«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шәкірттер латын қарпін үйреніп жүр

0 23

Елордадағы №67, 68, 40, 76 және 77 мектептерде биылғы оқу жылының басынан бері оқушылар қазақ тілі сабағында жаңа латын әліпбиін меңгеріп жүр.

№76 мектеп-лицей директорының орынбасары Ернұр Омархановтың айтуынша, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан екі мұғалім келіп, бірнеше апта бойы 11-сынып шәкірттеріне латын қарпін үйретіпті.
– Сонымен қатар, өз мұғалімдеріміз де арнайы мамандардың латын әліпбиі бойынша өткізген курстарын тыңдады. Негізінен, латын графикасын апробациялау 4, 9, 10 және 11-сыныптарда жүргізіледі, – дейді.
Қазіргі уақытта бұл лицейде шәкірт­тердің латын қарпін үйренуі үшін ашылған арнайы кабинет жұмыс істейді. Мұнымен қоса, кітапханада жаңа алфавитке қатысты стенділер ілінген. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері әр сабақ соңында балаларға латын қарпімен кішігірім диктант, ал жоғары сынып оқушыларына эссе жазғызады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды