«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шетелдік бақылаушылар тіркелді

0 19

Еліміздегі сайлауды бақылауға шетелдік ұйымдардан 67 бақылаушы тіркелді. 3 маусымға дейін олардың саны өседі. Кеше бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Құзырлы мекеменің мүшесі Зәуреш Баймолдина еліміздің Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының құрамындағы 22 ұзақмерзімдік бақылаушыны тіркеуді ұсынғанын жеткізді.

Ол 6 мамырға дейін Орталық сайлау комиссиясы 45 бақылау­шыны тіркегенін мәлім етті. Соның ішінде: 7-еуі – ТМД бақылаушылар миссиясының, 22-сі – ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының, 12-сі – ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының, 4-еуі – Ислам ынтымақтастық ұйымы бақылаушылар миссиясының өкілдері.
12 мамыр күні сағат 18.00-де сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды. Ол 8 мау­сым күні сағат 00.00-ге де­йін жалғасады. 8 маусым – тыныштық күні. Бұл күні жасалған кез келген насихаттық жұмыс заңсыз деп танылады. Президент сайлауы 9 маусым күні сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Сайлау учаскелеріндегі дауыс­тарды санау дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін кемінде 12 сағат өткенше жүргізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды