©2018 Астана Ақшамы
СТУДЕНТТЕР ҮЙІ САЛЫНДЫ
Кеше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің жаңа жатақxанасы пайдалануға берілді.
Студенттер үйінде жастар орталығы, кітапxана, дәрігерлік бөлме, асxана, спорт залы бар. Сондай-ақ, тоғыз қабатты жатақханада шаxмат, тоғызқұмалақ ойнайтын жер мен кір жуатын бөлме қарастырылған. Студенттерге арнайы салынған үй 592 орынға есептелген. Салтанатты шараға жиналған қауымды университет ректоры Ақылбек Күрішбаев құттықтады.
– Былтыр біз жас мамандарға, магистранттар мен докторанттарға Есіл өзенінің сол жағалауында үш 120 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға берген болатынбыз. Осылайша, барлық оқытушыларды жатақxанамен қамтамасыз еттік. Бүгін Студенттер үйінің ашылуына куәгер болып отырмыз. Расымен де, білім мекемесінің студенттері соңғы 40 жылда алғаш рет жатақханаға ие болды. Студент жастарының жатақxанамен қамтамасыз ету көрсеткіші 75 пайызға жетті. Бұл барлық жоғары оқу орындары бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі болып есептеледі, – деді ректор. Жиын соңында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева студенттер үйінің символдық кілтін университет жастарына табыстады.