«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Шыңғыс хан» би тілінде бейнеленеді

0 10

Бас қалада «Шыңғыс хан» атты хореография­лық спектакль қойылады.

 Бұл туындыны «Наз» мемлекеттік би театрының өнерпаздары сахналамақ. Қазір оған қызу дайындық жүруде. Қойылымда жер жүзіне даңқы жайылған қолбасшының өмірге келген кезден бастап, қым-қуыт оқиғаларға толы балалық шағы, ержетіп, атқа мініп, ел билеген кезеңдері қамтылады. Сондай-ақ Бөртені қайтару үшін Шыңғыс ханның бауырларымен бірге меркіттерге қарсы жорығы би тілінде әсерлі бейнеленеді. Театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадиша Ағымбаеваның айтуынша, туынды тарихи деректерге сүйеніп жазылған. «Қойылымға Б.Шарав деген моңғол композиторының әуені алынды, хореограф та моңғолиялық Токсу Томурхуяг деген азамат. Киім үлгілерінің эскизін салуға да моңғол суретшісі көмектесті» дейді ол. Бұл хореографиялық қойылымға дайындық жұмыстары үш жыл бұрын басталған. Спектакльдің премьерасы 26 маусым күні елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды