«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Сергек» септігін тигізді

0 54

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев, Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев және бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен ахуалдық орталыққа барып, «Сергек» жобасын іске асыру барысымен танысты.

Асқар Жұмағалиевқа «Сергек» фото-бейне тіркеу жүйесінің барлық мүмкіндігін «Qamqor» айыппұл төлеу жүйесі мен әкім­шілік құқық бұзушылықтың бірегей тіркеуін көрсетіп шықты.
Әсет Исекешев «Сергек» камерасын орнату және «нөлдік төзімділік» қағидасын іске асыру жоспары бойынша орта есеппен алғанда қылмысты 30 пайызға, ал жол-көлік оқиғаларын 18 пайызға төмендеткенін айта кетті.
Жиын барысында вице-премьер ІІМ-ге Бас прокуратура мен ІІМ ақпараттық жүйесін біріктіру рәсімін жеделдетуді тапсырды.
Бүгінде камера орнатудың бірінші кезеңі аяқталды. Қалада 6365 камера біріктіріліп, орнатылды. Бүкіл қаланы «Сергек» камерасымен қамту 2018 жылдың
1 маусымына дейін аяқталмақ.
Әрі қарай делегация «Astana LRT» кеңсесінің жұмысымен танысты. Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов қаладағы интеллектуалды транспорт жүйесін яғни бағдарламалық-
аппараттық кешенді көрсетіп шықты. Ол бағдаршамдар мен бейнебақылау жүйесін орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Мамандар ITS жобасы шеңберінде аялдамаларға авто­бустың келу уақыты туралы хабар беретін құрылғы орнатылғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол таблоға қажеттілік туындаған жағдайда қосымша ақпараттарды орналас­тыруға болады.
Диспетчер орталығына келген қонақтар тәулік бойы жедел режимде жүргізіліп жатқан орталықтандырылған басқарманың тасымалдау процесімен де таныс­ты. Арнайы экранда қаланың картасы және қозғалыс кестесін бақылайтын индикаторлы барлық автобустың жағдайы көрсетілген. Қызыл – бұл озып кету, сары – қалып қалу, жасыл – кес­тені байқау. Аталмыш картаға үзіліс болған кезде, схема өзгергенде және төтенше оқиға барысында автобустардың жағдайы өзгергені көрсетіледі.
Асқар Жұмағалиев барлық функциялар тұрғындардың қалада өмір сүруін қолайлы етіп,
әрі айтарлықтай жақсарта тү­сетінін айтты.
– Біз бүгін жобаның дайын екенін, дұрыс жұмыс жасап жат­қанын көрдік. Әкімдік тұр­ғын­дардан түскен шағымдар мен өтініштерге жедел жауап беріп, нәтиже шығаруда. Бізге енді тағы бір маңызды жұмысты қолға алу қалды. Ол – барлық ақпарат қолжетімді болатын мобильді қосымшаны соңына дейін аяқтау. Өйткені енгізілген технология біз бен сіздің қауіпсіздігіміз бен жайлылығымызды қамтамасыз етеді. Демек астаналықтар үшін бәрі қолжетімді болуы керек, – деді вице-премьер.
Нысандарды аралап шыққаннан кейін жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды