-->

СОТ ОРЫНДАУШЫНЫҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҒЫ ОЙЛАНДЫРАДЫ

Алик Шпекбаев талдау қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне түсетін әрбір арыздың екіншісі сот актілерінің орындалуына байланысты екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми деректерге сәйкес олардың орындалғаны 43 пайыз болса, ал қайтарылған зиянның көлемі 38 пайызды құраған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, Жол картасы аясында сот актілерінің орындалуы мен энергетика саласында қоғамдық мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелін талдаған қорытынды кеңес өткізді. Оған мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер және бизнес өкілдері қатысты.

Жиында алғаш сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев талдау қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне түсетін әрбір арыздың екіншісі сот актілерінің орындалуына байланысты екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми деректерге сәйкес олардың орындалғаны 43 пайыз болса, ал қайтарылған зиянның көлемі 38 пайызды құраған.

Сонымен бірге, Алик Шпекбаев сот орындаушылар кейбір істерді жиі созатынын айтты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей аумақтық бөлімінің орындауында 2010 жылы қозғалған атқарушылық істер бар екен.  Сондай-ақ, ол сот орындаушылардың заңсыз баюына мүлікке тыйым салу құралы кеңінен жайылған әдіс екенін жеткізді. Кейбір жағдайда тыйым салынған мүліктің көлемі өндіріп алу бағасынан әлденеше есе жоғары болады екен.Жиында алғаш сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев талдау қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне түсетін әрбір арыздың екіншісі сот актілерінің орындалуына байланысты екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми деректерге сәйкес олардың орындалғаны 43 пайыз болса, ал қайтарылған зиянның көлемі 38 пайызды құраған.

Сонымен бірге, Алик Шпекбаев сот орындаушылар кейбір істерді жиі созатынын айтты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей аумақтық бөлімінің орындауында 2010 жылы қозғалған атқарушылық істер бар екен.  Сондай-ақ, ол сот орындаушылардың заңсыз баюына мүлікке тыйым салу құралы кеңінен жайылған әдіс екенін жеткізді. Кейбір жағдайда тыйым салынған мүліктің көлемі өндіріп алу бағасынан әлденеше есе жоғары болады екен.  – Өркениетті елдердің тәжірибесіне сәйкес Қазақстан 2010 жылдан бастап жеке сот орындаушылар институтын енгізді. Осы қадамның айтылған саладағы жемқорлықтың азаюына ықпалы тиді. Бүгінде жеке сот орындаушылардың саны мемлекеттік сот орындаушылардан жоғары. Енді алдымыздан бір өзекті мәселе шығып отыр. Ол жеке сот орындаушылардың жауапкершілігі олардың өкілеттігіне тең еместігі. Оларға лауазымды  тұлғалар жауап беретін сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағандары үшін, заңды кәсіпкерлік қызметке бөгет болмау, билікті артық пайдалану секілді жауапкершілік қолданылмайды.

Сондықтан жеке сот орындаушыларды сыбайлас жемқорлық қылмыс субъектілеріне теңестірген жөн, – деді Алик Шпекбаев.Кеңеске бейнебаян арқылы аталған агенттік аумақтық департаменттерінің басшылары шығып, осы сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады. – Біздің департамент сот актілерін орындау саласындағы сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне талдау жүр­гізді. Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан қалалық Әділет департаментіне 638 шағым түсті. Оның 336-і мемлекеттік сот орындаушыларына, 234-і жеке сот орындау­шыларына бағытталған. Ал Әділет министрлігіне 7 788 өтініш түскен.

Оның басым бөлігі, яғни 51,4 пайызы Сот актілерін орындау департаментінің қызметіне қатысты. 2016 жылы елордалық Әділет департаменті 190 тәртіптік санкция енгізді, олардың 135-і­ сот орындаушыларына тиесілі болды, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскин. Сонымен қатар, жиында табиғи монополиялар субъектілерінің әрекетінде кездесетін кәсіпкерлердің мәселелері қозғалды.

Айталық, монополиялық ұйымдар халық пен бизнеске қызмет көрсетеді. Заң түрінде осы мәселе дұрыс реттелмеген. Нақты тәртіптері көрсетілмеген. Мәселен, кейбір электр жүйесі ұйымдары жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деген желеумен мерекеде немесе тағы басқа сондай бір айтулы шарада электр тогын ағытып тастап, кәсіпкерге кесірін тигізеді. Агенттіктің мамандары Қарағанды мен Атырау облыстарының монополиялық ұйымдардың қызметіне осындай сараптама жүргізген.

Сонда жарты жыл ішінде екі аймақтың кәсіпкерлерінен 600 шағым түскен.Шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарды сапалы атқару жайында шешім қабылдады.

Азамат
ЕСЕНЖОЛ

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*