«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сел мен нөсер суынан тазартады

0 88

Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен табиғи сел мен нөсердің суынан қорғану үшін «Астана қаласындағы нөсерлік кәріздерінің жүйесін дамыту» жобасын сәтті түрде жүзеге асыруда. Кеше елорда әкімі Әсет Исекешев Есіл өзенінің сол жағалауында салынып біткен нөсер суынан тазартатын ғимаратты барып көрді.

Жоба Астанадағы нө­серлік кәріз жүйесін дамыту барысында қаланың ішкі ортасын жақ­сартып, жолдардың жа­бындысын, ғимараттар мен құрылыстардың негізі мен іргетасының сақталуын қамтамасыз етеді. Тазалайтын ғимараттың қуаты тәулігіне – 19 590 кубометр.
Ауа райының кейбір қолайсыз күндерінде шелектеп жауған нөсердің суы қалалықтар мен жергілікті билікті біраз әбігерге салған болатын. Себебі жауын-шашыннан артылған тасқын суды кәріз жүйесі реттеуге шамасы жетпеді әрі оған орын да қарастырылмаған болатын. Мемлекет басшысы көлкіген жауын суының мәселесін шешуді тапсырған болатын.
Осыған байланысты, қала әкімдігі тұрып қал­ған суды тазарту және су тарту бойынша кешен­ді бағдарлама жасап шық­ты. Бағдарламада инновациялық технология мен техникалық шешімдермен бірге, ең үздік әлемдік тәжірибелер де ескерілді.
2017 жылдың соңына дейін тазартатын ғи­марат кешені пайдала­нуға беріліп, Тұран даңғылынан Сығанақ кө­ше­сінің қиылысына де­йін және Есілден Кіші Талдыкөл өзеніне дейін су айдайтын коллектор іске қосылады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды