсілдері мен тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруды жүктеген еді. Осы ретте бас қаланың білім беру саласындағы ауқымды жұмыстары туралы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Эльмира Амангелдіқызы әңгімелеп берді. – Алдымен елорданың білім беру жүйесін дамытудағы басым бағыттар туралы айтып берсеңіз… – Астана қаласындағы барлық білім мен тәрбие беру мекеме­лері басшыларының қаты­суымен өткен қалалық кеңесте Пре­зидент Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды. Әр мекеме бойынша білім сапасын арттыру мақсатындағы басым бағыттар белгіленді. «Жұ­мыла көтерген ... Толығырақ оқу →

ЖАС ПИАНИСТЕР ШЕБЕРЛІГІН ҰШТАЙДЫ

24-28 ақпанда Владимир Пясецкий «Astana Piano Passion» байқауының қарсаңында жас пианистерге шеберлік дәрісін өткізеді. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, профессор, И.Бах атындағы халықаралық байқаудың лауреаты, «Русское исполнительское искусство» Грант қорының иегері,  Ресей, Сербия, Франция және Жапония елдерінде шеберлік сағаттарын өткізген Валерий Пясецкий қазақстандық балалармен бес күн бой бірге болып, жас пианистерге  фортепиано өнерін егжей-тегжейлі үйрететін болады. Ұлағатты ұстаздың  шәкірттері 50-ден аса ірі халықаралық байқаудың лауреаттары атанған. Соның ішінде П.Чайковский атындағы ХІ халықаралық байқаудың жеңімпазы Денис Мацуев, Ф.Бузони атындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы Д.Наджафарова, С.Рахманинов атындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы А. Синчук бар. Валерий ... Толығырақ оқу →

ЕЛДІК ҚҰЖАТ – ЕРТЕҢІМІЗГЕ ЖОЛНҰСҚА

Астана қаласындағы «Қазтұтынуодағының» Сауда-экономикалық колледжінің ұстаздары мен студенттері Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылады. Сауда-экономикалық колледжі Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларды негізге ала отырып, жастарға сапалы білім беруді көздейді. Колледж негізінен қазіргі замандағы сұранысы жоғары мамандық иелерін даярлауды мақсат етеді. Айталық, «Есеп және аудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Құқықтану», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Туризм», «Бағалау», «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» сынды мамандықтарды игеріп шыққан жастарымызға қайдан да жұмыс табуға мүмкіндік бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, колледж ұжымы жаңашылдыққа ден қойып, ... Толығырақ оқу →

ЖАУЫНГЕРЛІК РУХТЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мәселелері кеңінен қозғалған. Осы айтылғандарды іске асыру мақсатында Астана қаласының Білім басқармасы, Қорғаныс істері жөніндегі басқарма және Бас әскери прокуратура бастауыш әскери дайындық пәнінің мұғалімдері үшін №16 орта мектептің базасында үш күндік әдістемелік жиын өткізді. Қазақстан Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары, полковник М.Таласов, Бас әскери прокуратура штабының бастығы, Жас әскерилер бірлестігі республикалық штабының тең төрағасы, әділет полковнигі Н.Нұрахметов құрметті қонақтар ретінде қатысқан жиын бағдарламасына бастауыш әскери дайындық  және әскери-патриоттық ... Толығырақ оқу →

ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІМЕН ӘЛІ-АҚ ИЫҚ ТІРЕСЕМІЗ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларынан мәдениетті тыс қалдырған емес. Биылғы бас құжатта да бізге серпін беретін, сергек іске бастайтын міндеттер мен тапсырмалар жетерлік. Мәдениет қызметкерлері оларға аса мән беріп, орындауға күш салатынына сенімдімін. Және сол арқылы әлі-ақ әлем мәдениетімен иық тірестіретін боламыз.    «Мәңгілік Ел» – біздің де мұратымыз «…Жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек». Бұл – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына ... Толығырақ оқу →

ЕҰУ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

«Quacquarelli Symonds» (QS) халықаралық компаниясы ашылғанына 50 жыл толмаған әлемнің үздік жоғары оқу орындары арасында «QS Top 50 Under 50» деген жаңа рейтингісін жариялады. Соның қорытысындысы бойынша Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 32-орынға  тұрақтады. Аталмыш рейтингке ТМД-ның бір де бір университеті ілікпеген. Оқу орнының абыройын асқақтатқан бұл көрсеткіш – университеттегі білім беру ісі сапасының артып, әлемдік стандарттарға сай жарақтандырылғанын айқындай түседі. Тыңғылықты жұмыс нәтижесінде қол жеткізіліп отырған жетістік университет басшылығы мен  оқытушылардың маңдай тері, ерен еңбегі, жемісті  жұмысының арқасы.  Студенттер де  білім деңгейімен, белсенділігімен  атсалысуда.     Толығырақ оқу →

ДЕНСАУЛЫҚ КІЛТІ – ӘРКІМНІҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА

Елбасының «Қазақстан – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аты Жолдауы еліміздің медицина саласына үлкен міндеттер жүктеді. Осыған байланысты елордада қолға алынған шаруалар аз емес. Мемлекет басшысының қай Жолдауында болсын, медициналық қызметтің сапасын көтеруге, оның халық үшін қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға айрықша мән беріледі. Өйткені, сырқатқа ұшыраған жанның  көмек алуға баратын алғашқы жері осы. Астана халқының саны күннен-күнге өсуіне байланысты елорда емханаларына түсетін салмақ та көбейген болатын. Жыл сайын әр емханаға орта есеппен 35 мыңдай адам тіркеледі. Бұл дегеніңіз әжептәуір жүктеме. ... Толығырақ оқу →

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

Тілге орамды, құлаққа жағымды естілетін «Ұстаз» деген сөздің адамзаттың даму тарихында­ қашан да болса­ алар орны бөлек, айрықша. Осындай ардақты да қадірлі атқа ие болып жүрген адамның бірі әрі бірегейі – профессор Тілеулес Әбдіғалиқызы. «Өмір» атты үлкен кітаптың беттерін парақтап, Тілеулес Әбді­ға­ли­қызының өмір жолына үңіле қарасақ, тек ұстаздық жолдағы еңбегінің өзі 25-30 жылдан асып отыр екен. Әрине, бұл тек айтуға ғана оңай. Бұл жылдар үлкендер ілтипатпен қарайтын, кейінгілер үлгі тұтар ұстаздық өмір парақтары іспеттес. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеулес Әбдіғалиева 1944 жылдың 2 ... Толығырақ оқу →

КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Сенбі күні Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын Оңтүстік-Шығыс және Промышленный тұрғын алаптарының тұр­ғындарымен кездесті. Әкім әдеттегідей ауданда атқа­рылған негізгі жұмыстар мен қол жеткізген табыстарға тоқталды. Соңғы бес жылда аудандағы тұрғындар саны 54 мыңға арт­қан. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, білім алуға, денсаулықты түзеуге, жұмыс істеуге бар мүм­кіндік жасалған. Ауданда 65 мектепке дейінгі білім беру меке­месі, 38 мектеп бар. Сондай-ақ, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 4 шағын орталық ашылды. Тағы да 2 ор­талықты ұйымдастыру жос­парланып отыр. Мектептердегі орын жетіс­пеу­шілік мәселесіне аудан әкімі осы жиында нақты жауап берді. Айтуынша, Сарайшық көшесінің оңтүстігі ... Толығырақ оқу →