«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шам жарықтарын «ақылды» жүйе жағады

0 30

Астана көшелерінің ерекше жобасы «Astana Innovations» АҚ компаниясы әзірледі. Жоба жарықдиодты шамдар орнату мен көшені жарықтандырудың «ақылды» жүйесіне көшу арқылы энергия үнемдеуді арттырып, оған жұмсалатын шығындарды азайтуды көздейді.

ef2afb5ced402edc26f04d2acfea6be4

Жоба аясында натрий шамдарды заманауи жарықдиодты шамдарға алмастыру жоспарланған. Қуаттылығын реттеуге болатын шамдардың жалпы саны 25 мыңнан кем болмайды.
Жоба авторлары көшелерді жарықтандыруға жұмсалатын электр энергиясын пайдалануды ша­мамен 50 пайызға азайтып, ақылды жүйенің көмегімен шамдарды қолдануға жұмсалатын қара­жатты қысқартады деп отыр.
Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру бағана­ларында «Заттар Интернеті (IoT)» «ақылды» сервисі енгізілмек. Бұл сервисті іске асыру өзге есептегіштерден мәліметтер жинау үшін бірыңғай сымсыз жүйе, ақпараттық кесте, авариялық көмек түймесі (SOS), фотобейнетіркеу, көлік құралдары ағынын мониторингтеу, қоршаған ортаны мониторингтеу және бақылау, Wi-Fi сынды сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік бе­реді және WLAN қолдануға, қоршаған ортаны бақылау және мониторинг жүргізуге, көліктер ағынын бақылауға арналған.
Осылайша, қаланы жарықтандыру мен қосымша сервистер бұл жобаны Smart Astana жалпықалалық жобасының негізгі бағыттарының бірі етері сөзсіз.
Жобаға 4 млрд теңге көлемінде инвесторлардың қаржысы тартылмақ. Астаналық коммуналдық шаруашылық басқармасы жеке әріптестерді тарту бойынша байқау жариялау үшін қажетті құжаттар әзірлеуде.
«Astana innovations» компаниясының маманда­рының айтуынша, жоба биыл іске қосылмақ. Байқау қорытындысы бойынша инвестормен мемлекеттік – жеке меншік әріптестік жөніндегі келісім-шартқа қол қойылмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды