-->

Шаршы алаңда – қыздар

Астанада бокстан қыздар арасындағы қалалық біріншілік өтті. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған жарыста жүзге тарта жасөспірім бұрымдылар өнер көрсетті.

Шаршы алаңдағы жекпе-жектер қорытындысында қыздар арасындағы Астана қаласының құрамасы анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер енді республикалық біріншілікте бақтарын сынайтын болады.
Айтулы жарыста Астана қаласының №3 олимпиадалық резервті балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің боксшы қыздары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, ардагер жаттықтырушы Айсұлтан Жақыпбеков баптайтын алты боксшы қалалық біріншілікте топ жарды. Барлық қарсыластарынан басым түскен Ботагөз Қадырбекова, Бақнұр Жандарбек, Әйгерім Тоғабаева, Мөлдір Шайынғазина, Меруерт Ибрагимова, Сандуғаш Тубагулова өз салмақтары бойынша чемпион атанды. Сондай-ақ, Нұрсая Мақсұтова күміс жүлдегер атанды.

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*