«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Студенттер сайлауға дайын

0 36

«Астана жастары» ресурстық орталығы еліміздегі президенттік институтты талқылау мақсатында Қазақ технология және бизнес университеті жастарының басын қосты.

Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских пен аталған жоғары оқу орны ректорының кеңесшісі Владимир Ешпанов қатыс­ты. Олар мемлекетіміздің тәуелсіздік алып, егемендікті бекіткеннен кейінгі дамуында Елбасы – Ұлт көшбасшысының сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды:
– Қазақстанның іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтерген, бар-­жоғын түгендеп, іргесін кеңейт­кен, оны бүкіл әлем мойындаған мем­лекетке айналдырған Елбасы тарихта өзіндік дара қолтаңбасын қал­дырды. Оның белгілеген бағыты алда­ғы уақытта да өміршең болатыны ақиқат, – деді халық қалаулысы жас­тарға айтқан сөзінде.
Іс-шара барысында студенттер алдағы маңызды саяси оқиға – Президент сайлауына белсене қатысатындарын, бұл олардың азаматтық парызы екендігін мәлімдеп, ел болашағы үшін ешқашан селқостық танытпайтындарын байқатты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды