«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Скринингтен тегін өтіңіз

0 48

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына 2019 жылы жалпы профилактикалық тексерулер үшін 237 млн 342 мың теңге бөлінді.

Скрининг – шағын болса да ең қажетті деген тексерулерден тұратын зерттеулер кешені. Оның мақсаты – ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу болып табылады. Көпшіліктің тегін жасалатын осы тексерулерден өтпейтіні жасырын емес. Оның себебі – адамдар жаман хабар естуден қорқып дәрігерге қаралмайды. Дегенмен ауруды ерте анықтаған жағдайда оны емдеу де оңай болатынын ұмытпаған жөн.
Тегін скрининг түрлері:
– 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обыры қаупі жоғары топқа жатады. Сондықтан олар маммография­лық тексеруден тегін өтеді;
– 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны қатерлі ісігіне тегін тексеріледі;
– 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тоқ ішек пен тік ішек обырына тегін тексеріледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды