«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шығармашылықтың шегі жоқ

0 14

Кеше оқушылар сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шекарасыз шығармашылық» атты фестиваль өтті.

Жыл сайын ұйымдас­тырылатын дәстүрлі байқау биыл Астананың 20 жылдығына арналды. Бұл жолы оған тек елордалық өнер иелері ғана емес, сонымен бірге Ақтөбеден келген шығармашыл жастар да қатыс­ты. Жалпы саны 40-тан аса үміткер музыка, би, ыммен ән айту және қолданбалы өнер салалары бойынша өз қабілеттерін ортаға салды.
– Музыка менің ұлым Дәуренді емдейді. Ол өз бетінше бірнеше музыкалық аспаптарда ойнауды үйренді. Әнді де тамаша айтады. Ауыр науқасына қарамастан, балам осы фестивальге қатысып, талантын жалпақ жұрт алдында паш етемін деп шешті, – дейді Гүлнәр Ахметова есімді келіншек.
Қазақстан студенттері альянсының президенті Ілияс Түстікбаевтың айтуынша, бұл іс-шара мүмкіндігі шектеулі жандардың шын мәнінде батыл әрі ерік-жігері мықты екенін танытады. Олардың бойындағы осындай оптимизм – өзге кісілерге үлгі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды