«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Салық мөлшерлемесін төмендету ұсынылды

0 13

Қалалық мәслихатқа Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасынан белгіленген салық мөлшерлемесін төмендетуге қатысты өтініш келіп түскен. Бұл өтініш мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қаралды.

Аталмыш мәселе бойынша қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бекмырзаев баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі белгіленген салық мөлшерлемесін қалалық мәслихат 2009 жылы бекіткен. Арадағы он жылда айлық есептік көрсеткіш өссе де, ол өзгеріссіз қалды. Бизнесмендер қазір салық мөлшерлемесін жоғары санап отыр.
«Салық мөлшерлемесінің төмендеуі кәсіпкерлердің қар­жылық жүктемесін азайтуға септігін тигізіп, біз мультипликативтік эффект әсерін аламыз деп ойлаймыз. Бұл бизнесті бас­тауға қосымша жағдайларды тудырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді және басқа салық түрлерінің бюджетке түсімін арттырады» деді баяндамашы.
Мәселе талқыланған соң қалалық мәслихаттың сессиясына шығарылатын болып шешілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды