Четверг, 29 Июнь 2017
-->

САЗБАЛШЫҚТАН СОМДАЛҒАН СҰЛБАЛАР

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында император Цинь Шихуандидің «Терракота әскері» көрмесі ашылды.

????????????????????????????????????

1974 жылы қазба жұмыс­тары кезінде табылған «Терракота әскері» деп аталатын сазбалшықтан сомдалған әскерилер сұлбалары ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралары тізіміне енген. Мәдени ескерткіш Сиань қаласындағы Цинь Шихуанди императоры кесенесі жанындағы 8099 қытай жауынгерінің және аттарының өлшемі сақталған мүсіндерінің жиынтығы өнер туындысы болып табылады.

terrakotovaya-armiya-imperatora-tsin-shihuandi-1024x768
Қытайдың бірінші императоры Цинь Шихуанди – қытай тарихындағы біртұтас көпұлтты орталықтандырылған династия Цинь династиясын, одан кейінгі Хань династиясының негізін қалаған император. Дәл осы Хань династиясы кезінде Ұлы Жібек жолы пайда болды. Сол жолдың заңды жалғасы ретінде Қытайдан келген аса құнды елуге жуық жәдігерлерді астаналықтар 10 қыркүйекке дейін тамашалай алады.

1429619507_terrakotovaya_armiya-jpg-2

Айгүл УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*