«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Саяхаттаймын деп ауру жұқтырып алмаңыз!

0 12

Жан рақатын сезініп, көңіл көтеріп, жақсы дем алып сергіп қайтудың тамаша тәсілі саяхат екенінде талас жоқ. Алайда саяхаттаймын деп сырын білмейтін жат елге барып сырқаттанып қалған немесе жұқпалы ауру таралып жатқан елдерден таралғыш дерт жұқтырып алған туристер де кездеседі. Сондықтан шетелге саяхат жасаудың алдында баса назар аударатын түйіндердің бірі – баратын еліңізде жұқпалы ауру таралған-таралмағанын анықтап алу.

Атап айтқанда, сапарға шығардан бұрын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайттарына кіріп, қай елдерде қандай аурулар тарап жатқанын білгеніңіз абзал. Әсіресе, Эбола сияқты жұқпалы ауру таралып жатқан елдерге барудың қажеті шамалы.
Жақында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин қазақстандық туристерге қай елдерге бару қауіпті екендігін айтып, ескерту жасаған еді. «Қазір Мадагаскар мемлекетінде оба қатты таралып жатыр. Конго демократия­лық мемлекетінде де Эбола, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сары қызба сияқты аурулар көп таралған. Батыс Африканың өзге де елдеріне барудан сақтану қажет. Бразилияда да эбола, сары қызба індеттері тіркеліп жатыр. Әсіресе, сары қыз­ба жұқтыру қаупі жоғары» деді Жандарбек Бешкин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Түрлі инфекция жұқтырудан сақтану үшін жеген тамақ пен ішетін ауызсуға да баса мән берген жақсы. Көшеде, базарларда көтерме саудагерлерден тамақ сатып алмау қажет. Ең дұрысы, танымал дәмханалардан, қонақүй қызметкерлері ұсынған жерлерден тамақтанған абзал. Экзотикалық тағамдар алудан сақтанған жөн. Әсіресе, балық және теңіз тағамдарын абайлап тұтыну қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды