«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Спартакиадаға кім барады?

0 69

Қазақстан Республикасы Спартакиадасына қатысатын астаналық боксшылардың есімі белгілі болды.

Кеше Қ.Мұңайтпасов атындағы спортқа дарынды балаларға арналған республикалық спорт мектебі-интернатының «Жас Батыр» спорт кешенінде бокстан Астана қаласының чемпионаты мәресіне жетті. Осы жарыстың қорытындысы бойынша елордалық команданың құрамы анықталды.
Ұлттық құраманың сапында халықаралық жарыстарға қатысатын болғандықтан, Астана қаласының бокс федерациясы бұл чемпионатқа Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит, Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионы атанған Айбек және Нұрбек Оралбай секілді белгілі боксшылардың қатыспайтыны жөнінде алдын ала шешім қабылдаған болатын. Дегенмен, Астана чемпионатында басқа да көптеген белгілі боксшылар өнер көрсетті. Атап айтқанда, халықаралық дәрежедегі спорт шебер­ле­­рі ­Ілияс­ ­Сүлейменов пен Вадим Казаков, ел біріншілігінің жүлдегерлері Асхат Жүсіпов пен Дархан Жұмсақбаев сынды былғары қолғап шеберлерін көрдік.
Сонымен, Астана чемпионатында мына боксшылар топ жарып, республикалық спартакиадада елорда намысын қорғайтын болды: 49 келі – Асхат Жүсіпов, 52 келі – Еламан Бүтінбаев, 56 келі – Ілияс Сүлейменов, 6 келі – Еркіндік Назарбек, 64 келі – Әділ Закир, 69 келі – Айдархан Нуканов, 75 келі – Әділет Досымбек, 81 келі – Аян Маржықпаев, 91 келі – Нұрболат Сермаханов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды