Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ШОЛУ ШЕҢБЕРІ АШЫЛАДЫ

АСТАНАЛЫҚТАР МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ  ҚҰС ҚАНАТЫНДАЙ БИІКТЕ САМҒАП, ЗЕҢГІР КӨКТЕН  ҚАЛА КӨРІНІСІН ТАМАШАЛАЙ АЛАТЫН БОЛАДЫ. АСТАНА КҮНІНДЕ АШЫЛАТЫН ЖАҢА НЫСАН – АЙНАЛМАЛЫ АТТРАКЦИОН «ШОЛУ ШЕҢБЕРІ» 22 ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ БИІКТІГІМЕН БІРДЕЙ 65 МЕТР БОЛАДЫ. АЛЫП АТТРАКЦИОН – ЕЛІМІЗДЕГІ ЕКІНШІ ШОЛУ АТТРАКЦИОНЫ. АЛМАТЫДАҒЫ ОСЫ ТЕКТЕС НЫСАННЫҢ  БИІКТІГІ 60 МЕТРДІ ҚҰРАЙДЫ.

Дүниежүзіндегі ең алғашқы шолу шығырын жасау идеясы Джордж Фэрриске тән. Ғажап шешім 1893 жылы жүзеге асырылып, Чикаго қаласында өтіп жатқан халықаралық көрмеге тарту етілген болатын. Содан бері ірі мегаполистер қала көрінісін алып аттракционда тамашалауды дәстүрге айналдырып келеді.
Астаналық жаңа «дөңгелектің» ауа баптағыш әрі жылыту қондырғысы орнатылған 36 кабинасы бар. Бұл аттракционды жыл он екі ай қолдануға мүмкіндік береді. Арқаның табиғат ерекшелігіне қарай, айналмалы аттракцион жел бағытына сай арнайы төрт бағанмен бекітілген. Бұл қыста 15 градустан аспайтын аязда және секундына 20 метр жылдамдықтан аспайтын желдеуіт күндерде де серуендеуге мүмкіндік береді.

Айгүл УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*