Четверг, 22 Июнь 2017
-->

СУ ТАСҚЫНЫН ТОЙТАРДЫ

Елордада су тасқынына қарсы жұмыс жалғасуда. Осыған дейін су басуы ықтимал 37 учаске анықталып, су тасқынына қарсы шаралар әзірленді.

2322

Қалалық қызметтердің мәліметтері бойынша бас­тап­қыда Есіл өзенінде судың жүруі және оның Астана су қоймасына ағуы бойынша болжам 200-280 млн текше метр шамасында болған. Алайда ауа райы жағдайларына байланысты Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес, қар жоғалту 60 пайызды құрады. Астана су қоймасына келетін судың ағысы 100-150 млн текше метрді құрайды. Қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының мәліметінше, осыдан бір апта бұрын Астана су қоймасындағы судың мөлшері 299,41 млн куб метр­ді құраса, су қоймасына су 150,69 м³/секундта келген. Су тасқыны басталғалы бері су қоймасына 65,36 млн куб метр су келді.

Қалалық қызметтердің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – Есіл өзенінің арнасын кеңейту. Бүгінгі күні «Газ аппаратура» зауытының ауданында өзен арнасын кеңейту жұмыстары толықтай аяқталды.
Су басу жағдайлары туындаған сәттен бастап қала тұрғындарына көшелер мен үйлерді су басу туралы 4886 хабарлама түскен, соның 4787-сі бойынша жұмыс жүргізілді, ал 99 өтініш бойынша жағдай бақылауға алынып отыр.

Сонымен бірге, күнделікті негізде 100-ден аса мамандандырылған ас-машина үш ауданда су сорғыту жұмыстарын жүргізуде. Бұған қоса, қала әкімдігі 27 арнайы техника, 73 сорғыш құрылғысын және мотопомпасын жұмылдырып отыр. Үстіміздегі жылы 20 мың дана қап, 9 мың тонна инертті материал және 188 тонна жанар-жағармай әзірленді. Үстіміздегі жылы су тас­қындарына қарсы шараларға 1,4 млрд теңге қарас­тырылған, бұл қаржы қажет шығындарға жеткілікті.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*