«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сөнбеген шылым – бюджетке шығын

Айтпайын-ақ деп едім...

0 31

«Астана ақшамы» газетінің 2019 жылғы 4 сәуір күнгі санында жарияланған журналист Ботагөз Маратқызының «Астаналық мәдениет бәріміздің бойымызда бар ма?» деген мақаласы қазіргі таңдағы өте өзекті мәселені көтерген екен. Шынында, еліміздің жүрегі саналатын Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатқан азаматтардың мәдениеті – ой салып қарайтындай орынды тақырып.

Осы орайда күнде көзім кө­ріп жүрген жайттарға мен де тоқ­тал­ғанды жөн көрдім. Бүгінде әр аулаға плас­тикалық қалдықтарды салуға арналған контейнерлер орнатылып, олар бөлек түске боялып, сыртына түсініктемелер жазылған. Ондағы мақсат – пластик қалдықтарды қайта өңдеу процесін жеңілдету. Өкінішке қарай, бұған бас ауыртып жатқан тұрғындар аз. Қоқыстарын сұрыптамай, ас-ауқаты пен плас­тик қалдықтарды араластырып, бір контейнерге төге салады. Қоқыс дегеннен шығады, тротуар жиегіне қойылған қоқыс жәшіктеріне де темекі тұқылын тастауда көбісі қарапайым ережелерді ескере бермейді. Тастамас бұрын темекілерін өшірсе етті! Жәшік пластмассадан жасалғандықтан, өшірілмеген темекі тұқылдары оны балқытып, түбін теседі. Соның кесірінен қанша жәшіктер жарамсыз болып қалуда. Ал бұл қалалық бюджетке қаншама шығын?!
Меніңше, кемістікті көріп тұрып, көрмегендей көз жұмып өту – екі­жүзділік, оның тамырын қимау – немқұрайлылық, халқыңа жасаған қиянат. Орыстың ұлы жазушысы Антон Чехов та «Еліңді шынайы сүю деген – оның кемістіктерімен ымырасыз күресу» деп айтыпты. Сол күресті әркім өзінен бастаса, қоғам да көз алдымызда гүлденіп салар еді.
Астаналықтар, осыны бір ойла­йықшы…

Нақыпбек СӘДУАҚАСОВ,
заңгер-публицист
Нұр-Сұлтан қаласы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды