ШЕБЕРЛЕРДЕН ТӘЛІМ АЛДЫ

Кеше Астана қалалық прокуратурасының «Жасөспірімдер қылмысының алдын алуды жаңғырту» жобасы аясында «Астана» футбол командасының ойыншылары жасөспірімдерге шеберлік сабағын өткізді.

«Астана Арена» стадионында өткен шара барысында кәсіпқой футболшылар жасөспірім өрендерге доп тебудің әдіс-тәсілдерін көрсетті.
– «Астана» президенттік клубы мен қалалық прокуратура жасөспірімдерді спортқа баулу жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі шеберлік сабаққа елордадағы №39 кешкі мектептің оқушылары тартылды. Өскін өрендердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру үшін осындай шараларды үнемі өткізу керек, – дейді Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Дана Мулакова.
«Астана» футбол клубының қорғаушылары Абзал Бейсебеков пен Евгений Постников жиналған оқушыларға өздерінің тілектерін айтты. Шара соңында жасөспірімдерге футболшылар арнайы сыйлықтарды табыс етті. Сол сияқты алдағы күндері «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» мен «Оқжетпес» командаларының ойынына балаларға ата-аналарымен бірге кіру үшін билеттер сыйға берілді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ

Сонымен қатар

ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЕҢ БІРІНШІЛЕРІ

Шымкент қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Он күнге созылған бәсекенің он салмақ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған