«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шұрық тесік жол қашан жөнделеді?

Фотоайғақ

0 19

Әсте көлік үзілмейтін бұл жердегі жолдың үсті шұрқ тесік. Аялдаған автомобильдердің өзі күндізгі уақытта тіптен иін тіресіп тұрады мұнда. Бос орын кемде-кем. Ал ондағы ойдым жол өткінші көліктерге жайсыздық тудыруда. Осы жерді бес саусағындай білетін жүргізушілер кедір-бұдырды айналып өтіп жатыр. Алайда анда-санда ғана ат ізін салатындар абайламаса, автокөлігінің астын соғып, техникасына әжептәуір залал келтіруі мүмкін.


Біз аялдап, суретке түсірген бірер минуттың өзінде бұл жерден әрі-бері 10-нан аса көлік өтті. Сапырылысқан көліктің кейбірі «оқыстан» оңай «сытылса», енді бірі жерді сүзіп өтіп жатты. Осындай көлік көп жиналатын орындағы жолдың шұңқырына тым болмаса жөнделгенге дейін уақытша тас төселсе, жөн болар еді. Тиісті мекеме бұл мәселеге не деп жауап береді екен?

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды