«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

100 ОТБАСЫҒА – 100 МЫҢНАН

0 66

Кеше Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының корпоративтік «Зекет» қорының қалалық өкілдігі мен «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық акциясы өтті.

ERM_3830

Аталған шараға көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 отбасы шақырылып, әрқайсысына 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Сондай-ақ, оқырманның діни сауатын ашатын кітаптар таратылды.
«Көп балалымыз. Бесінші балаға аяғым ауыр. Пәтер жалдап тұрамыз. Кеше ғана жолдасым мешітке барғанда, жағдайымызды жазып, қандай да бір жәрдем сұраған. Жарты сағаттан кейін «Зекет» қорының ұйымдастырушылары хабарласып, бізді осы акцияға шақырғанда қатты қуанып қалдық. Жалғыз біз емес, қаншама көмекке мұқтаж отбасылар жиналған екен. Біреуінің баласы мүгедек, тамаққа ақша таппай жүрген де бар. Қара басын ғана емес, қалың көпті ойлайтын жанашырларға үлкен рақмет!» дейді астаналық ана Гүлбану Әбдіхалықова.
«Қасиетті Құранда намаз оқып, зекет беру бұйырылған. Құдайға сенген әр пенде Алланың разылығы үшін намаз оқиды, бай-дәулетті адамдар өзінің мал-дүниесінен жағдайы төмендерге зекет береді. Зекеттің үш түрлі мағынасы бар: тазалану, көбею, салиқалы болу. Яғни, берген жанның тұла бойы тазарып, салиқалы құрметке ие болады, алған қолдың тұрмысы түзеле түседі» деген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы баршаны Рамазан айымен құттықтап, ізгі ниеттерінің қабыл болуын тіледі.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды