САУДАГЕРЛЕР ТАРАЗЫДАН «ЖЕЙ» МЕ?

Күнделікті тұтынатын шай, қант, жарма секілді тауарларды сатып алғанда салмағына мән бермейтініміз жасырын емес. Алайда тұтынушылардың мүддесін қорғайтын мамандар қаламыздағы «Астықжан» сауда үйіндегі кейбір тауарларға тексеріс жүргізгенде, салмағы сырт­қы қаптамасына сәйкес келмейтін өнімдер анықталған.

Сату және импорттау кезінде кез келген өнімнің сыртқы орамында тауар туралы ақпарат беріледі. «Сатып алу және сынау» бюджеттік бағдарламасы аясында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мамандары «Астықжан» сауда орталығындағы өнімнің 13 түріне тексеру жүргізді.
– «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң талаптарының сақталуын және қаптамадағы дайын өнімнің таза салмағын өлшеу мақсатында 13 өнім алынды. Нақты айтқанда, «Ақ ман» кения шайы, «Добрая» піс­тесі, «Белоснежка» вафлиі, «Сластена» жүгері таяқшалары, «Ушас­тый нянь» ұнтағы, «Облепиховое» сабыны, «Болжау» қытырлағы, «Хит» жүгері таңғы асы, «Bayce» шайы, «Пау­тина» макароны және тағы басқалар. Өнімнің таза салмағын өлшеу кезінде
кейбір сәйкессіздіктер анық­талды, – дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бо­йынша департаментінің бөлім басшысы Ақмарал Қабылова. Оның айтуынша, Петропавл қаласынан шыққан «Добрая» пістесі, «Рахат» компаниясының «Бело­снежка» вафлиі және ресей­лік өнім «Облепиховое» сабыны талаптарға сай болмай шыққан. Тексе­ріс қорытындысы бойынша аталмыш өнімдерді айналымнан алып тастау және бұзылған метро­логиялық нормалар мен қағидаларды жою туралы нұсқаулықтар берілген. Қазіргі таңда бұзушылықтар жойылып, 453800 теңге көле­мінде айыппұл төленді.

Гүлмира Аймағанбет

Сонымен қатар

САРЫАРҚА АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Ауданда әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда деңгейі ауқымды жұмыс жүзеге асырылды. Түрлі мемлекеттік реформалар мен бағдарламалар …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған