«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Суға кеткендер көбейіп келеді

0 97

Бұрнағы күні «Нұра-Есіл» су арнасында тағы бір бала суға батып, көз жұмды. Жалпы, шомылу мау­сымы басталғалы бері Астана бойынша 15 адам суға ағып кетті. Жан тапсырғандардың 9-ы Пригородный тұрғын алабының тұрғындары болса, соның 7-еуі – кәмелет жасына толмаған балалар.

Бұл тұрғыда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Нұра-Есіл» су арнасына кезекті рейд жүргізді.
– 24 маусымда бірін-бірі құтқармақ болған 4 бала қаза тапты. Одан соң кілем жумақ болған әйел екі қызымен бірге батып кетті. Енді, міне, 2004 жылы туған баланың мәйіті табылды. Патрульдік қызмет киім-кешек, телефон, қармақ пен велосипедті көріп құтқарушыларды шақырған. Кинологиялық есеп киімнен баланың суда жатқанын анықтап берді. Таңғы сағат 5-те мәйіт судан шығарылды, – дейді Астана қаласының ТЖД ликвидация бөлімінің басшысы Елдор Райымбеков. – Негізінен, «Нұра-Есіл» су арнасында автокөлік жууға, суға шомылуға, балық аулауға мүлде болмайды. Арнаның суы тек бау-­бақша суаруға арналған. Жалпы, балықшыларға суға батырмайтын арнайы киімді сатып алуға үнемі кеңес береміз. Оны қолдан да жасап алуға болады. Бірақ олар мұны құптағанмен, орындамайды. Соның салдарынан зардап шегеді.
Жүргізілген рейдтер барысында үлкендердің қарауынсыз жүрген 9-дан 15 жасқа дейінгі бірнеше бала ұсталыпты. Алайда олардың ата-аналарының көбі балаларының қайда жүргенінен бейхабар болып шыққан. Жалпы, 25 хаттама толтырылып, кейбіріне 2-ден 4-ке дейінгі АЕК көрсеткішіндегі айыппұл салынған. Егер олар тағы да ұсталса, қатаң шара қолданылмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды