«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

СОЛ ҚОБЫЗ ҚАЗІР ҚАЙДА ЕКЕН?

Жуырда әлеуметтік желінің бірін шарлап отырып, мынандай деректі кездестірдік: Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрi 1957 жылы Қытайда концерт қойғанда Қытай Халық Республикасының төрағасы Мао Цзе Дунге оркестр жетекшiсi, дирижер Шамғон Қажығалиев Қазақстан Үкiметi атынан шебер Қамар Қасымов жасаған қобыз­ды сыйға тартқан екен.

0 61

Бізді осы сыйлықтың ке­йінгі тағдыры қызықтыр­ды. Сол елден көшіп келген әріптесімізден мұның жа­йын сұраған едік, білмейтін болып шықты. Бірақ өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Қытайда болған мәдени төңкеріс кезінде бұл қобызды құртып жіберді ме деген болжам айтты.
Бір атап өтерлігі, Қамар Қасымов – түрлі халықаралық деңгейдегі көрмелерге қатысқан қазақтың тұңғыш қолөнер шеберлерінің бірі. Кезінде Суретшілер одағының мүшесі де атанған. Ол өрнектеп жасаған әсем музыкалық аспаптар бүгінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей мұражайларында сақтаулы тұр.
Шебердің еңбегі еленіп, ҚазКСР-дiң еңбек сiңiрген өнер қайраткерi атағына ие болды. «Еңбек Қызыл Ту» орденiмен және көптеген медальдармен марапатталды. Шетел ғалымдары оны «Қазақтың Страдивариі» атаған. Қамар жасаған, Қытай басшысына сыйға тартылған сол қобыз қазір қайда екен?

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды