«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Студенттер қолдау білдірді

0 13

Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универси­тетінің студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы үндеуін қолдап, студенттік форум өткізді. Іс-шараға жастар ұйымдарының жетекшілері, университет студенттері және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Форумда университет студенттері Мемлекет басшысының шешімін бірауыздан қолдап, еліміздің барша студенттері мен жастарын президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақыра отырып, үндеуді қабыл алды.
Жиын барысында алғаш болып сөз алған аталған жоғары оқу орнының басшысы Ақылбек Күрішбаев кезектен тыс президенттік сайлау кез келген елдегі елеулі экономикалық өзгерістердің маңызды қадамы екенін атап өтті. «Мен университет студенттері 9 маусымда өтетін сайлауға белсенді қатысатындығына және олар Қазақстан Республикасының Президентіне лайықты кандидатқа дауыс береді деп сенемін» деді ол. Форум соңында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері атынан еліміздің жастарына үндеу жолданды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды